ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Турлыбекова Н.М., аға оқытушы
Белғожақызы М., Сейдалиева Д.А., оқытушылары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми-техникалық прогресс және экономикалық байланыстардың жеделдеуіне байланысты тәуекел анықтамасы мен оны басқару шаруашылық қызметтің маңызды бөлігіне айналуда. Тәуекел «соңы жақсы бітеді деп үміттеніп сәттілікке сүйеніп әрекет ету» деп түсіндіріледі [1]. Тәуекелдің сипатты белгілеріне келесілер жатады – белгісіздік, күтілмегендік, сенімсіздік, жетістікке қол жеткізіледі деген болжам.
Тәуекел – түрлі дәрежедегі шаруашылық субъектілерінің жоспарын жүзеге асыру және бюджетін орындау кезіндегі жағымсыз жағдайдың орын алу мүмкіндігі. Тәуекел экономикалық, саяси және әлеуметтік қоғамдық өмірдің ажырамас элементі ретінде нарық жағдайында қызмет ететін кез келген ұйымның барлық қызмет бағыттары мен салаларын қамтиды. Сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыз дәрежесі, тұрақты және қатаң бәсеке, озық техника мен технология, валюта бағамдарының кенеттен өзгеруі, бақыланбайтын инфляция, заң шығарушы базаның тұрақсыздығы, заманауи экономиканы сипаттайтын басқа да теріс факторлар қандай да болмасын коммерциялық операцияның кепілденген жетістікке жетуі мүмкін еместігін көрсетеді. Осының салдарынан кез келген замануи ұйымның қалыпты қызмет етуі мен дамуы үшін ұйым басшысы қатаң ғылыми негізде тәуекелдерді болжау, алдын алу және басқаруды жүзеге асыруы тиіс [2].
Кез келген экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметімен сипатталады. Экономикалық әдебиеттерде тәуекелдің келесідей қызметтерін бөледі:
-
Инновациялық қызметі, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел кәсіпкер алдында тұрған мәселелердің әдеттен тыс шешімдерін іздеуге ынаталандырады.
-
Реттеуші қызметі қарама-қайшы сипатта болады және де екі түрлі сипатта болады: 1) құрылымдық сипатында тәуекел катализатор қызметін атқарады, оған белсенділік, болашаққа ұмытылушылық, шешімдер іздестіру; 2) құрылымсыздық сипаты негізделмеген тәуекелмен шешім қабылдау волюнтаризм, авантюризмге алып келеді, яғни тәуекел тұрақсыздандыру факторы болып табылады.
-
Қорғаушылық қызметі тәуекел бастамашыл кәсіпкерлерге сәтсіздік болған жағдайда жазадан босататын және орынды тәуекелді ынталандыратын сәйкесінше қорғаныс қажет.
А.П. Альгин қорғаушылық қызметін екі аспектіге бөледі:
-
тарихи-генетикалық – адамдар арқашан жағымсыз салдарлардан қорғайтын құралдар мен формалар іздеген;
-
әлеуметтік-құқықтық – новаторға тәуекелге баруға құқық беру.
Кейінірек тағы біреуі ұсынылған болатын– аналитикалық – мүмкін болған шешімдерден біреуін таңдау кезінде туындайтын тәуекел.
В.В.Глущенко тәуекелдің тағы екі қызметін көрсетеді:
1) өтеуші – бұл қызмет өтеуші жетіскке алып келуі мүмкін – оң нәтижеге жеткен жағдайда жоспарлы пайдадан бөлек қосымша пайдаға алып келеді;
2) әлеуметтік-экономикалық – бұл қызметі нарықтық қатынас жағдайында тәуекел мен бәсекелестік қоғамдық топ ішінен тиімді меншік иеленушілерінің әлеуметтік тобын іріктеп алуға мүмкіндік береді, ал экономикада – тәуекел қабылданатын қызмет салаларын бөліп алуға мүмкіндік береді. Нарықтағы тәуекелді жағдайларға мемлекеттің араласуы аталған тәуекел қызметінің тиімділігін шектейді.
Тәуекел функцияларын қарастыра отырып, тәуекел айтарлықтай жоғалтулар әлеуетіне қарамастан, ол мүмкін болатын пайда алу көзі болып табылатындығын да есепке алуымыз керек. Сондықтан кәсіпкердің негізгі міндеті тәуекелден мүлдем бас тарту емес, объективті белгілер мен өлшемдерге негізделген тәуекелге байланысты шешімдердің бірін таңдау, атап айтсақ: кәсіпкердің тәуекелге бара отырып қандай шекке дейін әрекет ете алатындығы [3].
Тәуекелге көптеген сипаттар тән. Олардың ішінен келесілерін бөліп қарастыруға болады:
-
Қарама-қайшылығы;
-
Баламалығы;
-
Белгісіздігі [1].
Қарама-қайшылығы келесілерден көрінеді, бір жағынан, тәуекелдің маңызды экономикалық, саяси және рухани-адамгершілік салдары бар, себебі қоғамдық техникалық прогрессті жеделдетеді. Қоғамдық пікірге және қоғамның рухани атмосферасына оң әсер етеді.
Екінші жағынан, тәуекел авантюризм, волюнтаризм, субъективизмге алып келуі мүмкін, әлеуметтік үдерісті тежейді, әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік шығындарға алып келеді, ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында шешім қабылданып отырған істің даму барысында объективті заңдылықтарды есепке алмастан тәуекелді жағдайлардың баламаларының бірі таңдалады.
Баламалығы екі немесе одан көп мүмкін болатын шешімдердің таңдау қажеттілігін сипаттайды. Таңдау жоқ жерде, тәуекелді жағдай да орын алмайды, сәйкесінше тәуекел де болмайды.
Тәуекелдің бар болуы белгісіздікпен тікелей байланысты. Ол көрінуі формалары мен мазмұны бойынаша әртүрлі болып келеді. Тәуекел нақты білмеу, ортақ бір мәннің болмауын сипаттайтын белгісіздікті болдырмау әдістерінің бірі болып табылады. Тәуекелдің бұл қасиетіне баса мән беруіміздің бірден бір себебі, белгісіздік объективті және субъективті пайда болу көздерін есепке алмастан, тәжірибе жүзінде басқару мен реттеуді оңтайландырудың мүмкін еместігі [1].
Нарық жүйесіндегі заманауи экономикалық дамудың сипатты белгісі инновалық үдерістерді бірінші орынға қою болып табылады. Экономикалық барлық салаларында, әсіресе өндірісте технологиялардың тұрақты түрде жаңаруы жүріп жатыр. Инновациялар экономикалық өсудің маңызды факторына айналуда.
Алайда, көптеген ғалымдарыдң пікірі бойынша, мемлекет саясатының инновациялық даму бағытына көшкеніне қарамастан, Қазақстан әлі де дамыған елдерге қарағанда артта қалуда, және де бұл алшақтық ұлғаюда. Әлемдік инновациялық жүйеге интеграция дәрежесі төмендігі байқалады [4]. Сонымен қатар, технологиялық жаңару, бәсекеге қабілетті өнім шығару және маманданған кадрлармен қамтамасыз ету интеграция қажет [5].
2012 жылдың 5 қыркүйегінде Бүкіләлемдік экономикалық форум 2012-2013 жж бәсекеге қабілеттіліктің Ғаламдық есебін шығарды. Бұл жылы көшбасын Швейцария алуда. Әрі қарай Сингапур, Финляндия және Швеция. Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан 51-ші орында орта балл 4,4 өткен жылмен салыстырғанда 21 орынға көтерілді ( 2011-2012 рейтингісінде – 72 орын) [6].
Нәтижесінде интеллектуалдық еңбек өнімдері шығарылатын инновациялық қызмет – ғылыми-техникалық процесстің негізі болып табылады. Заманауи экономикада инновациялардың рөлі айтарлықтай өсті, жаңа технологиялар, инновациялық шешімдерді енгізу, ғылыми сыйымдылығы мен жаңалығы дәрежесі жоғары, бәсекеге қабілетті өнім жасап шығару үшін қажетті шарт болып табылады. Сәйкесінше, нарықтық ортаның тиімді қызмет атқаруы және дамуы үшін жаңа қажеттіліктер жасау, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, инвестициялар ағымы, жаңа өнім шығарушы кәсіпорының беделінің өсуі, жаңа нарықтардың ашулы мен оны жаулап алу, сонымен қатар жалпы бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауына алып келетін инновациялық идеяларды жасап шығару және енгізу қажет.
Инновациялық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін инновациялық тәуекелді туындататын факторларды анықтап, бағалау қажет, сонымен қатар, инновациялық жүйелердің даму дәрежесін бағалау кезінде есепке алу, инновацияллық тәуекелді басқару үшін ең алдымен тәуекел объектісінің мәнін анықтап алуымыз қажет, яғни «инновация», «инновациялық жүйе» түсініктерін анықтауымыз керек. Қазіргі уақытта аталған түсініктерді анықтауда бірегей тәсіл жоқ деуге болады. Инновация түсінігін ғылыми айналымға ең алғаш енгізген австриялық ғалым, экономист Й.Шумпетер болатын, ол дамудың қозғаушы күші өндіріс факторларының жаңа үйлесімін тұрақты түрде іздеуді сипаттайтын тапқырлық, бастамашылдық деп сипаттама берді. Инновациялар мәні ғылыми-техникалық әзірелемелер мен өнертабыстарды тәжірибеде қолдану. Инноватор дегеніміз өнертапұыш емес, техника адамы да емес, инноватор – кәсіпкер, бизнестің адамы [7].
Инновациялық жүйе түсінігі ең алғаш 1987 жылы К.Фриман Жапониядағы технологиялық зерттеулерінде қолданған болатын [8]. К.Фриманның пікірі бойынша, ұлттық инновациялық жүйе, негізінде инновациялардың нәтижелілігі жататын жүйе құрушы механизм болып табылады [9]. Инновациялық жүйеге арналған алғашқы маңызды еңбек болып 1999 жылы Б.Лундвалл редакциясымен шыққан «Инновациялардың ұлттық жүйесі» кітабы болып табылады [10]. Заманауи үдерістерді қарастыра келіп, Б.Лундвалл «нновациялардың ұлттық жүйесі» (ИҰЖ) екі анықтама береді – тар және кең мағынасында. ИҰЖ тар мағынасында – бұл «іздену мен өнертабыс үдерісіне қатысатын ұйымдар мен институттар жүйесі, яғни ҒЗТКЖ жүргізетін ұлттық зерттеу институттары, технологиялық институттар, университеттер мен жеке кәсіпорындардың бөлімшелері». ИҰЖ кең мағынасында келесілерді қамтиды «іздену мен зерттеу үдерісіне әсер ететін, экономикалық құрылым мен институционалдық жүйенің барлық аспектісін қамтиды – өндірістік жүйелер, маркетинг жүйесі, қаржылық жүйе, сонымен қатар жоғарыда аталған барлық жүйелер шеңберінде қызмет атқаратын ішкі жүйелер» [1], [2].
«Инновация» және «инновациялық жүйе» түсініктерін қарастыра келе, инновациялардың нәтижелілігі инновациялық жүйелердің даму дәржесіне тәуелді деген қортындыға келсек болады. Инновациялық жүйелердің даму дәрежесі, өз кезегінде, инновациялық тәуекел және оның факторлары қаншалықты нақты анықталып, бағаланғанына байланысты. Қазіргі кезде елдің және аймақтардың инновациялық тәуекелін анықтау өзекті мәселеге айналып келеді, себебі еліміздің экономикасының инновациялық даму бағытына көшуіне байланысты инновациялық тәуекелдерді анықтау және басқару тәсілдерін әзірлеуді талап етіп отыр.
Біздің пікірімізше, инновациялық қызметті зерттеуге байланысты еңбектердің көптігіне қарамастан, инновациялық тәуекел түсінігін анықтау мәселесі әлі де толық зерттелмеген. Инновациялық тәуекел түсінігі түрлі еңбектерде түрліше түсіндіріледі.
И.В.Демкин пікірінше, инновациялық тәуекел деп «компанияның инновациялық жобаларын жүзеге асыру кезінде жоба ақша айналымдары мен портфель құнына жағымсыз (жағымды) әсер ететін, белгісіздік жағдайларының жиынтығы» [3]. Біздің пікірімізше, бұл анықтама жалпы белгісіздікпен сипатталған және инновациялық тәуекелдің микродәрежедегі көрінісін ғана сипаттайды.
Ұқсас пікірді Н.В.Хохлов та ұстанады, ол «инновациялық тәуекелдер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде пайда ала алмау немесе жоғалту мүмкіндігімен байланысты» деп есептейді [4]. Бұл жағдайда анықтама тәуекел мәні ашпайды, тек неге байланысты екендігін ғана сипаттайды.
Ю.В.Вертакова және Е.С.Симоненко инновациялық тәуекелді «ұйымның нарықта күтілген сұранысқа ие болмауы мүмкін жаңа тауар немесе қызмет өндірісі, жаңа техника мен технология жасауға салымдар салған кезде, сондай-ақ күтілген нәтиже бермеуі мүмкін, басқарушылық инновациялар әзірлеуге салымдар салу кезінде пайда болатын жоғалтулар ықтималдылығы [5]. Біздің пікірімізше, Ю.В.Вертакова мен Е.С.Симоненконың анықтамасы инновациялық тәуекелді жетілдіру, тауарлар мен технологиялар нәтижелілігін есепке алмастан, тек жаңа тауар мен қызмет өндірісімен ғана байланыстырады.
В.М.Гранатуров «инновациялық тәуекел ғылыми-техникалық жаңалықтарды қаржыландыру және қолданумен байланысты. Себебі ғылыми-техникалық прогресс нәтижелері мен шығындары уақыт бойынша ұзартылған және бөлінген. Инновациялық тәуекелді объективті және өзгермейтін шындық деп қабылдайды» деп белгіленген [6]. Жоғарыдағы анықтамалар сияқты инновациялық тәуекел мәнін толық ашпайды, тек қана жекелеген қасиеттеріне сипаттама береді.
Е.Б.Жихор «инновациялық тәуекел – бұл инновациялық жобаны жүзеге асыру кезінде болжаулымен салыстырғанда ақша ағымдылығын ала алмаған соммасы» деп есептейді [7]. Дұрыс анықтама, алайда тәуекелді жағдай орын алып болғаннан кейінгі нәтижені анықтайды, яғни тәуекелдің өзін емес, «жүзеге асырылған тәуекелді», себебі тәуекел белгісіздік пен шешімдердің баламалығын сипаттайды.
Сонымен, ииновациялық тәуекел түсінігінің заманауи тәсілдеріне талдау жүргізу ортақ пікір жоқ екендігін көрсетті. Кейбір авторлар (Н.В.Хохлов, В.М.Гранатуров) тәуекел мәнін емес, тек орын алуының мүмкін себептерін көрсетсе, екіншілері (Е.Б.Жихор) тәуекелдің өзін емес, тек жүзеге асырылғаннан кейінгі салдарына баға береді. Сондай-ақ инновациялық тәуекелдердің келтірілген анықтамаларында тәуекел пайда болуына әсер ететін факторларын есепке алмастан, тек инновациялық қызметтің микро деңгейінде ғана қарастырылады.
Инновациялық жоба тәуекелі мәнін И.П. Агафонова ұсынған келесідей сипаттама арқылы анықтауға болады:
-
Тәуекел – инновациялық жобаның ажырамас бөлігі.
-
Инновациялық жоба тәуекелі - нақты экономикалық субъекті және дәстүрлі бизнес үдерістеріне тән тәуекел ортасында жүзеге асырылатын, түрлі элементтерден тұратын, нақты инновациялық жобаға тән тәуекелдер жиынтығы.
-
Инновациялық жоба тәуекелі сол инновациялық жоба жүзеге асырылатын, объективті бар белгісіздік ортасында ешқашанда жоққа шығарылмайды.
-
Инновациялық жоба тәуекелі негізінде баламалы шешімдердің болу мүмкіндігі жатыр.
-
Тәуекел шығындардың болу мүмкіндігімен, қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмау мүмкіндігімен байланысты болып келеді.
-
Инновациялық жоба тәуекеліне объективті-субъективті сипат тән. Тәуекелдердің негізгі қайнар көзіне, бір жағынан, ақпараттың объективті толымсыздығы немесе жетіспеушілігі, екінші жағынан, ақпараттың субъективті қабылдануы және бұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі жатады.
-
Инновациялық жоба тәуекелі жобаның қайталанбастығына байланысты, болашақ болатын жағдайлардың белгісіздігімен, сонымен қатар өткен кезеңдердегі мәліметтерді талдау және жуықтау үшін толыққанды базаның болмауымен сипатталады.
-
Инновациялық жоба тәуекелін бағалауда және оның тиімділігін анықтау кезінде шешім қабылдаушы тұлғаның субъективті бағалауы орын алады, осыдан келіп тәуекелді мәндік бағалау аталған шешім қабылдаушы тұлғаға байланысты болып келеді, яғни аталған субъектінің инновациялық жоба тәуекеліне деген толеранттылығына байланысты.
-
Инновациялық жоба тәуекелі тәуекел дәрежесі мен инновацияық жоба жаңалылығы арасындағы пропорционалды тәуелділігімен байланысты болып келеді.
-
Инновациялық жоба тәуекелі екіжақтылықпен сипатталады, бір жағынан, басқару объектісі болып табылады, ал екінші жағынан, ұйым қызметіне әсер етеді, сол арқылы тәуекел механизмі жасалады [8].
Кәсіпкерлік қызметтегі, бизнестегі тәуекел басқару теориясы мен тәжірибесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде дербес теориялық және қолданбалы мәнге ие. Қазіргі кезде тәуекел мәні жөнінде біржақты түсінік жоқ. Бұл аталған құбылыстың көп қырлылығымен түсіндіріледі.
Отандық және шетелдік авторларымен ұсынылған бірқатар тәуекел анықтамаларын қарастырайық:
-
Тәуекел – әлеуетті, санмен өлшенетін жоғалту мүмкіншілігі. Тәуекел түсінігі жобаны жүзеге асыру кезінде пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар мен салдарлармен байланысты анықсыздықпен сипатталады.
-
Тәуекел – жоғалтулар, шығындар пайда болуы, жоспарланған табыстар мен пайда алмау ықтималдылығы.
-
Тәуекел – болашақтағы біздің қаржылық нәтижелеріміздің анықсыздығы.
-
J.P. Morgan тәуекелге болашақ таза пайда алудың анықсыздық дәрежесі деп анықтама береді [9].
Тәуекел орын алуының негізгі нысаны келтірілген анықтамаларға сүйенсек қаржылық жоғалтудың орын алу қаупі болып табылады. Сонымен қатар, 1-суретке сәйкес тәуекел орын алуының басқа да сыртқы нысандары бар.
Сурет 1- Тәуекелдің орын алу нысандары
Тәуекелді қызметтердің мәндік сипаттарын көріну формалары: ынталандырылған шешім және баламаларды таңдау және жүзеге асыру; орын алу ықтималдылығ есептеу; әдейі немесе делдалдық қызмет көрсету кезінде міндеттерін жүзеге асырғандағы абайсыздық белсенді әрекет немесе бейтарап әрекетсіздік дәрежесін анықтау; қаржылық операцияларды жүзеге асыру; әдеттен тыс шешімдер қабылдау және тәуекелді әрекеттер мен амалдарды қолдану.
Тәуекелдерді мәні мен қызметін анықтайтын әдістерді зерттеушілік және ғылыми жүйелеу пайымдар мен пікірлердің кең спектірін анықтайтын тәуекелдің сапалық мінездемелері тұжырымдамасын келтіруге болады:
-
Тәуекел табиғаты кәсіпкерлік қызметті жүргізетін нарықтық ортаның болуы болып табылады;
-
Тәуекел ықтималдылық, кездейсоқ сипатта болады;
-
Тәуекел спекулятивті сипатта болады, себебі қосымша пайда алу мүмкіндігін сипаттайды;
-
Тәуекелдің бірнеше жағымсыз салдарлары болуы мүмкін, дегенмен басқарудың аналитикалық, инновациялық, жедел қасиеттерін ынталандыратын жағымды бастамасы болады.
Тәуекел пайда болу көздерін екі топқа бөліп қарастыруға болады. Тәуекелдің сыртқы көздері кәсіпорынан тыс пайда болады. Ішкі көздері кәсіпорынның өндірістік қызметімен, персоналымен және т.б. байланысты. Олар өндіріс кезінде және өнімді өткізу пайда болатын үдерістермен байланысты және қаржылық нәтижелерге әсерін тигізуі мүмкін, материалдық, еңбек және басқа да жоғалтуларға алып келуі мүмкін.
Тәуекелдің жалпы себеп-салдарлық байланысын 2-суретте көрсетілген. Тәуекел көздері кәсіпкерлік қызметтің болашақ қауіптерін қалыптастырады. С онымен қатар тәуекелдің тек зиян және жоғалтулар сияқты жағымсыз салдары ғана емес, сондай-ақ тәуекелдің жағымды әсерлері олар қорғаныс механизмінің қалыптасуы, тәуекел-менеджерлерінің аналитикалық жұмыстарын ынталандырады, басшылық қызметіне жеделділік сипат береді, әдеттен тыс шешімдер іздестіруге ынталандырады. Осыдан келіп тәуекелдің қорғаныстық және инновациялық қызметі ашылады. Қазіргі кезде тәуекел кәсіпкерлік қызметтің барлық қаржы-шаруашылық қызметімен қатар жүреді. Нарықтық қатынастардың кез келген қатысушысы алдын ала белгілі, біркелкі берілген параметрлерімен, кәсіпкерлік және экономикалық қызмет құралдарының жетістікке жететіндігіне кепілдеме берілмейді. Инфляция үдерісімен қатар жүретін экономиканың тұрақсыздығы, жаңа жобалардың жүзеге асырылуы тәуекел факторын ұлғайтады, ол өз кезегінде оң нәтижеге қол жеткізу ықтималдылығын азайтады, нәтижесінде күтілген нәтижеге қол жеткізідмеуі мүмкін. Тәуекелге барар кезде алдын ала талдау мен есептеулер жүргізіп алуымыз керек, алайда тәуекел нәтижесін нақты анықтау мүмкін емес [3].
Сонымен инновациялық жоба тәуекелі дегеніміз нарықта күтілген сұранысқа ие болмауы мүмкін, кәсіпорынның жаңа тауарлар мен қызметтер өндірісіне, жаңа техника мен технологиясын әзірлеуге қаражаттар салу кезінде туындайтын, сондай-ақ, күтілген нәтиже бермейтін, басқарушылық инновациялар әзірлеуге қаражаттар салу кезінде мүмкін болатын пайда мен жоғалтулар тепе-теңдігі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
-
Тэпман Л.Н. Риски в экономике. Под ред. В.А.Швандера. – М. ЮНИТИ-ДАНА, 2002. -380с., с.8
-
Тургинбаева, А.Н. Инновации и риски [Электронный ресурс]: учеб. пособие / Ардак Несипбековна Тургинбаева.- Алматы: КазНУ, 2010
-
Рахметуллина Ж.Б. Управление рисками предпринимательской деятельности в Республике Казахстан: модель и механизмы Научный руководитель д.э.н., профессор Днишев Ф.М. Алматы, 2009
-
Лепский В.Е. Стратегия формирования регинальной инновационной системы // Вестник ОренГУ, №10 (116), 2010. С. 83-90
-
Формирование регинального модуля национальной инновационной системы: под.ред.проф. Л.Г.Матвеевой, доц. Т.В.Федосеевой – Таганрог: Изд-во ЮФУ, 2009-361. С.5
-
АНАЛИТИЧЕСКАЯ ЗАПИСКА. Казахстан в Индексе глобальной конкурентоспособности ВЭФ 2012-2013. URL.: http://www.economy.kz
-
Купешова С.Т. Инновациялық менеджмент: Оқулық. – Алматы: ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011. -256бет
-
Freeman C. The National System of Innovation in Histirical Perspective // Cambridge Journal of Economics. 1995. Vol. 19(1). 256p
-
Freeman C. Nechnology Policy and Ecomomic Performance/ - London: Pinter Publishers, 1987
-
National SyStems of Innovation. Towards of Theory of innovation and Interactive learning // Edited by B.A.Ludvall. London: Pinter Publishers, 1992
Достарыңызбен бөлісу: |