ұзын болуын және ризығының кең болуын қаласа, ата-анасына жақсы қарасын
және туыстық байланыстарды бекем ұстасын», – деген.
Әбу Йағла мен Хакимнің риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ата-
анасына жақсы қарағандарға сүйінші! Алла олардың өмірін ұзартады», – деді.
Ибн Мажа мен ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай
дейді: «Адам күнә жасау арқылы ризығының азаюына жол ашады. Тағдырға жазылған
нәрсені дұға ғана жоюы мүмкін. Өмірді жақсылық қана ұзартады».
Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өз әйелдерің арлы болсын
десеңдер, басқалардың әйелдерін жолдан шығармаңдар. Балаларың сендерге
қарасын десеңдер, ата-анаңа қараңдар. Кімге мұсылман бауыры кешірім сұрап келсе,
күнәһар болсын, бейкүнә болсын оны кешіріп, татулассын. Әйтпесе пейіштегі
бұлақтан су іше алмайды», – деген.
Табаранидің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Ата-аналарыңа жақсы
қарасаңдар, балаларың да сендерге жақсы қарайды. Басқалардың әйелдерін жолдан
шығармасаңдар, сендердің де жұбайларың арлы болады», – деп айтқан.
Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «Мұрнымен жер
сүзсін, мұрнымен жер сүзсін, мұрнымен жер сүзсін!» – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың
Елшісі, кім тұмсығымен жер сүзеді?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Анасы не
әкесі не екеуі бірдей қартайған кездежанында тұрып оларға жақсы қарамай, пейішке
кіре алмай қалғандар (мұрнымен жер сүзсін)», – деп жауап береді.
Табаранидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберде тұрып үш мәрте: «Әумин!
Әумин! Әумин!» – деді. Содан соң бұл айтқандарының себебін төмендегіше түсіндірді:
«Жәбірейіл маған келіп: «Уа, Мұхаммед, ата-анасының бірі қартайған кезде жанында
тұрып оларға жақсы қарамай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны мейірімінен шеттетеді.
Соған «Әумин! де», – деді, мен «Әумин!» – дедім.
Содан соң «Уа, Мұхаммед, Рамазан айына жетсе де күнәларының кешірілуіне себеп
бола алмай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны Өз мейірімінен шеттетеді, соған «Әумин!
де», – деді. Мен «Әумин!» – дедім.
Сонда «Уа, Мұхаммед, сенің есімің аталғанда саған салауат-сәлем айтпай өлген кісі
тозаққа кіреді. Алла оны мейірімінен аулақтатады, соған да «Әумин! де», – деді. Мен
де үшінші рет «Әумин!» – дедім
200
.
200
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/139.
Бұл хадистің түрлі риуаяттары бар.
Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім мұсылман
құлды азат қылса, ол құл оны тозақтан құтқаратын төлем болады. Кім ата-
анасынан біреуі қартайғанға шейін жанында болып, оған жақсы қарап, өз
күнәларының кешірілуіне себепкер ете алмаса, оны Алла Өз мейірімінен
алыстатады»
201
,
– деген.
201
Табарани, Муғжамул кәбир, 12/83; Әбу Яағла, Муснад, 10/328.
Бұхари мен Мүслим риуаят еткені бойынша: бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.)
келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Кімге ең жақсы мәміле жасайын?» – деп сұрайды. Алла
Елшісі (с.а.с.): «Анаңа», – дейді. «Содан кейін кімге жасайын?» – дейді жаңағы кісі.
Пайғамбарымыз тағы «Анаңа», – деп жауап береді. «Содан кейін ше?» – дейді әлгі.
74
Тағы да «Анаңа», – деген жауап алады. «Содан кейін кімге?» – дегенде ғана
Пайғамбарымыз «Әкеңе», – деп жауап береді
202
.
202
Бұхари, 5971; Мүслим, 2547.
Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткені бойынша, Әбу Бәкірдің (р.а.) қызы әзірет Асма
(р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде анам маған келді. Ол
пұтқатабынушы болды. Мен Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Анам маған келді. Ол
Исламға кірмей жатыр, онымен байланысымды жалғастыра берейін бе?» – деп
сұрадым. Ол: «Әлбетте, анаңмен байланысыңды жалғастыра бер», – деп жауап берді.
Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Әкеге не анаға қарсы
Достарыңызбен бөлісу: |