Қорытынды
Өз кезегінде, электр жетегінің дамуы технологиялық ауқымға да əсерін тигізді, бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер ашылып, көптеген өндірістерді толық автоматтандыруға қол жетті.Ауыл шаруашылығында электр жетектерді кеңінен пайдалану ұдайы өсіп келеді, негізінен алғанда жиіліктік-реттелетін асинхрондық электр жетектерінің таралуы мол. Бұл жағдай, ауылшаруашылық өндірісіндегі қол еңбегінің үлесін азайтып шығарылатын өнімдердің бəсекелестік қабілеттерін арттырады. Қазіргі күндерде электр жетектері электр энергиясының 70% артығын тұтынады, сондықтан бұл салада энергия үнемдеудің негізгі потенциалы қорланған. Күн тəртібіне электр жетектерін тиімді пайдалану мəселесі ұздіксіз қойылып келеді.
Қорыта айтсақ, электрші мамандар автоматтандырылған электр жетегінің элементтік базасын, автоматты басқарудың тұйықталмаған жəне тұйықталған жүйелерінің құрастырылуының негізгі қағидалары мен жұмысын жете білуге тиіс. Сондықтан, электр жетегінің негіздерін оқып үйрену, оның заңдылықтарын біліп игеру электр энергиясын тиімді пайдаланудың алғашқы шарты болады. Оқу құралында электр жетегінің теориялық негіздері, қозғалыс теңдеулері, механикалық сипаттамалары, бұрыштық жылдамдық пен моментті реттеу, өтпелі процестер, жұмыс режимдері, электр қозғалтқыштың қуатын таңдау негіздері қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ильинский Н.Ф.Основы электропривода: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд.- М.: Издательство МЭИ, 2003, 224 с.: ил.
2. Москаленко В.В. Автоматизированный электропривод: Учебник для вузов. -М.: Энергоатомиздат, 1986, 416 с.:ил.
3. Справочник по автоматизированному электроприводу. /Под ред. В. Елисеева и А.В.Шинянского.-М.:Энергоатомиздат, 1983, 616с.
4. Ключев В.И. Теория электропривода.- М.: Энергоатомиздат, 1985, 560 с.
5.Автоматтандырылған электр жетегі /оқулық/. Ы.Туғанбаев. - Алматы.: Республикалық баспа кабинеті, 2004 ж. 280 бет
Достарыңызбен бөлісу: |