«Инклюзивті білім берудің базасының келешек моделі»
Біздің мемлекетімізді инклюзивті білім беру қәзіргі кезде өте жүйелі түрде қолға алынған. Барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ортаға бейімделуі. Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалынуда. Инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру қаралуда. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері :
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
«Инклюзивті білім берудің базасының келешек моделі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болып өтті.
Қарағанды облысы білім
басқармасының Приозерск қаласы
білім бөлімінің «№1 жалпы білім
беретін мектебі»КММ-нің
мұғалім-дефектологы Г.Нуржанова
Достарыңызбен бөлісу: |