Имам ғазали жүректің сырлары


сүлесоқ құлшылық ететіндер бар. Мұндай адам мақсатына жетіп, жақсылыққа



Pdf көрінісі
бет63/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   193
Жүректің сырлары T.a

сүлесоқ құлшылық ететіндер бар. Мұндай адам мақсатына жетіп, жақсылыққа 
кенелсе, жаны жай тауып, мәз болады. Ал қандай да бір сынаққа, қиындыққа тап 
болса, бірден сырт айналып, жалтара қалады. Сөйтіп, дүниеде де, ақиретте де 
бар жақсылықтан қағылып, оңбай зиян шегеді. Міне, оңбай зиян шегу деген – 
осы»
222
 
деген. 
222
 
«Хаж» сүресі, 11-аят 
Аллаға құлшылық жасауымыз және бұл ғибадаттың бізге парыз болуы да оның сый-
тартуы. Оның бізді соған бұйыруы және жасаған ғибадаттарымыздың сауабын беруі, 
бұйрықтарына қарсы шықсақ, жазалауы да әділеттілік. 
Тәуекел (Аллаға сену) – қиыншылық сәтінде және басымызға бір бәле келгенде 
төзімділікпен, сабырлылықпен Аллаға арқа сүйеу. Аллаға тәуекел еткендер барлық 
нәрсеге оның ғана күші жететінін, Оның барлық нәрселерді жоспарлап, құтылуға себеп 
болатын себепкер себептерді уақыты келгенде жарататынын біледі. Мұндай кісілер 
әкелерінен де, балаларынан да, байлықтарынан да, қолдағы мүмкіншіліктерінен де 
жәрдем күтпейді. Керісінше, Алла көрсеткен бағытта жүріп, барлық нәрсені оған 
тапсырып, қандай жағдай, қандай шартта болса да Алладан басқаға арқа сүйемейді 
және Одан басқадан үміт етпейді. 
Ғалымдардың бірі: «Аллаға ең жақын кісілер – оның берген несібесін шын көңілімен 
қабыл алғандар», – деп айтқан. Тағы бір мағыналы сөзде: «Қаншама қуаныштардың 
түбі – ауру, қаншама аурулардың түбі – шипа», – деп айтылады. 
Алла Тағала бұл туралы былай дейді: «Сендерге қанша жерден ұнамаса да (керек 
кезде Алла жолында) соғысу парыз етілді. Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған 
нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан 
нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла 
біледі, сендер білмейсіңдер»
223

223
 
«Бақара» сүресі, 216. 
Пенде бұл дүние сүйіспеншілігін тастамайынша, Аллаға толық құлшылық жасай 
алмайды. Бір нақыл сөзде: «Ең әсерлі насихат – ортада перде болмай, тікелей жүрекке 
жеткен насихат», – деп айтылады. «Ортадағы перделер» – дүниелік тосқауылдар. 
Бір данышпан былай дейді: «Бұл дүние – көзді ашып-жұмғандай уақыт, сен оны 
ғибадатқа айналдыр». 
Бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Мен өлімді жақсы көрмеймін», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Мал-мүлкің бар ма?» – деп сұрады. Ол кісі: «Бар», – 
деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өлімнен құтылу мүмкінемес 
болғандықтан, мал-мүлкіңді өзіңнен бұрын жөнелт (қайырымды істерге жұмса). 
Өйткені пенде мал-мүлкінің жанында», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Тыйым салынған нәрселерге) қарау – шайтанның оғы. 
Алладан қорқып, көзін харам нәрселерден сақтағандардың жүрегіне Алла Тағала 
ләззаты жүректе байқалған иман тарту етеді», – деген. 
Бұл туралы айтылған мағыналы сөздерге көз салайық: 
«Көзін әр нәрсеге қарай беруден тыймағандар көпшілік сәтте өкініп қалады». 


81 
«Көздеріңе ие бол. Егер оларды бос қойсаң сені күнәға батырады. Егер оларды 
басқара алсаң, басқа мүшелеріңді де басқара аласың». 
Платоннан «Естіген нәрсе жүрекке зияндырақ па не көрген нәрсе ме?» – деп 
сұрағанда, ол: «Көру мен есту жүрек үшін құстың екі қанаты сияқты. Екі қанатсыз құс 
ұша да, қона да алмайды. Бір қанаты сынық құс аспанға ұшам десе қиналады және 
шаршайды», – деп жауап берген. 
Бір кісі алдында бара жатқан құлға қарап алып күліп жатқанда, бір тақуа кісі оған: 
«Ей! Көкірегі соқыр, көзінен у шашқан пенде! Сен жасаған істеріңді жазған және іс-
әрекеттеріңді бақылап тұрған періштелерден ұялмайсың ба? Олар саған бәлеге 
ұшыраған және батпаққа батқан байғұстай қарайды. Сен болса ешкімнен ұялмаған 
немқұрайды кісілердің жағдайына түсіп қалыпсың», – дейді. 
Әзірет Али (р.а.): «Көздер – шайтанның тұзақтары. Ол денедегі мүшелердің ішінен 
ең тез әсерленуші және ауыр соққы жеуші. Аллаға ғибадат жасау жолында дене 
мүшелерін басқара алған кісі мақсатына жетеді. Ал енді дене мүшелерін нәпсінің 
қызметіне беріп қойған пенде барлық істерін жойып жоқ қылады», – деп айтқан. 
Абдулла ибн Мүбәрак (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Иманның өзегі – 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) алып келіп үйреткендердің ақиқат екенін қабылдау. Өйткені 
Құранның шындығына сенген кісі оның бұйрықтарын орындаумен мәңгілік тозақы 
болудан құтылады. Харамнан сақтанып, адалдан азықтанған пенде тәубе жасап, 
тақуалыққа беріледі. Парыз ғибадаттарын орындаған кісінің мұсылмандығы 
күшейтіледі. Шын сөйлеген кісі қиыншылықтардан құтылады. Әділетсіздіктен 
алыстаған пенде өшігуден алыс болады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерін 
орындаған адамның істері маңызды. Алланың ғана разылығын көздеген кісінің жасаған 
істері қабыл болады». 
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, 
Алланың Елшісі, маған насихат айтшы», – деп өтінеді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Әбу 
Дарда, тапқаның адал, істерің дұрыс болсын. Алладан уақытша ризық тіле және 
өзіңді өлік деп сана. Жасаған істеріңмен мақтанба. Бұл нәрсе – жасаған істерді жоққа 
шығаратын үлкен қорқыныш. Өйткені өз ісін жақсы көріп, сонымен мақтанған кісі 
жасаған істері қабылболды ма, болмады ма деп ойланбай, Аллаға қолқа сала 
бастайды. Пұшаймандық және өкініш алып келген қаншама күнәлар менменсінумен 
мақтаныш тудырған ғибадаттан жақсырақ. Және ел көрсіндіктен сақтан. Себебі 
Алла Тағала: «Расында, дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет