Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының проф м. а., з.ғ. к. Бисенова М.Қ Қылмыстық құқықтағы кінәнің мазмұны



Дата10.06.2016
өлшемі47 Kb.
#126445
Қылмыстық құқық және криминология

кафедрасының проф.м.а.,

з.ғ.к. Бисенова М.Қ


Қылмыстық құқықтағы кінәнің мазмұны.
Мән – бұл заттардың ортақ белгілеуіш негізі, заттардың шығу тегін, сипатын және даму бағытын белгілейтін неғұрлым терең, тұрақты қасиеттері мен қатынастарының жиынтығы. Мазмұн мен нысан категориясымен салыстырғанда, мән категориясы тақырыпты неғұрлым терең тануды білдіреді. Кінәнің мәні, басқа да заң институттары мен ұғымдары сияқты, әлеуметтік саяси сипатқа ие және сол институттар мен ұғымдардың әлеуметтік мақсатымен, оның қоғамдық өмірдегі рөлімен тығыз байланыста болады.

Кінәнің мәні жөніндегі мәселе бойынша әдебиеттерде түрлі пікірлер айтылып келді. Кінәні оның нысандарын кезекпен айтып шығу арқылы анықтау, өзінің тәжірибелік мәніне қарамастан, кінә мәнін ашпайтындығы айдан анық. «... Егер әйгілену нысаны мен заттардың мәні тікелей сәйкестенетін болса, қандай да ғылым атаулы артық болар еді». Сол себепті, кінәнің ғылыми зерттелуі оның әлеуметтік-саяси мәнін айқындауды болжайды.

Кінә мәнін субъектінің кінәлі болуы барысындағы психикалық қатынасының мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау көрсетілмейтін сипатына меңзеу арқылы анықтау айтарлықтай кеңінен таралған. Әрине, әрекетте тұлға кінәсінің болуымен әрекеттті және оны жасаған тұлғаны кінәлау, айыптау байланысты болады. Дегенмен, кінәлау айыптау кезеңі екінші сатыдағы кезең болып табылады, бұл кінәнің әлеуметтік-саяси мәнінің салдары. Кінәнің мәні жөніндегі мәселе – бұл мемлекет пен қоғамның теріс бағасын тудыратын нәрсе жөніндегі мәселе. Сондай-ақ, психикалық қатынастың тек өзі ғана емес, бүкіл әрекет толықтай алғанда, мемлекет тарапынан теріс бағалануға лайық болады. Әрекеттен бөлек алынған психикалық қатынас тері құқықтық бағалануға жатады.

Әдебиеттерде, сондай-ақ, кінәнің әлеуметтік-саяси мәні қылмыстың қоғамға қауіпті әрекет ретіндегі материалдық мазмұнымен анықталады. Қылмыстың мәнін ұғынбай, оның субъективті жағы - кінәнің мәні де ұғыныла алмайтындығы күмән тудырмайды. Қоғамдық қауіп ұғымы сол мәнді ашу үшін өте маңызды болып табылады. Дегенмен, біздің ойымызша, қылмыстың мәні мен кінәнің мәнін теңестіруге болмайды. Қылмыстың мәні (қоғамдық қауіп), ең алдымен, оның объективті белгілерімен анықталады, сол себепті, кінәсіз әрекеттер де қоғам үшін қауіпті бола алады. Кінәнің мәнін кінәлі әрекет етуші субъектінің психикалық ерекшеліктерінде іздеу қажет.

Кінәні зерттеу барысында, оның мәніне тереңірек үңіліп, бірінші қатардағы мәннен екінші қатардағы мәнге және т.б. қарай қозғалу керек.

Сол себепті, ең алдымен, жасырын ниет пен абайсыздық мәні, яғни осы кінә нысандарының әрқайсысында қамтылатын және олардың арасын күрт ажырататын жалпы әрі анықтаушы нәрсе жөнінде мәселе қозғау қажет болып көрінеді. Әдебиеттерде кейде жасырын ниет пен абайсыздық арасындағы, негізінен, жанама жасырын ниет пен қылмыстық менменсу арасындағы шекара жойылатындықтан, бұл одан да бетер қажет болады.

Жасырын ниет пен абайсыздықты және олардың арасындағы ерекшелікті сипаттайтын сәт ретінде субъектінің қылмыстың қомақты белгісіне – оның қоғамдық қаупіне қатынасы болып табылады. Жасалатын әрекеттің қоғам үшін қауіптілігіне қатысты қылмыскер тұлғасының қоғамдық қауіптілігі көрініс табады.

Жасырын ниет барысында қоғамдық қауіпке деген қатынас заңда белгіленген және тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғам үшін қауіпті сипатын ұғынуда қамтылады. Жасырын ниеттің мәні де осында қамтылған. Субъект өз әрекетінің қоғам үшін қауіпті сипатын, оның қоғамның белгілі бір мүдделеріне зиян келтіретіндігіне қарамастын, оны жүзеге асырады. Субъект тікелей немесе жанама түрде өз еркін қоғам мүдделеріне қарсы қояды.

Бұл абайсыздық барысындағы қатынас тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғам үшін қауіпті сипатын нақты ұғынуы болмаған кезде, оны ұғыну міндеті мен мүмкіндігінде көрініс табады. Абайсыздықтың мәні де осында қамтылған. Субъект әрекетті жасаған кезде, оның мүмкін салдары жөнінде мүлдем ойланбайды немесе өзінің ойынша, бұл салдар алдын алуы тиіс болған жағдайларды дұрыс бағаламайды, соның әсерінен әрекетінің қоғам үшін қауіптілігі сипатын ұғынбайды. Субъектінің еркі қоғам мүдделеріне тікелей қарсы бағытталмайды, бірақ субъект бұл мүдделерге ынтасыз, жеткілікті дәрежеде ұқыпты емес қатынас танытады. Тек абайсыздық мәнін, көрсетіп кеткендей, ұғыну – біздің ойымызша формалды құрамдардағы жасырын ниет пен абайсыздық арасын шектеуге мүмкіндік береді, онда салдарына деген психикалық қатынас мүлдем болмайды немесе кінә нысанына әсер етпейді.

Кінәнің мәнін ашудағы келесі қадам оның әлеуметтік – саяси мәнін толық нысандарына тәуелсіз түрде түсіндіру болып табылады. Бұл біріншіден, психикалық қатынас ұғымының өзін және екіншіден, кінәні құрайтын психикалық қатынастың ерекшеліктерін талдауды талап етеді.

Психикалық қатынас ұғымын қарастыру барысында, біз оның тұлғаны объективті болмыспен, қоршаған әлеммен байланыстыратынын; оның әр кезде нақты әлеуметтік мазмұнмен толықтырылатындығын көрсеткен болатынбыз, себебі ол әлеуметтік ортаға, асқа адамдарға деген қатынастың көрінісі болып табылады; бұл жерде қоғамдық орта, қоғамдық қатынастар тұлғаның ойлары мен сезімдеріне бейтарап күйде емес, оң немесе теріс жағынан бейнеленеді; бұл қатынастың сипаты тұлғаның әлеуметтік позициялармен анықталады.

Қылмыс жасап, яғни, кінәлі түрде қоғам үшін қауіпті әрекетті жүзеге асыра келе, тұлға тек өз әрекетіне және олардың салдарына ғана емес (бұл әрине қажетті кезең, дегенмен формалды беткейлік болып табылады), сондай-ақ, қоршаған әлемге, қоғам мен оның мүдделеріне, қоғамның басқа мүшелеріне де қатынас жасайды. Ал бұл кінәнің мәніне қатысты, маңызды кезең болып табылады. Бұл жерде «Жасырын ниет пен абайсыздықты, қылмытық менменділік пен немқұрайлылықты тұтас кінә ұғымына біріктіретін ортақ нәрсе – тұлғаның жасаған әрекетімен бұзылатын немесе қауіп төндірілетін қоғамдық қатынастарға деген психикалық қатынасы» деп көрсеткен П.Бояджиевпен келісуге тура келеді.

Бұл қатынасты кінә нысандарының анықтамаларынан ашуға болады. Мәселен, әрекеттің қоғамға қауіпті сипатын ұғыну оның әлеуметтік мәнін, оның қылмыстық құқығы қорғайтын қоғамдық қатынастар үшін зияндылығын ұғынуды білдіреді. Қоғам үшін қауіпті салдары алдан ала болжау қоғамдық қатынастарда әрекетпен жүзеге асырылатын қоғам үшін қауіпті өзгерістерді ұғынуды білдіреді. Сараптама жүргізген кезде келтірілетін зиянды салдарды алдын ала болжау болмаған жағдайда ( алдын ала болжау мүмкіндігі болған жағдайда) «психикалық нөл» емес, тұлғаның мүмкіндігі бола тұра, көре алмаған қоғам мүдделеріне жеткіліксіз ұқыпты қарау жасырынған болады.

Сол себепті, кінә өз мәніне қарай, субъектінің оны қоршаған әлеуметтік болмысына: қоғамдық қатынастарға, қоғам мүдделеріне, оның құқықтық талаптарына, қоғамның басқа мүшелеріне деген психикалық қатынасы болып табылады. Субъектінің бұл қатынасы кері болып табылады: өзінде қоғамға қарсы көзқарастардың болуынан (әлеуметке қарсы мақсат тұту) немесе нақты қоғамдық – оң көзқарастардың болмауы (бейәлеуметтік мақсат тұту) салдарынан, субъект өз еркін саналы түрде қоғамдық мүдделерге қарсы қояды, немес оларға немқұрайлы, ықтиярсыз қатынас танытады. Сондықтан, кеңес қылмыстық құқығында кінәнің әлеуметтік – саяси мәнін субъектінің өзі жасаған қоғам үшін қауіпті әрекетінде көрәнәс тапқан, қылмыстық құқықпен қорғалатын социалистік қоғам мүдделеріне деген кері қатынасы ретінде қарастыру орынды болып көрінеді. Бұл көзқарас әдебиеттерде кеңінен таралып келеді.

Әрине, «қоғам мүдделеріне кері қатынас» сөзін тым қарапайым ұғынуға болмайды. Онымен реңктердің кең гаммасы – кеңестік құрылымға, социалистік қоғамға өшпенді қатынастан, қоғам мүдделеріне деген ықтиярсыз қатынасқа дейін қамтылады. Бұл кері қатынас субъектінің тұрақты қоғамға қарсы көзқарастарының көрінісі ретінде де бола алады. Ол түбегейлі, өмірлік маңызы бар қоғамдық қатынастарға да, сондай-ақ қоғамның немесе оның жеке мүшелерінің неғұрлым дербес мүдделеріне, олардың орнатқан жеке нормаларына бағытталуы мүмкін. Сол себепті, «қоғам мүдделерне кері қатынас» формуласы қасақана да, абайсыздықпен жасалған да қылмыстарды қамтиды.

Тұлғаның жасаған қоғам үшін қауіпті әрекетінде орын алған қоғам мүдделеріне деген кері қатынасы қоғамның бұл әрекетке жауапты етілуін – субъектінің қылмыстық жауапкершілігін тудырады, онда социалистік мемлекет пен бүкіл кеңестік қоғам тарапынан қылмыс пен қылмыскерді кері бағалауы көрініс табады.

Кінә мәнін мұндай ұғыну оның шығу тегін – қоғамға бөгде көзқарастардың, әдеттердің, тұлға мақсаттарын, оның қоғамдық қауіптілігінің көрінісі ретінде ашуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, кінәнің мәні кінәні, бір жағынан, оны тудырған дереккөзбен, ал басқа жағынан, кінәлі қылмыс жасаудың құқықтық салдары ретіндегі субъект жауапкершілігімен байланыстырады.

Бұл жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: егер кінәнің мәні тұлғаның қылмыста көрініс тапқан қоғам мүдделеріне деген кері қатынасын құрайтын болса, онда кінә неліктен әрекетке және оның салдарына деген психикалық қатынас ретінде анықталады? Әрекет пен оның салдарына қатынас - бұл тұлғаның қоғам мүдделеріне деген кері қатынасы көрініс табатын және онсыз ұғылмайтын нысан болып табылады. Сол себепті, әрекет пен салдарына қатынас – бұл тұлғаның қоғам мүдделеріне кері қатынасының кінә мәнін құрап, субъект жауапкершілігін шарттайтын шектері болып табылады. Бұл шектерден басқа, тұлғаның қылмыста көрініс таппаған қоғам мүделеріне деген кері қатынасы кінә мәніне қатысты болмайды және қылмыстық жауапкершілікті тудыра алмайды.

Кінәнің әлеуметтік – саяси мәнін ашу қылмыстық құқығы институтын ұғынуды тереңдетеді, оның қылмыстық құқығындағы кінә институтымен салыстырғандағы түбегейлі қарама – қайшылығын ашады. Қазіргі заңнамадағы және буржуазиялық елдердің заңнамаларындағы кінә нысандары бірдей болуы мүмкін, тіпті олардың заңнамалық анықтамалары толық немесе ішінара сәйкес келуі мүмкін, бірақ олардың әлеуметтік-саяси, таптық мәні өте ерекшеленеді, бір – бірімен түбегейлі қарама – қайшылықта болады. Құқықтағы кінәнің таптық мәні тұлғаның басымдылығы үшін қауіпті әрекетте көрініс тапқан.

Кінә әлеуметтік - саяси тұрғыдан дұрыс ұғыну заңнамашыға қоғамға қаупі бар әрекеттерді кінәлі жүзеге асыру аясын дұрыс белгілеуге, кінә нысандарын анықтауға және әрекеттің кінәлілігін жоққа шығаратын жағдайларды айқындауға септігін тигізеді.

Қолданылған әдебиеттер:
1. В.М.Чхиквадзе. Советское военно-уголовное право. М., Юриздат, 1948, 180 б.;

2. А.А.Пионтковский. Учение о преступлении. 311 б.;



3. Т.Церетели. К вопросу о понятии вины. Вестник отд. Общ. Наук АН Груз.ССР, 1960, №1, 128 б.

4. Я.М.Брайнин. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., Госюриздат, 1963, 227-229б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет