16-ДӘРІС. Ақпараттық модельдеу.
Қарастырылатын сұрақтар: Ақпараттық модельдеу туралы ұғым. Модельдерді құрудың негізгі кезеңдері. Формальдау. Математикалық модельдеу және есептеу эксперименті.
Модель - дегеніміз қандайда бір объектінің өзінің нақты бейнесінен басқа бейнеде берілуі. Барлық дерлік тірі не өлі табиғат жайындағы немесе қоғам жөніндегі ғылымдарда модельді қолдану танудың ең күшті құралы болып табылады. Шынай объектілер мен процесстер өте күрделі болып келеді, сондықтан оларды зерттеудің ең қолайлы жолы шынайы түрінің тек кейбір жақтарын бейнелейтін сондықтан да одан бірнеше есе қарапайым болатын модель құрып және сол модельді зерттеген тиімді. Ғылымның ғасырлар бойғы дамуының тәжірбиесінде модельдеудің нәтижелілігін дәлелдеп отыр. Модельдеудің екі ерекше жолы бар. Модель шынайы объектінің кейбір ғана элементтерін алып тастаған, басқа материалдан басқа масштабта жасалған көшірмесі болуы мүмкін. Мысалы ойыншық самолет, ойыншық кеме, кубиктерден жасалынған үй т.б. Модель шынайы объектіні қандай да бір ережелерге сай формальданған түрде, математикалық қатыстар арқылы, сөзбен бейнеленген еркін формада т.б. формаларда абстрактілі беріле алады.
Ғылымдардың қолданбалы салаларында абстрактілі модельдердің келесі түрлері кездеседі:
Мәтіндік модельдер. Бұл модельдер қолданыс саласының диалектісіне сәйкес жазылған сөйлемдердің тізбегінен тұрады.
Объектінің немесе процесстің маңызды жақтарын теңдеулер түріндегі немесе басқа математикалық құралдармен бейнелейтін математикалық модельдер.
Информациялық процесстерді бейнелейтін таңбалар класының модельдері-табиғаты әр түрлі жүйелердің информациялық модельдері.
Компьютерлік математикалық модельдеу информациялық технологияға байланысты. Компьютерді қолдану және информацияны өңдеудің сәйкес технологиясы физик, инженер, эколог, экономист, жобалаушы сияқты мамандар жұмысының ажырамас қыры болып табылады.
Математикалық модельдеу қадамдары.
Математикалық модельдерді қолданып есептерді аналитикалық жолмен де шығаруға болады. Бірақ көп жағдайда есептеудің сандық әдістері қолданылатындықтан компьютерде модельдеудің маңызы зор.
1-суретте есепті математикалық модельдеу жолымен шешу процессінің қадамдары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |