16-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Аудан
Сабақтың мақсаттары: Білімділік Аудан, фигуралардың аудандарын салыстыру туралы ұғым бере отырып, оқушының дұрыс көбейту, өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Салыстыру, қатар қою, қортынды жасай білу біліктілігін дамыту
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, дербестікке, білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: іздену- ойлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дәлелдеу.
Көрнекілігі: ережелер, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1.Ұзындығы 5 см, ені 4 см тік төртбұрыш сыз. Оның ауданын тап.
2. Тік төртбұрыштың ауданы 20 см 2, ал ұзындығы 5 см. Оның периметрін тап.
3. Боялған фигураның ауданын тап.
5 см
2 см
9 см
6 см
4. Кез келген фигура сыз. Палетканы пайдаланып оның ауданын тап. Қалай тапқаныңды түсіндір.
Қорыту
17-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік, үлестірімділік қасиеті
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Көбейтудің қасиеттерін қолдану, есеп шығаруға пайдалана білуін жетілдіру, Дамытушылық: кестелік жағдайларды ұғыну, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: байқағыштыққа және жадында сақтай білуге баулу.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
1.Көбейтудің терімділік қасиетін пайдаланып есепте.
4 х (2 х 3) (5 х 4) х 2
(5 х 3) х 2 (4 х 3) х 2
2. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып есепте.
( 8+4) х 6 (7+2) х3
(4+8) х 2 ( 5+3) х5
3. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.
Ержан 2 литрлік үш ыдысқа және 5 литрлік үш ыдысқа құйылған алма шырынын сатып алды. Ержан барлығы неше литр шырын сатып алды.
4. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.
Айнаш литрі 90 теңгеден алдымен 2л, сонан кейін 3л сүт сатып алды. Айнаш барлығы неше теңге төледі?
5. Әжей литрі 100 теңгеден алдымен 5л, сонана кейін 3л сұйық май сатып алды. Әжей барлығы неше теңге төледі?
Қорыту
Достарыңызбен бөлісу: |