Информационное письмо



бет14/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

6. Дәрістер кешені
1 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің мазмұны мен мақсат-міндеттері

1. Мәтін лингвистикасы - тіл білімінің жеке саласы.

2. Мәтін лингвистикасының мақсат – міндеті, зерттеу нысаны.

Дәрістің мақсаты: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің мазмұны мен мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Мәтін – тілдік таңбалардың тұлғалық және мағыналық байланыстығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылуы мына талаптарға жауап бергенде ғана жүзеге асады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мағынаға (мазмұнға) және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым – қатынас жасауда іске асыру т.б. Мәтіндегі тілдік тұлғаларды байланыстырушы амалдарға қосымшалар, шылаулар, қыстырмалар, қайталаулар, сөздердің орын тәртібі, интонация, есімдіктер т.б. жатады. Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. Сөйлеу процесі сырт қарағанға игерілмеген құбылыс сияқты болып көрінгенмен, шындығында, тіл жүйесі оған әсерін тигізіп отырады. Мәтін – жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі оның аяқталғандығы. Мәтіннің тақырыбы болады. Көбінесе, ол міндетті мәтіннің бірінші сөйлемі атқарып тұрады. Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар (подтекст), біртұтастық уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады. Бұлардың мазмұны берілу жолдары мен формалары мәтіннің типтеріне (көркем ,публицистикалық мәтін т.б.) олардың «дұрыс құрылуына» байланысты. Әр стиль мәтіндерінің өзіндік ұйымдасу (түзілу) моделі, олардың өздеріне тән белгілері, байланысу құралдары болады. Мәтіннің көлемі туралы мәселе зерттеушілер арасында әр түрлі пікірлер туғызып келеді. Мәтін бір сөйлемнен де құрылуы мүмкін бе, әлде міндетті түрде бірнеше сөйлем болуы керек пе – бұл мәселе аша түсуді керек етеді. Дегенмен, мәтіннің құрылымдық – тұлға бірліктеріне көптеген зерттеушілер сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзацты жатқызады. Олардың арасындағы байланыстың табиғаты бірдей болмайды. Мәтін мәселесі қазақ тіл білімінде толық мәнінде әлі зерттеу объектісі болған жоқ. Оны зерттейтін мәтін лингвистикасы, мәтін теориясы дейтін ілімдер орыс, шет ел білімінде соңғы 20 – 30 жылдар аясында ғана қалыптасты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет