Имандылық-инабаттылық белгісі



Дата04.07.2016
өлшемі61.8 Kb.
#176058
Имандылық-инабаттылық белгісі
Мақсаты:1)Оқушыларды имандылыққа,әдептілікке тәрбиелеу,үлкенді сыйлау,кішіге өнеге көрсету,ата­­­­-ананы қадірлеу,шарихат жолында дұрыс істерді таңдап,дұрыс жолмен жүруге баулу.

2)Балалардың дін туралы түсініктерін кеңейту,білімдерін, ойларын арттыру.

3)Таза жүру,өзгеге қиянат жасамау,үлкендерге жәрдем етіп, қолғанат болуға,имандылық жолындағы жақсы істерге талпынуға үйрету.

Түрі:Уағыз айту сабағы.

Әдісі:пікірлесу,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекілігі:сызбалар,қанатты сөздер.

1)«Ислам-ең таза дін».

2)«Дінің тіліңді сақтайды,

Тілің бар дініңді сақтайды».

Қожа Ахмед Ияссауйдің,Арыстан баб кесенесінің суреттері

Барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі

2)Кіріспе бөлімі

Ассалаумағалейкум,құрметті жамағат,бүгінгі біздің исламдыққа шақыру сабағымызға қош келдіңіздер!

Имандылық арабшадан аударғанда сенімділік деген ұғыьды білдіреді.Олай болса «Иман» деген ұғым адам баласының жан азығының негізі.

Имандылығы бар адам дәулетке жетеді.Ғылым,білім,күш те,қуат та хакімдік те-бәрі дәулетке қосылады.

Жан көңілі дархан ешкімнен ешнәрсені қызғанбайтын,жұрттың бәрін өзіндей көретін жақсы адамның ниетімен пейілі кең болады екен.Ол үшін біз өзімізді де, өзгені де жақсылыққа тәрбиелеуіміз керек.

Иманды адам басқаға жамандық жасамайды.

Иманды пенде шыққан тегін біледі.Ол өзінің ұстазын да,ата-анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды.Өзі де сыйлы болады.

Ондай пенде екіжүзді болмайды,жалған сөйлеу,жалған айту екіжүзділіктің нәтиежиесі болады.

Осы айтылғандарды меңгерген бала ұлық болады,бірақ кішік ,мансапқор болмайды.

Имансыз- деген дінсіз.Дінсіз деген өзіне-өзі сенбеген адамнан еш опа болмайды. Одан ұры да, қанішер де, жауыз адамға , қоғамға пайдасыз ұрпақ шығады..

Бұл айтылғандардың барлығы біз үшін.





ТЫЙЫМ сөздер
1)Ұмытып кетпе

Есікті теппе.

2)Шарсасаң сәл аялда,

Бірақ та жер таяанба.

3)Тарту төрт келместігі тақымына:

Мылтық,пышақ сыйлама жақыныңа.

4)Кеңеске салақ қарама :

Кір жайма түнде далаға.

5)Деме бәрін айтқызбай білем мен:

Төрге қарап отырма жүреңнен.

6)Ұлттық салттан бұлжыма

Жұма күні кір жума.

7)Түнде шық далаға,

Аспанға қара да.

Қызықта бірақ та,

Жұлдызды санама.

8)Ізет танытып,әдепті сақта да,

Жатқан кісінің үстінен аттама.

9)Көргенді жас, пәк бала!

Дастарханнан аттама!

10) Құр бекерден ермекке,

Бос бесікті тербетпе!

12) Құдайға сыйын жас бала!

«Құранды» жерге тастама!

13) «Өзім қумын»-деме:

Кісі ақысын жеме!


Имандылықты қайдан үйренеміз.






Мектептен Ата-анадан Ортадан


Оқушы Бала Мұсылман

-Мұсыылман деп кімдерді айтамыз


1)Ислам дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды.

2)Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед.Ұлты-араб.Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес тарихи тұлға.Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп атайды.

3)Мүсылман дінінің қасиетті кітабы:-құран.Құранның сөзі құдайдың сөзі.Құдай жалғыз.Ол көзге көрінбейді,бірақ жердегі адам атаулының іс-қимылын,тіпті ойлаған ойына дейін біліп отырады.

4)Мұсылман дініндегілердің негізгі күні –жұма.

5)Мұсылмандардың қасиетті үйі-мешіт.Мешіт-өтірік айтылмайтын,ақиқат пен шындық жолын ең таза,пәк дін.

6)Мұсылман діні бойынша жағдайы,мүмкіндігі бар әр адам мезгіл-мезгіл садақа беруге тиіс.

Мұсылманның негізгі бес парызы


Ораза ұстау садақа беру Құдай бірлігі Мұхаммед Пайғамбар

Қасиетін мойындау

Намаз оқу

Қажылыққа бару

Сөз жұмбақ жасыру

-Балалар ендеше мұсылманның бес парызының бірі ораза ұстау жайында не білетінімізді ортаға салайық.

А)30күн тамақ ішпейтін кезең (ораза)

Д)Балалардың топталып айтатын өлеңі(жарапазан)

Б)Оразадағы таңғы ас (сәресі)
Жарапазан өлеңі:

1)Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан,ораза уақытында балалар,бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып жарапазан өлеңін

айтады.Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт,ірімшік,май,бір шаршы шүберек,басқа сол сияқты нәрселер береді.

2)Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.

Ассалаумағалейкумм жаңа келдік,

Көргелі,көріскелі сәлем бердік.

Айтты деп жарапазан сөге көрме,

Пайғамбар жолын қуған адам едік.

3)Айтайын жарапазан есігіңе,

Ұл берсін қошқардайын бесігіңе.

Ұл берсе қошқардайын бесігіңе,

Тілейміз батыр тусын несібіңе

4)Айтатын жарапазан есігіңе,

Қыз берсін халқындайын бесігіңе.

Қыз берсе халқындайын бесігіңе,

Тілейміз шебер тусын несібіңе.

5)Үй-ішінде бай-бәйібше кеңеседі,

Қой ішінде екі қошқар теңеседі.

Бай айтады қой ішінен саулық бер деп,

Бәйібше сандық ашып, жаулық бер деп.

6)Арқасында ақ атаның жауыры бар.

Баратын бұдан былай ауылым бар,

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан.

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.
Жарапазан Батасын Сұрау.

Ата-анамен Пікірлесу.

А)Оразаныне үшін ұстайсыз?

Ә)Қандай адам ораза ұстау керек?

Б)Мұсылмандық мерекесі туралы не айтасыз.

В)Қадір түні туралы айтыңыз.

Г)Пітір садақаны не үшін береді?
-Балалар бізге келген ата-аналар,қонақтарымыз бізге имандылық туралы,ораза туралы көптеген әңгімелер айтты.

Ендеше сенім дегеніміз не?

Иман-сенім

Неге сенеді?

1)Аллаға

2)Періштеге

3)Пайғамбарға

4)Құран-Кәрімге

5)Ақырет күннің барына

6)Өліп-тірілуге


Тақпақтар

Пайғамбарым Мұхаммед


1)Сені,мені,әлемді Рамазан айында

Алла ғана жаратқан Ораза ұста ерінбей,

Бәрімізді бір Алла Шамаң келсе меккеге бар,

Өмірге осы таратқан Қажы болғын мұсылман...

Пайғамбарым Мұхаммед Ислам діні-ізгілік

Соның сөзін ұғам тек Айтам оны жыр қылып

Дінім-Ислам,мақтанам, Ұрпақтарым өскелең

Осыны ойлап шаттанам Жырымды тыңдар деп келем

Алла бұйрығын орындап Менің сөзім-өсиет

Бой сұнамын әркез мен Әділ жандар бас иеді

Ислам діні ойласаң Әділетсіздер ұқпайды

Бес нәрсемен жасайды Олардан жақсы адамдар

Иманды жақсы білесің Еш уақытта шықпайды

Болсын қосқан үлесің Ислам дінін мойындап

Әр күн бес күн тастамай Жүреміз біз әрдәйім

Намаз оқып жүресің. Адамгершілік ардақты

Турашыл болу салмақты.
2)Үмбетпенен жол қуған Іс істейтін бір болып

Талабы алда баламыз Алынбасты аламыз

Басқалар жолын қуғанда Ниетіңді бер бірігіп

Біздер қайтіп қаламыз Жол салайық адаспай

Тәуекелге бел бусақ Мұсылмандық адал жол

Нені болсын аламыз Бірігейік мәңгі бірге жолдастай

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Қусақ бәрін шаламыз


3) Есің болса өкпелеме жалғанға,

Ертеңіңді алдағымен арманда.

Пенде болсаң,мінез-құлқыңды

Бой алдырма қызықтарға бір күнгі

4)Әулиелер нәтижесіне қызығар,

Әр сәт сайын имандары бұзылар.

Атақ -абырой ,даңқ қана ойлары,

Шен шекпенге үйір келер бойлары.


5)Бәз бііреулер дүниені өткінші деп ойлайды,

Қасиетті кісілердің ісін көзге ілмейді.

6)Әр нәрсеге алаң болып теңселме,

Имансыздан қайыр күтпе өлсең де.

7)Біз жас ұлан Отан-ана өркені,

Үміт артқан болашағы ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жақсартамыз өлкені.

8)Сарыарқаның самалындай есеміз,

Тайсалмаймыз талай сынды кешеміз.

Бізді әлпештеп,еркелеткен туған ел,

Мақтан етер перзентің боп өсеміз.

Мұғалім:Борыш пен парыз туралы не айтамыз.

9)Елдігімді,Ерлігімді

Мақтаныш пен сақтаймын

Сая маған

Аяалаған

Ана сүтін ақтаймыз

Білім еңбек

Бәрін жеңбек

Атқаратын зор ісім

Білім үшін-

Еркін ісім:

Өтеледі борышым

Дана халқым,

Дара парқың.

Перзенттік көп парызым

Арым биік

Сені сүйіп

Қызмет ету-парызым



-Ендеше,балалар біз қандай болуымыз керек?

Ән:Болайықшы осындай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет