Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №32• 2016



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.09.2023
өлшемі0.86 Mb.
#477214
1   2   3   4   5   6   7   8
Байдабеков А.К.

Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017 
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 5 professional education № 2 (41) •·2017 
даму стратегиясы» тақырыбы бойынша шетелдік интерактивті семинарына, The 
Idea Factory(s) Pte Ltd (Сингапур) және «Central Asia Priority» (Қазақстан) бірігіп 
ұйымдастырылған; Харьков қаласында (Украина) «Геометриялық модельдеудің 
заманауи мәселелері» ІІ-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына; 
сонымен қатар, Киев қаласында (Украина) Киев ұлттық құрылыс және сәулет 
университетінде (КҰҚСУ) ғылыми тағлымына. 
Ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда көптеген ғылым кандидаттары 
мен докторларына ғалым ретінде, пісіп жетілуіне өз тарапынан талмас еңбек пен 
ақыл қосқан нағыз ұстаз. 2010 жылы Астана қаласында өз жетекшілігімен Д.Д. 
Абильдабекова мен М. Молдалиевты, педагогика ғылымдарының кандидаттарын 
даярлап, қорғатты.
Халықаралық шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасу нәтижелерінің бірі, 
Сингапурлік семинарға қатысу нәтижесінде, сингапурдың жетекші басшыларымен 
және мамандарымен, профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу жолы 
арқылы өзінің кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігі туды. Сингапур аталған 
семинарды өткізу орны болып кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі білім беру сапасы 
бойынша Сингапур әлемнің үздік елдерінің ондығына кіреді. Семинарды, білім 
беруді басқару саласында көп тәжірибе алған университет профессорлары жүргізді. 
Харьков 
қаласында 
орналасқан 
Украинаның 
Харьков 
ұлттық 
радиоэлектроника университетінде «Сызба геометрия және графика» кафедрасы 
мен Луцский мемлекеттік техникалық университетінің (Укранина) «Сызба 
геометриясы, инженерлік және компьютерлік графика» кафедраларының арасында 
графикалық білім беру саласында және ғылыми-зерттеу жұмыстарында 
халықаралық қызметтестік туралы сұрақтар келісіліп, тәжірибе алмасу бойынша 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ мен осы аталған университеттер арасында өзара 
қызметтестік туралы келісімшартқа қол жеткізген. 
Ғаламтор мүмкіндіктерін қолдана отырып, шетелдік серіктестерімен 
виртуалдық байланыс орнатылған, компьютерлік бағдарламаларын сынақтан 
өткізген, ұсынылған бағдарламалық жасақтамалары игерілген, инженерлік графика 
бойынша автоматтандырылған жүйеде оқытылатын бағдарламалар, электрондық 
оқулықтар жасалған. 
Ғылыми еңбектерде қолданбалы геометрия мен инженерлік графика бойынша 
ғылыми еңбектерді басылымға шығару мүмкіндігін асыру барысында көптеген 
еңбектер атқаруда. Осыған мысал ретінде, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев 


Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017 
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 6 professional education № 2 (41) •·2017 
атындағы Еуразия ұлттық университет жанынан шығатын «Инженерлік графика 
мен кәсіби білім проблемалары» атты ғылыми-педогикалық журналдың 
редакциялық алқасының мүшесі. 
Қазақта, «ғалымның хаты ...» қалады деген сөз бар. Осыған орай, ғалым 
Жаңабаевтың көптеген оқулықтары мен оқу құралдары бар. Алматы қаласындағы 
«Мектеп» баспасынан 2005 жылы «Инженерлік және компьютерлік графика» атты 
оқулығы (305 беттен тұрады) Қазақстан Республикасы білім және ғылым 
министрлігі ұсынған оқулық ретінде үлкен данамен басылып шыққан. Бұл оқулық 
жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері 
әзірлеу, басып шығару және оларды мемлекеттік тілге аудару бойынша 
республикалық конкурстың жеңімпазы болады. Екінші үлкен 507 беттен тұратын 
көлемді еңбегі «Инженерлік графика (сызба геометрия, машинажасау сызуы)» 
оқулығы да, Алматы қаласында «Экономика» баспасында 2012 жылы басылып 
шыққан. Бұл оқулық та, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 
ұсынған еңбек. 
Сонымен, бұл оқулықтарда студенттер сызба геометриясы әдістері мен 
қарындаштың көмегімен сызу ережелерін игере отырып, ақпараттық технологиялар 
негізінде инженерлік графика тапсырмаларын шешуге мүмкіндік беретін 
компьютерлік графика құралдарын қатар үйрену, студенттердің графикалық бөлігін 
алдымен қолмен орындай отырып, содан соң автоматтандырылған жолмен сызып 
үйрету болып табылады. 
Үлкен ғылыми еңбегі, яғни «Пути совершенствования инженерно-графической 
подготовки специалистов в условиях развития информационных технологий» атты 
монографиясы 2004 жылы Алматы қаласында басылып шыққан (168 бет). Сонымен 
қатар, «Сызба геометриясы мен инженерлік графика» курсы бойынша 
мультимедиялық дәрістер жинағы жасалған.
Тұнғыш «Қолданбалы геометрия мен инженерлік графикадан» Киев 
қаласында, Киев инженерлік құрылыс институтының (КИСИ) аспиранты болған. 
Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлы кандидаттық диссертациялық жұмысын 1976 
жылы Киев инженерлік құрылыс институтында «Алгоритмы задания и 
развертывания торсовых поверхностей, обеспечивающие автоматизацию их 
конструирования» тақырыбы бойынша қорғаған. Зерттеудің құндылығы: 
жасалатын беттерге тиісті кез-келген түрдегі бағыттаушы сызықтармен берілген 
торстық беттерді жасаумен, оны жазудың автоматтандырылған жүйесін құру, 


Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017 
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 7 professional education № 2 (41) •·2017 
торстық беттерді құрастыруды және оның жазбасын орындауды автоматтандыру 
процесін толық қамтамасыз ететін кешенді бағдарламаның құрастырылуын, 
күрделі жазылмайтын беттерді жазылатын беттердің бөліктерімен аппроксимация-
лау мүмкіндігін беретін алгоритмдерің ұсынылуы болып табылады [1]. 
 
2005 жылы «Инженерлік және ақпараттық технологияларды дамыту 
жағдайында мамандарды даярлаудың графикалық мазмұнын жетілдіру» докторлық 
диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін 
алған [2].
Профессор Жаңабаев кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарып, 
жетекшілік жасап келді. Айтар болсақ: «Оқу процесінде ЭЕМ-ді пайдаланудың 
нәтижелілігін жоғарлату» тақырыбы бойынша мемлекеттік бюджеттік ғылыми 
зерттеу жұмысында жүргізілетін қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысымен жоғарғы 
оқу 
орындарындағы 
инженерлік-техникалық 
мамандықтар 
студенттерін 
инженерлік компьютерлік графика және автоматтандырылған жобалау негіздері 
саласында дайындауды жетілдірудің дидактикалық негіздерін педагогикалық 
тұрғыдан жасалған зерттеулер. Сонымен бірге, Білім және ғылым министрлігінің 
іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары гранты бойынша «Экологиялық нормалау 
мақсатында өте жоғары кернеулі әуелік электр желілерінің қоршаған ортаға әсерін 
анықтау әдістемесін жасау» атты ғылыми жобаны орындау болып табылады.


Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017 
 
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 8 professional education № 2 (41) •·2017 
Профессор Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлының ғылым мен білімге қосқан 
үлесі, Сызба геометрия ғылымының өрлеуі мен дамуына қосқан үлесі көп және 
жемісті, сонымен бірге, Жақсылық Жұмаділұлы, Оңтүстік Қазақстан облысында 
қолданбалы геометрия мектебін ашқан ғалым. Профессор Жаңабаевтың шәкірттері 
де аталған ғылымға өз үлестерін қосып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет