Имам ғазали жүректің сырлары


келтіргендер! Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар һәм (өмір



Pdf көрінісі
бет126/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   193
Жүректің сырлары T.a

келтіргендер! Аллаға қарсы келіп, асы болудан барынша сақтаныңдар һәм (өмір 
бойы бір Аллаға қалтқысыз мойынсұнып, ажалдарың келгенде де) кәміл 
мұсылман болып қана жан тапсырыңдар, басқаша өлмеңдер»
437
 
деген мағынадағы 
аяттарды оқығаннан кейін: «Егер заққумның бір бөлікшесі бұл дүниеге түссе, дүние 
жүзіндегі кісілердің барлық азықтарын бұзар еді. Енді жегені сол ғана болғандардың 
жағдайы қандай болатынын өздерің ойлап көріңдер», – деген. 
437
 
«Әли Имран» сүресі, 102. 
Басқа бір риуаятта хадистің ақырғы бөлігі «Бұдан басқа жеуге еш нәрсесі жоқтардың 
жағдайы қандай болатынын өздерің ойлап көріңдер», – деп айтылады. 
«Кеңірдектен өтпеген тамақ» деген мағынадағы аятты ибн Аббас (р.анһума) 
«Кеңірдекке тығылып не ары не бері кетпей қалған тамақ» деп түсіндіреді. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кәпірдің екі иығының 
ортасы тез жүрген аттының үш күндік жолындай кең», – деген. 
Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кәпірдің азу тісі 
Ухуд тауындай, саны Байда төбесіндей, тозақта иеленген жері Қадид пен Меккенің 
ортасындай, (Басқаша айтқанда, үш күндік жолдай), терісі Йемен патшасы 
Жаббардың кез өлшемімен қырық кез бойы қалыңдығында», – деген. 
Тирмизидің Фудайл ибн Язидтен риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Қиямет күні кәпірдің тілі бір не екі фарсах
438
 
жерге сүйретіліп, адамдардың 
табанының астында қалады», – деп айтқан. Бұл хадисті Байхақи және басқалар да 
риуаят еткен. Дұрысы осы риуаят болып саналады. 
438
 
Фарсах – ұзындық өлшемі. Шамамен 5 шақырымға тең. 
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Тозақылардың денесі тозақта өте үлкейеді. 
Құлақтарының жұмсағы мен иықтарының бастарының ортасы жеті жүз жылдық 
қашықтық, терілерінің қалыңдығы жетпіс кез және азу тістері Ухуд тауындай биік 
болады». 


170 
Ахмад ибн Ханбал мен Хакимнің риуаятында Мужаһид (р.а.) былай дейді: «Бір күні 
ибн Аббас: «Тозақ қаншалық кең екенін білесің бе?» – деп сұрады. «Жоқ, білмеймін» 
десем, «Әлбетте, білмейсің! Тозақының құлағының жұмсағы мен иығының ортасы 
жетпіс жылдық қашықтық. Ол жерде қан-ірің дариялары ағады», – деді. Мен: «Қан-ірің 
дариялары дейсің бе?!» – деп сұрадым. ибн Аббас: «Жоқ, жоқ, қан-ірің далалары», – 
деп жауап берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет