Ылым министрлігі



бет1/2
Дата22.05.2024
өлшемі32.79 Kb.
#501723
түріРеферат
  1   2
СРО


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТ» КеАҚ


Реферат


Тақырыбы: Информатика бойынша сабақтың негізгі типтеріне сипаттамасы. Информатика бойынша сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.


Орындағвн: Қалиақпарова Арайлым Дулатқызы
Факультет: Жаратылыстану-математика факультеті
Мамандық: 6B01502 - Математика-Информатика
Курс: 3
Топ: МИ-101
Тексерген: Тлеубаева А.Б.
2024 жыл
Жоспар:

  1. Кіріспе

  1. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі

  1. Негізгі бөлім

  1. Информатика бойынша сабақтың негізгі типтері

  2. Информатика бойынша сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері

  1. Қорытынды

  1. Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау. 

  1. Пайдаланылған мәліметтер


I. Кіріспе
1. “Информатика” термині (бірінші азат жолда қолданылғандай мағынада) əдебиеттерде кейінгi кезде ғана пайдаланылуда, оның үстіне оның түсіндірмесін əлі күнге дейін қалыптасып, қабылданған деуге болмайды. “Информатика” ұғымының (сол сияқты одан туындаған ұғымдар) өз мəніне байланысты терминологиялық жəне ұғымдық қиыншылықтар əлі күнге дейін шешілген жоқ. Электрондық есептеуіш машиналардың пайда болған уақытынан басталатын мəселе тарихына көшейік.
Информатика ғылым ретінде өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып, қалыптаса бастады. Информатиканың зерттеу саласы – ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттері, сонымен қатар ақпаратты іздеу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, тарату мен адам қызметінің алуан түрлі салаларына пайдалану үдерістеріне байланыстымəселелер. Ақпараттың ауқымдыкөлемі мен ағымдарын өңдеу автоматтандырусыз жəне коммуникация жүйелерінсіз мүмкін емес, сондықтан да электрондық есептеу машиналары мен заманауи ақпараттықжəне коммуникациялық технологиялар информатиканың iргелi ядросы да, материалдық базасы да болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кибернетика əр түрлі – жасанды, биологиялық, əлеуметтік табиғатты жүйелердегі басқару мен байланыс туралыжалпы ғылым ретінде қарқындыдами бастады.
Кибернетиканың пайда болуын, əдетте, 1948 жылы америка математигі Норберт Винердің «Кибернетика немесе жануарлар мен машинадағы байланыс пен басқару» кітабының шығуымен байланыстырады. Осы жұмыста басқарудың жалпы теориясын жасаудың жолдары көрсетіліп, əр түрлі жүйелер үшiн басқару жəне байланыс проблемаларын бір тұрғыдан қарастыру əдістерінiң негiзi қаланған. Кибернетика электрондық есептеу машиналарының өрлеуімен бірге дами отырып, уақыт өте ақпаратты түрлендiру туралыжалпығылымға айналды. Кибернетикада ақпарат деп қандайда бiр жүйенiң қоршаған ортадан қабылданатын (Х кiру ақпараты), қоршаған ортаға берілетiн (Y шығу ақпараты), сонымен қатар өзiнде сақталатын (Z ішкі жүйелiк ақпарат) сигналдардың, əсерлердiң немесе мəліметтердің кез келген жиынтығы түсініледі (1-сурет).

II. Негізгі бөлім
2. Информатика нақты ақпараттық үдерістердің (технологиялардың) барлық көптеген түрлеріне тəн ортақ мəселелердi зерттейдi. Осы ақпараттық үдерістер мен технологиялар информатиканың объектісi болып табылады.
Информатиканың əдістемесінде берілген анықтамадағы информатиканы ғылым ретінде оқытуда бұл ғылыми саланың дайын күйде бар екендігін білдірмейтіндігі байқалады. Информатиканы оқыту теориясы мен əдістемесі бүгінгі таңда қарқынды даму үстінде. Мектеп информатикасының енгеніне бірнеше ондаған жылдар болса да, көптеген мəселелер жаңа педагогикалық ғылымда жақында ғана пайда болып, терең теориялық негізге ие болып, ұзақ тəжірибелік тексеруден өтіп үлгермеуде. Оқытудың ортақ мақсаттарына сай информатиканы оқыту əдістемесінің алдында мына негізгі міндеттер тұр: информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын, сонымен бірге сəйкес жалпы білім беретін пəннің мазмұны мен орнын орта мектептің оқу жоспарына сəйкес анықтап, мектепке, пəн мұғаліміне мақсатқа жетуге бағытталған ұтымды əдістер мен оқытудың ұйымдастыру формаларынжасап, ұсыну; информатиканыоқыту құралдарының бар жиынтығын (оқу құралдары, программалық құралдар, техникалық 52 құралдар жəне т.б.) қарастырып, мұғалім жұмысы тəжірибесінде оларды қолдану бойынша əдістемелік ұсыныстар жасау. Басқа сөзбен айтсақ, информатиканы оқыту əдістемесінің алдында басқа мектеп пəндерінің əдістемесі сияқты, дəстүрлі негізгі үш сұрақ тұрады: – информатиканы не үшін оқытамыз? – ненi оқытамыз? – информатиканы қалай оқытамыз? Информатиканы оқыту əдістемесі – жаңа ғылым, бірақ ол құр жерден қалыптасып жатқан жоқ. Жалпы кибернетикалық білім берудің мақсаты мен мазмұнын алдыңғы қатарлы, iргелi дидактикалық зерттеулер, информатика пəнін енгізгенге дейін отандық мектептерде жинақталған оқушыларды кибернетика элементтеріне оқытудағы практикалық тəжірибелер, алгоритмдеу, программалау, логика элементтері, есептеуіш жəне дискретті математика, информатиканы оқытудағы жалпы білім беретін негізгі мəселелерді қайта өңдеу жалпы жарты ғасырлық тарихты қамтиды. Информатика əдістемесі педагогикалық ғылымның iргелi бөлімі ретінде өз дамуында философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға, сонымен бірге орта мектептің кең көлемді практикалық тəжірибесіне сүйенеді. Информатиканы оқыту əдістемесіне біріктірілген əдістемелікпедагогикалық білім мен тəжірибелердің барлық жиынтықтарынан, “Информатика” мамандығына мұғалімдерді дайындайтын білім беру бағдарламасына енетін жоғары кəсiптiк білім берудің Мемлекеттік стандартына сай «Информатиканы оқыту теориясы мен əдістемесі» оқу пəні ерекше орынға ие болады [25]. «Информатиканы оқыту əдістемесі» оқу курсы ең алғаш педагогикалық жоғары оқу орындардың оқу жоспарына 1985 жылы физика-математика факультеттерінің құрамында «Информатика» қосымша мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыруға байланысты енгізілді [26]. Сонан соң осы курс бойынша оқу құралы пайда болды [27]. 1993 жылы бірінші рет негізгі мамандығы «Информатика» мұғалімі болатын талапкерлер қабылданды (Омбы пед. университеті [28]). 1995 жылдан бастап “Информатика” мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім берудің Мемлекеттік стандарты іске асырылуда. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында да информатикадан «негізгі» мұғалімдерді дайындау кең дами 53 бастады. Бұған қарамастан, болашақ информатика мұғалімдерінің ұзақ мерзім ішіндегі əдістемелік дайындығының мазмұны – оның кəсiптiк дайындығындағы əлсіз бөлігі [29] екендігі байқалып, дұрыс сынға алынды. Ұзақ уақытқа дейін кафедралар мен студенттерге негізінен мерзімді басылымдарды пайдалануға тура келгеніне қарамастан, қазіргі кезде информатиканы оқыту əдістемесі бойынша оқулықтар біртіндеп шыға бастады. Болашақ информатика мұғалімдерінің əдістемелік дайындығына ресми бағдар ретінде сол кезде ұсынылған оқу бағдарламаларын жатқызуға болады [30]. Бұл оқу пəнінің мазмұны информатиканы оқыту əдістемесінің жалпы теориялық негізін, негізгі программалық-техникалық құралдардың жиынтығын, сонымен қатар, мектеп информатика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренудің əдіс-тəсілдерін қарастырады.
3. Информатиканың мектептік курсын таңдауда аталған принциптерді қолдана отырып, əдетте диалектикалық қарамақайшылықта болатын негізгі факторлардың екі тобына тоқталайық:
1. Ғылымилығы жəне практикалығы. Информатика пəнінің мазмұныинформатика ғылымынан бастау алу керек (яғни, ғылымның қазіргі күйіне қарсы келмейтіндей жəне əдістемелігі жағынан біртұтас болуы керек). Пəнді оқыту нəтижесінде келешекте əртүрлі салаларда кəсіби қызмет атқара алатындай деңгейде оқушыларды іргелі біліммен қамтамасыз ету керек (практикалылығы).
2. Жалпыға бiрдейлiгi жəне жалпы білім беретіндігі. Оқу пəнінде қамтылған материалдар оқушылардың көпшілігі меңгере алатындай болуы, олардың ақыл-ойының даму деңгейіне жəне біліміне, біліктілігіне, дағдыларына сай келетіндей болуы тиіс. Сонымен бiрге информатика курсы информатика ғылымының тиісті бөлімдерінен, мейлiнше жалпы маңызды, жалпы мəдениетті, жалпы білім беретін мəліметтерді қамтуы керек.
Қарапайым тілмен айтқанда, информатиканың мектептік курсы, бір жағынан қазіргі заманғы ғылым мен практика талаптарына сай болуы, екінші жағынан, қарапайым жəне оқуға оңтайлы болуы тиіс. Осындай екі топтағы талаптарды біріктіру əдістемелік мəселе жағынан оңай емес.
Информатикалық білім беру мазмұнын Кеңес мектептерінде қалыптастыру күрделі де, қарама-қайшылыққа толы үдеріс жəне ол кезең өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл жерде оқушылардың ақпараттық бiлiмiнiң мазмұны мəселесіне арналған теориялық жаңалықтар, осы саладағы жекелеген тəжiрибелiк жетiстiктер өте əлсiз, жай дамыды, сондықтан практик мұғалiмнiң бұл салада қажеттi əдiстемемен қарулануы баяу түрде жүргiзiлдi. Информатика жəне есептеуіш техника негіздері курсын орта мектепке енгiзу кезеңiнен бастайық.
Жалпы білім беру мектептерінде қазіргі АКТ экспансиясына алып келетін білім беруді ақпараттандыру оқушылар мен мұғалімдердің қызмет түрлері мен əдістерін өзгертеді. Алайда, мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын меңгеру деңгейлері əртүрлі болады.
Неғұрлым АКТ-ні жақсы меңгеретін мектептегі педагогикалық ұжымның бөлігі, яғни өз кəсібіне байланысты информатиканың əдістері мен тəсілдерін оқып, қолдана алатындар – бұл информатика мұғалімдері.
Практика көрсететіндей, мектептегі білім жүйесіне жаңа дидактикалық идеяларын енгізілуімен қатар, АКТ-ні енгізу үдерісі жаңа, тіпті күтпеген идеяларды тудыруға мүмкіндік жасайды, сондай идеялар бекітілген оқыту үдерісінің формалары мен əдістеріне əсер етеді. Сондай-ақ АКТ тəсілдерін оқу-тəрбие үдерісіне енгізілуі дидактикалық принциптерге негізделуі керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет