Инжиниринг және ақпаратттық технологиялар факультеті


Күш және моменттер. Статикалық және динамикалық моменттер



бет5/6
Дата02.12.2022
өлшемі197.1 Kb.
#466299
1   2   3   4   5   6
Датчик реферат (копия) (копия) (копия) (копия) (копия)

Күш және моменттер. Статикалық және динамикалық моменттер.Электр жетегінің қажетімен танысқанда күш және моменттермен көп кездесеміз. Күш Ньютонмен (Н) өлшенсе, момент ньютон ·метрмен өлшенеді. Барлық есептеулер Халықаралық жүйеде беріледі. Мысалы, GD2 – моментін [кгс·м2] инерция моментіне J=GD2/4 [кг·м2] айналдыру керек; айналу жиілігін n (об/мин) бұрыштық жылдамдыққа w=n/9,55 [рад/с] айналдыру керек.
Қазіргі электр жетегінде электр қозғалтқыш механикалық беріліс арқылы жұмыс органымен орындаушы механизмін қозғалысқа келтіреді. Орындаушы механизмінің қызметін жүк көтергіш барабаны, прокат станогының білікы атқарады. Қозғалтқыш редуктор арқылы барабанды айналдырады. Барабанның айналу бағытына байланысты жүк біресе көтеріледі, біресе төмен түседі. Осылайша жетекте айналмалы элементімен қатар көтерілмелі қозғалыс орын алады.
Егер қозғалтқыш тұрақты жылдамдықпен айналса, айналмалы момент кедергі моментке тең болады және оны жеңеді. Осы кедергі моментін статистикалық моменті деп атайды. Статистикалық моменттің қызметін кранның тележкасы, жүк көтеру моменті, металды кесуге арналған момент және тағы басқасы атқарады.
Статистикалық моменттер активті және реактивті болып бөлінеді. Активті моменттер үнемі бір бағытта әсер етеді, оның қызметін жүк моменті атқарады. Осы момент жүктің түсу бағытына бағыттас әсер етеді. Серіппелі дененің сығылуы немесе созылуы кезіндегі моменттерді потенциалдық моменттер деп аталады, өйткені осы моменттің әсері потенциалдық энергияның өзгерісіне байланысты болады.
Реактивті моменттер үнемі қозғалыстың бағытына қарсы әсер етеді. Осы моментке тежелу күшінің моменті, металды кесу кезіндегі моменттер жатады.
5.4-суретте активті және реактивті статистикалық моменттердің айналу бағытына байланысы көрсетілген.





5.4-сурет. Активті және реактивті статистикалық моменттердің айналу бағытына байланысы көрінісі 


Активті момент тура және кері айналу бағытында өзгеріссіз қалады. Реактивті моменттер айналу бағыты өзгеруіне байланысты белгісін өзгертеді. Статистикалық моменті әсер ететін механизмі ретінде центробежді сорғы, желдеткіш қолданылады, осы механизмнің статистикалық моменті жылдамдықтың квадратына пропорционал.
Механизмнің айналу жылдамдығының статистикалық моментіне байланысы w=f(Mc) өндіріс механизмінің механикалық сипаттамасы деп атайды, бұл 5.5-суретте көрсетілген.
5.5-суретте 1 - тұрақты статистикалық моментті механизмінің механикалық сипаттамасы, 2 - механизмнің Mc=Cw2 кезіндегі механикалық сипаттамасы (мысалы тұрақты токтағы генератор), 3 – желдеткіштің механикалық сипаттамасы, 4- реалды центробеж сорғының механикалық сипаттамасы көрсетілген, Mc=MCT+Cw2.
Электр жетегі үнемі жылдамдық өзгеріп тұрғанда жұмыс істейді, көбейгенде және азайтқанда электр жетегі жылдамдайды немесе баяулайды. Мысалы осы режимге қозғалтқыштың қосылуы, білікдың жүктемесінің азаюы, көбеюі, тежелуі жатады. Осы жағдайларда моменттер статистикалық моментпен теңеседі:
M+MC≈MД, (5.1)
мұндағы М – айналу моменті; МС – статистикалық моменті; МД – динамикалық момент.

5.5-сурет. Өндіріс механизмінің сипаттамалары


Динамикалық момент келесі өрнекпен анықталады:
MД=М+МС, (5.2)
егер әсер ету бағыты қозғалыс бағытымен сәйкес келсе, соңғы теңдеуінің сол жағындағы моменттер оң бола алады, ал егер керісінше болса, онда моменттер теріс таңбаға ие болады. Оң таңбаға ие болса, онда электр жетегі үдей түседі, MД – оң таңбалы болады. Ал егер (5.1) теңдеуінің сол жағы теріс болса, онда электр жетегі тежеледі және динамикалық момент MД теріс таңбалы болады. Ал егер де қозғалыс моменті тең және статистикалық моментке қарсы болса, MД=0 болады, М+МС=0, ал қозғалтқыш тұрақты жылдамдықпен айналады. Жетектің жедел токталуы үшін механикалық тежелу қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет