Информационное письмо



бет23/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем мәтіндегі омонимдердің стильдік қызметі.

  2. Көркем мәтіндегі омонимдердің стильдік қызметін мысалмен дәлелде.

10 дәрістің тақырыбы: Мәтіндегі линвомәдени тілдік бірліктерді айқындау.



  1. Көркем мәтіндегі мақал-мәтел, афоризмдер.

  2. Этнографизмдердің көркемдік ерекшеліктері.

  3. Линвомәдени тілдік бірліктерді айқындау, олардағы ұлттық сипатты көрсету.

  4. Шешендік сөздер. Дискурс.

Дәрістің мақсаты: Көркем мәтіндегі мақал-мәтелдер мен афоризмдердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Тіл этногенетикалық (этнос, ұлт) қауымдастықтың қоршаған ортаны тануы мен білуі, игеруі мен қажетіне жаратуы барысында жинақтаған танымдық, қоғамдық-мәдени іс-тәжірибесінің нәтижесін бекітіп қана қоймайды, сөз мағыналары және олардың ассоциациялық жүйесі арқылы адам санасындағы ұғым-түсініктерге (концептуалдық дүние бейнесіне) ұлттық-мәдени реңк үстемелейді. Осыған орай тіл иесінің санасындағы мәдени-ұлттық сипаттағы эталондармен, стереотиптермен, мифологемалармен т.б. ассоциацияға түсетін бейнелі оралымдарға тіл тұрақтылық, біртұтастылық, тиянақтылық қасиет дарытады. Бейнелі тұрақты оралымдар тілдік қолданыста лингвомәдени қауымдастыққа тән менталитетті, дүние бейнесін жаңғыртады. Демек тілдің фразеологиялық және паремиологиялық қорын зерттеу – мәдени дәстүрлер мен құндылықтардың тілге ену жолын, амал-тәсілдерін айқындауға көмектеседі 3, 135-б..

Тілдің паремиологиялық қорын Ә.Т.Қайдар «халық даналығының қоры» деп бағалап, ол қорды «көненің көзіндей «ескі дүниелер» мен «замана талабына сай жаңғыратын, жаңа ұғым-түсініктермен толығып, толысып отыратын» екі жақты тілдік процестердің «ұйтқысы», ғасырлық өмірлік тәжірибе мен қордаланған білімдер жиынтығының нәтижесі» деп таниды.

Мақал-мәтелдер – тіл өкіліне «өз халқының басынан кешірген барша өмірін, салт-сана, қалыптасқан дәстүр, дүниетанымын елестете алуға», «болмыстағы құндылықтарды танып-біліп, заңдылықтарын ашып, олар туралы ой мен түсінігін тұжырымдап айтуға», «адамзат қауымына тән ортақ көзқарас пен құндылықтарды бағалауға» көмектесетін тіл фактілері. Олардың шындық болмыстағы нақты заттар мен құбылыстарға байланысты пайда болған алғашқы мағынасы мен оның даму барысында абстракцияланып, адамға бағышталған ауыс мағынасы арасындағы логикалық, уәждік, семантикалық байланыстың, гомоцентристік үрдістің табиғатын айқындау антрополингвистикалық зерттеуді талап етеді [4, 50-б.].

Мақал-мәтелдерді «тіл-ойлау-мәдениет» тұтастығында зерделеп, олардың этномәдени мазмұнын «тілдегі адам факторымен» сабақтастыру, дүние бейнесін қалыптастырудағы паремиологиялық қордың рөлін анықтау, ұлттық-мәдени құндылықтардың, мәдениет константтарының паремиялардағы көрінісін айқындау – қазіргі тіл біліміндегі антропоцентрлік бағыттың маңызды мәселелері қатарына жатады.

Қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдер лексика-стилистикалық, құрылымдық-мағыналық, танымдық-прагматикалық, құрылымдық-синтаксистік, этнолингвистикалық, узуалды-окказионалдық тұрғыдан біршама қарастырылғанымен, мақал-мәтелдер өмірлік-типтік жағдаяттарды «тіл-мәдениет» тұтастығына негіздеп таңбалайтын, бейнелеп атайтын тіл бірліктері ретінде лингвомәдениеттанымдық аспектіде арнайы зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселелер таңдалынып алынған тақырыптың сонылығын танытып, өзектілігін дәйектейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет