Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод



бет1/28
Дата01.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
#170041
түріИнструкция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28



























АУЫЗ СУДЫ ЖӘНЕ ТАЗАРТЫЛҒАН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ










ИНСТРУКЦИЯ ПО ОБЕЗЗАРАЖИВАНИЮ

ПИТЬЕВОЙ ВОДЫ И ОЧИЩЕННЫХ

СТОЧНЫХ ВОД


































Ресми басылым

Издание официальное











Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi









Агентство Республики Казахстан по делам строительства

и жилищно-коммунального хозяйства







Астана 2011





Алғысөз
1.  ӘЗІРЛЕНДІ «Қазақ Суарнажоба» АҚ, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы


2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті ЕНГІЗДІ
3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 29.12.2011 ж. бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

4. БІРІНШІ ТЕКСЕРУДІҢ МЕРЗІМІ ________________

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ ________________




5. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ 01.02.2012 ж.

Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта шығаруға, көбейтуге және таратуға болмайды.



Мазмұны


Кіріспе 4

1. Қолданылу аясы. 4

2. Нормативтік сілтемелер 4

3. Негізгі терминдер мен анықтамалар 5

4. Ауыз суды, тазартылған сарқынды суларды және тұнбаларды зарарсыздандыру әдістері және технологиялары 5

4.1. Жалпы ереже 5

4.2. Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру әдістері және технологиялары 6

4.2.1. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістері 6

4.2.2. Суды зарарсыздандырудың физикалық әдістері 14

4.2.3. Суды зарарсыздандырудың физика-химиялық әдістері 17

4.3. Тұнбаларды зарарсыздандыру 17

4.3.1. Су құбырының тазарту құрылыстарының (СҚТҚ) тұнбаларын зарарсыздандыру 17

4.3.2. Су бұрудың тазарту құрылыстарының (СБТҚ) тұнбаларын зарарсыздандыру 17

5. Құбырлар мен сыйымды құрылыстарды дезинфекциялау әдістері және ол бойынша жұмыс тәртібі 19

6. Сумен жабдықтау мен су бұру құбырларын және құрылыстарын жуу 25

7. Зарарсыздандырудың тиімділігін өндірістік бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау 30

Библиография 36

Қосымшалар 39

1-қосымша. Сілтемелер берілген нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі 39

2-қосымша. Белсенді хлордың құрамын анықтау және хлордың жұмыс мөлшерін таңдау әдістемесі 40

3-қосымша. Суды хлорлау кезінде қауіпсіздік техникасының негізгі шаралары 43

4-қосымша. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сарқынды сулардың ластану қарқындылығы (шамамен алынған деректер) 44

5-қосымша. Кейбір басымды токсиканттардың нормативтері және олардың пайда болуының сарқынды суларды зарарсыздандыу әдісіне тәуелділігі 45

6-қосымша. Сарқынды суларды бұру және пайдалану шарттарына байланысты оларды зарарсыздандыру тиімділігінің өлшемдері 45

7-қосымша. Зарарсызданыру тиімділігін төмендетпейтін физика-химиялық көрсеткіштердің максималды мәні 46

8-қосымша. Сарқынды суларды зарарсыздандыру кезінде өндірістік бақылаудың кезеңділігі 46

9-қосымша. Сарқынды суларда жалпы колиформды бактерияларды анықтау әдісі 47

10-қосымша. Сарқынды суларда сальмонелларады анықтау әдісі 49

11-қосымша. Сарқынды суларда колифагтарды анықтау тәсілі 49

12-қосымша. Құбырларды дезинфекциялау кезінде хлорлы судың қажетті мөлшері 51

13-қосымша. Жуу журналы 52

Кіріспе


Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру бойынша осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы (ҚР) Су және Экологиялық кодекстерін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын /1-4/ іске асыру мақсатында әзірленген. Нұсқаулық «Халыққа арналған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер және құрылыстар» ҚР ҚНжЕ-нің 4.01-02-2009 /8,6/ және Қазақстан Республикасының қалалық мен ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұрудың (СжС) жаңа жүйелерін жобалауды және жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңартуды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мақсатында әзірленді.

Ауыз суды жер асты және жер үсті көздерінің суынан (міндетті түрде алдын ала тазартқаннан кейін) дайындаудың барлық жағдайларында оны зарарсыздандыру керек. Жер асты су көзінде (су көзі қорғалған) бактериялық, вирустық және паразиттік ластанудың пайда болу мүмкіндігі болмаған жағдайларда одан алынатын суды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың (МСЭҚ) жергілікті органдарының шешімі бойынша зарарсыздандырмауға болады. Тазартылған сарқынды сулар мен тұнбаларды зарарсыздандыру елді мекендерге су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарының жобаларына сәйкес, ал бірқатар жағдайларда су бұру жүйесінің тазарту құрылыстарының құрамына және оларды пайдалану деңгейіне байланысты МСЭҚ жергілікті органдарының шешімі бойынша жүргізілуі тиіс.

Нұсқаулық «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер» ҚР ҚНжЕ-нің 1.01-01-2001 талаптарына /7/ сәйкес әзірленді. Нұсқаулық ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделіп, ТМД, ЕО, АҚШ елдерінің және техникалық жағынан дамыған басқа елдердің қолданыстағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарымен өзара байланысты осы елдердің халықаралық, өңіраралық және ұлттық стандарттарын ескереді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет