Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет185/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Зулхижжаның ұлылығы 
Ибн Аббас риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла үшін бұл күндерде жасалған 
істер басқа күндері жасалған істерге қарағанда сүйіктірек», – деді. Сахабалар: «Алла 
жолындағы күрестен де сүйікті ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла 
жолындағы күрестен де сүйікті. Бірақ мал-жанымен Алла жолында күреске шығып 
үйіне қайтпай қалған пенденің ісі бұдан тысқары», – деп жауап берді». 
Ибн Масғуд айтады: «Алла күндерден төртеуін, айлардан төртеуін, әйелдердан 
төртеуін өзгеше жаратты. Бұдан тысқары төрт кісі пейішке бірінші болып кірушілердің 
алдыңғы қатарында болады. Тағы басқа төрт кісіні пейіш шыдамсыздықпен күтеді. 
Күндердің біріншісі – жұма. Бұл күнде бір уақыт бар, кім бұл сәтке тұспа-тұс келгенде, 
Алладан дүниелік не ақыретке тиесілі бір нәрсе тілесе, ол сөзсіз беріледі. Екіншісі – 
Арафат күні. Арафат күні келгенде Алла періштелеріне: «Уа, періштелерім, менің 
пенделеріме қараңдар. Қиыншылықтарды көтеріп, қолында жоқтарды тойдыруда. 
Сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім», – дейді. Үшіншісі – Құрбан айттың бірінші 
күні. Біреу Алла үшін құрбандық шалса, оның қанының алғашқы тамшысы 
күнәларының кешірілуіне себеп болады. Өзгеше күндердің төртіншісі – пітір садақа 
беріліп, мұқтаж және жарлылар қуандырылған күн. Мүминдер Рамазан оразасын 
ұстап, мейрамға жетсе, Алла періштелеріне: «Әрқандай жұмысшы жасаған ісі үшін ақы 
алады. Пенделерім парыз қылынған бір айлық оразаны ұстады. Ертең мейрамдайды, 
ақыларын беруіміз керек. Уа, періштелер, сендер куә болыңдар, Мен оларды 
кешірдім», – дейді. Сонда біреу: «Уа, Мұхаммедтің үмбеті, көңіл бөліңдер! Жаман 
істерің жақсы істерге алмастырылады!» – деп жар салады. 
Өзгеше айлар: ережеп, зулқағда, зулхижжа және мухаррам. Өзгеше әйелдер: Имран 
қызы Мариям, Хууайлид қызы Хадиша, Мазахим қызы Асия, Мұхаммед қызы Фатима. 
Пейішке кірушілердің алдыңғы сапындағылар: Пайғамбарымыз (с.а.с.), Салман 
Фариси, Сухайб (р.а.), және әзірет Біләл. 
Пейіш қалап күткен кісілер: әзірет Али, Салман Фариси, Аммар ибн Ясир, Миқдад ибн 
Асуад. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Кім Арафат күнінен бір күн бұрын ораза 
ұстаса, Алла оған Әйюбтің (а.с.) бәлелерге сабыр қылғаны үшін берілгендей сауап 
береді». 
«Кім Арафа күні ораза болса, Алла оған Исаға (а.с.) бергендей сауап береді». 
«Арафат күні Алла жер жүзіне өз мейірімін төгеді. Бұл күні өте көп пенделерін 
кешіреді. Кім Арафат күні Алладан дүниелік не ақыретке тиесілі мұқтаждығын сұраса, 
Алла оның сұрағанын береді»
639

639
 
Мүслим, 1162. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет