Ылым министрлігі



бет25/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

6.2.3 Қорытынды кезең


Практика бойынша есепті дайындау және рәсімдеу. Қорғауға дайындық және диплом алды практиканің есебін қорғау.
Диплом алды практиканің сонында студент практика бойынша есепті дайындауы және рәсімдеуі керек.
Диплом алды практикані өтудің негізгі құжаты болып күнделік табылады, күнделікте практикада студенттің атқарған жұмыстары бейнеленеді:

  • диплом алды практика бойынша берілген тапсырманы орындау және диплом жұмысын жазу материалын жинақтау;

  • диплом алды практикані орындаудын календарлық жоспарының толықтығы және орындау деңгейлігі;

  • студенттің орындалған практикалық жұмысының мазмұнын және құрамын талдау, оның құрылымын, көлемін, орындау уақытын және практикадағы жетекшінің бағасын көрсету;

  • диплом алды практика кезеңіндегі студенттін жасаған жұмысына берілген қысқаша сипаттама және бағасы.

Диплом алды практикані өту барысында студент күнделіктен бөлек диплом алды іс – практиканің есебін толтырады. практика соңында студент-машықкер іс-практика нәтижелері бойынша жазбаша есеп құрады. Есепте орындалған жұмыстар туралы, іс-практика базасының қысқаша сипаттамасы, оның мамандық бойынша қызметін талдау, шешімдер мен нұсқаулар. Есеп жекелеме түрде және кафедра талаптарына сай толтырылған болуы тиіс.
Диплом алды практика аяқталған соң білім алушы-машықкер практика нәтижесі бойынша есеп жасайды. Есеп беру осы кезеңдегі білім алушының қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.
Диплом алды практиканің есебінде келесі бөлімдер болуы қажет:

  • титулды бет;

  • алғашқы бет;

  • диплом жұмысының тақырыбы бойынша қаралған және өнделген әдебиеттер көзі;

  • кәсіпорын қызметінің қысқаша ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы;

  • диплом жұмысының зерттеу тақырыбына сәйкес кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау;

  • зерттеу көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

  • ұйымның экономикалық талдау қызметін немесе есептің негізгі бөлімін жазудың ақпараттық базасы болып табылатын қосымша материалдар.

Диплом алды практика аяқталғаннан кейін студент бір жұманың ішінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасына тапсыру керек:

  • диплом алды практиканің күнделігін( бөлімдері толтырылған, екі жақтын жетекшілерінің қолымен);

  • диплом алды практиканің есебін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет