106
Әзірет Омар (р.а.): «Сөзіме құлақ салыңдар, Алланың байлығының қаншасын өзіме
адал санағанымды сендерге айтайын. Бірі қысқы, бірі жазғы екі киім,
қажылық және
ұмра үшін бір ихрам және бұдан тысқары құрайыштықтардікіндей зәру мұқтаждықтар.
Бұлардан артық-кемі жоқ дүниеге ғана иемін. Аллаға ант етейін, осыншасының да
адал-адал еместігін білмеймін».
Біз куә болғандай, әзірет Омар (р.а.) осындай мүлкінің де қанағат қылу керек деген
ең аз өлшемнен шектен тыс емес екеніне сене алмайды.
Шағби (рахматуллаһи аләйһи) бір хикая айтқан: «Аңшы бір торғайды ұстап алады.
Торғайға тіл бітіп, аңшыдан: «Мені не қыласың?» – деп сұрайды. Аңшы: «Сені сойып
жеймін», – деп жауап береді. Торғай: «Менің етім жұмырыңа жұқ болмайды. Егерде
мені қоя берсең, саған үш нәрсе үйретем. Олар менің етіме қарағанда сен үшін әбден
пайдалы. Сөзімді қабыл алсаң, олардың
әуелгісін қолыңда тұрғанда, екіншісін
маңайдағы ағашқа қонғанда, үшіншісін әлгі төбеге қонғанда айтам», – дейді.
Шымшықтың ұсынысы аңшыға ұнап, оны қоя бермекші болады да, «Айтар ақылыңды
айта бер», – дейді. Торғай: «Қолыңан шығып кеткен мүмкіншіліктерге қайғырма», – деп
айтады.
Аңшы құсты қоя береді. Ол ұшып барып ағашқа қонады да: «Болмаған нәрсеге
сенбе» деп екінші ақылын айтады. Бұл сөздерден кейін дөңге барып қонып алып: «Ей,
байғұс кісі, егер мені сойсаң, ішімнен әрбірі жиырма
мысқал ауырлықтағы екі дана
бағалы інжу шығушы еді», – дейді.
Бұл сөздерді естіген аңшы қолынан шығып кеткен мүмкіншілігіне өкініп, бармағын
тістейді. Енді қолынан еш нәрсе келместігін түсінгеннен кейін «Енді үшіншісін айт», –
дейді. Сонда шымшық аңшыға: «Сен қазір ғана айтқан екі насихатымды ұмытып
қалдың, енді үшіншісін саған қайтіп айтайын. «Қолдан шыққан мүмкіншілікке өкінбе»
демедім бе? Сен болса мені қолдан шығарып жібергеніңе өкіндің. «Болмаған нәрсеге
сенбе» деп едім, сеніп қалдың. Менің етім, қаным және жүндерімнің бәрі қосылса да
жиырма мысқал шықпайды. Содан соң менің қарнымда әрбірі жиырма мысқал
салмақтағы екі інжу қайдан болсын?» – деп ұшып кетеді.
Бұл хикаяның мағынасы мынадай: Адам баласы
шектен тыс ашкөздікке беріліп,
ақиқатты аңғара алмай қалғанда болмаған нәрселерге сене береді.
Ибн Саммак (р.а.) айтады: «Басқадан үміт етсең, ол сенің жүрегіңе тұзақ, аяғыңа
кісен болады. Адамдардан үміткер болмасаң, аяғыңдағы кісен шешіледі».
Абдулла ибн Сәлам Кәғбул Ахбардан «Ғалымдардың көкірегіндегі ілімді не өшіруі
мүмкін?» – деп сұрағанда, ол: «Сұғанақтық, нәпсінің
тойымсыз қалауларына
мойынсұну және дүниенің артынан түсу», – деп жауап берген.
Бір кісі Фудайлдан Кәғбтың жоғарыдағы сөздерін түсіндіріп беруін өтінеді. Фудайл
оған: «Пенде бір нәрсені қатты беріле сұраса, діні соның жолында жоқ болады. Нәпсінің
тойымсыз қалауларына мойынсұнғанда нәпсі қызыққан еш нәрсесін қолдан шығарғысы
келмейді. Содан кейін нәпсің қалаған нәрселердің бәрі сен үшін зәрудей көріне
бастайды. Нәпсіңнің қалауларын орындатсаң, ол
сенің мұрныңа мұрындық салып,
қалаған жағына жетелейді.
Сонда сені бас идіріп алады. Сен дүние үшін жақсы көрген кісілеріңе сәлем беріп,
ауырса жағдайын сұрап барасың. Әлбетте, оған берген сәлемің де, онымен амандасып
барғаның да Алла үшін болмайды. Демек, ол кісіден көп нәрсені күтпеуің сен үшін тағы
жақсырақ болмақ».