3
Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі салаларында – сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік – экономикалық, педогогикалық, кәсіпкерлік және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тнереңдете меңгерудің алғы шарттарының іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселенің бірі. Ақша.Несие.Банктер – қазіргі өркениетіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда – санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайын келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Ипотекалық несие. Ақша.Несие.Банктер бағдарламасына сәйкес дайындалып, логикаға сай 4 бөлімнен тұрады.
4
Несие
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдері өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет.Тауар айырбастау бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байлықты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.Несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түседі.Бір жағынан қарағында бұған негіз де бар сияқты.Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде беріледі.Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражатының екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражатының бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
5
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді.Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстарды экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар.Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылуы, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады.Мұндай элементтерге ен алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады.Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастардың бір жағы.Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады.Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекеттік шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті,
6
несиелік қатынастың екінші жағы.Борышқор және қарыз әр түрлі.Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.Борыш – бұл өте ауқымды ұғым.Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысты бар тұлға.Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымның элементіне берілетін обьекті де жатады.Беру обьектісі бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
I тарау. Несие теориясы және оның дамуы
Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымның алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдіруің керек екенін айтуда.
7
Теориялық тәжірибеден оқшау қарастырмау керек екенін түсінікті.Барлық теориялық проблемалардың соңы тек тәжірибелік
әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес.Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда.Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды.Бұл теорияның негізін салушы А.Смит пен Д.Рекардо болды.Одан әрі оны француз экономистері Ж.Сэй, Ф.Бастия және американдық Д.Мак-Куллах дамытты.Бұл теорияның негізгі идеялары не-ие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай игіліктің қозғалысын көрсетті.Сондықтан, бұл тек аталмай қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана.Бұл жағдайда несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады.Несие капиталы өндірістік капиталға тең.Бұл жерде натуралдар несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырылады.Несинің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсініс өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр.Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теорияның қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге
8
болмайды.Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын.Несие нақты капиталды құрмайды, - деп дұрыс есептеді.Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемін өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама-қарсы идеяны ұстанады.Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады.Несие ақшамен және байлықпен теңістіріледі.Бұл теорияның негізін салушы ағылшын экономисі Дж.Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталының жиналуына себеп болады.Ол банктерді дәлдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г.Макмед, Дж.Кейнс, Ф.Хаутри, И.Шумпетер, А.Ган болды.Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді.Несие пайда әкеледі, сондықтан, ол “өндіргіш капиталы” болып табылады, ал банктер – “несие фабрикасы”.Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды деп пайымдайды.Сондай-ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді.Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенің ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.Сондықтан, олардың теориялары “өткемпаздық теориясы”деген атауға ие болды.Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі
9
инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929-33 жылдары әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жампаздық теорияның абыройын жоққа шығарады.Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ.Оны Дж.Кейнс пен оның ізбасарлар оларды дағдарыстың және екінші дүниежүзілік соғысының зардаптарын жою үшін пайдаланады.Олар экономиканы несиемен реттейтің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолмен несие пайызын төмендетуге болады.Дж.Кейнстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер етеді.Сондай-ақ, ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер ететінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындайды.
XX ғасырдың екінші жартысында ақша-несие реттеудің мектебінің пайда болғанын белгілі.Бұл мектептің өкілдері американдық ғалымдар П.Самуэльсон, С.Харрис, Э.Хансен, Л.Ледокер, Дж.Гелбрейт болды.Олар Дж.Кейнстің “несиенің көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы” туралы идеясын дамытты.
Олардың ойынша мемлекеттік экономиканы Орталық банк бюджеті мен қаржыларының ақша-несие тетіктерінің көмегімен реттеуі керек.
АҚШ ғалымдарының басқа бір тобы( Р.Голделлий, С.Кузнец, К.Дугел, Д.Кример) бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, несие капиталдарының нарығын және оның сегменттерін, олардың экономикамен өзарам әрекетін, қызмет ету параметірлерін зерттеді.
10
Бұл нпрықтың негізгі қатысушылары мыналар:
-
алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері: уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар,мемлекет.
уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие қаржы институттары ретіндегі тұлғалық мамандандырылған дәлдалдар.
-
қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы-заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.
Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:
-
ақша нарығы – айналым қаражаттарының қозғалысына қызмет көрсететін қысқа мерзімді несиенің жиынтығы
-
капитал нарығы – орташа мерзімді несиеленудің жиынтығы
-
ипотека нарығы – жылжымайтын мүлікпен байланысты немесе операцияларының жиынтығы
-
қор нарығы – бағалы қағаздармен байланысты несие операцияларының жиынтығы
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне: ел экономикасының дамуы, елдегі өндірістік және қаражат қорларымның және халықтың әл-ауқат деңгейі соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
Әлемде экономикалық дамудың
Орталығы бар.Олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония.
Төртінші орталық болып – Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.
Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты нарықтары бар.АҚШ-ң несие капиталдар нарығы олардың ең қуаттысы болып
11
есептеленеді.Ол барлық төрт сараланымның тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік капитал нарығына маңызды әсер етеді.
Батыс және Еуропаның жиырма төрттен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа Одағы АҚШ-тан капитал қорларымның кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді.Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады.Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағаныма байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда.Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған.Оның заңдық базалары мен ифрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-енді оянып келе жатыр.Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпорациялық бағалы қағаздар түрлі обьективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.М.Фридмен, экономиканы реттеудің негізгі құралдары несиенің пайыздық мөлшемерлері мен айналымдағы ақша жиынның
12
өзгерісі болып табылады деп есептейді.Шын мәнісіне пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын таралтуға болады.Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда.Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып отыр.
Қазақстанда да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр.Қазақстан Республика Ұлттық банкі мен үкіметі ақша-несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жылдары өршіген ифлицияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
II тарау. Ипотекалық несие қызметінің түсінігі.
Жылжымайтың мүлікті кепілге салу арқылы болатын қарызыны ипотека несиені ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі, әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін қарыз
13
- ипотекалық қарыздың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие
- ипотекалық несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтілетін болады
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек; кепілдіктің жариялылығы.
Ипотекалық несиенің жүйесі икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріп отырады. Мәселен дамыған елдерде мыналар болады:
- төлемдері кезен сайын өсетін қарыз: алғашқы бес немесе он жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады.
- төлем суммасы өзгеріп отыратын қарыз: жеңілдікті кезеннің болуын қарастырды.Мұнда борышқор тек пайыздар ғана төлейді.
- пайыз мөлшермесі өзгермелі ипотека – пайыз мөлшермесінің келісім шартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе индекске “ байланатын” болады. Мөлшермені өзгерту жарты жылда бір рет қарастырылажы.
Ипотекалық несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға вексель, кепілхат және өзге де бағалы қағаздар жатады.
ҚР “ипотека туралы” заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.
2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100 пайызды құрайтын Қазақстандық ипотека компаниясын құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшермелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті.Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшермелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да
14
тұрақты түрде кемітіп келеді.
ҚИК 300 және 500 млн сомаларынада ипотекалық облегацияның екі шығарылымын шығарып үлгерді және оларды сәтті орналастыра білді.
Қазақстанда ипотекалық кредиттеу ҚР мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады. 2006 жылы ипотекалық қарыз 252,7 млрд теңгені, 2003 жылмен салыстырғанда өсім 270,5 пайызға өсті.
2.1. Ипотекалық несие қызметінің түсінігі
“Функция” деген сөз латынның “function” – дегені ол ''атқару'', ''жүзеге асыру'' деген мағынаны білдіреді.Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнің арнайы көрінісі ұлғаяды.Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты, қызметінің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды.Қызметінің несие мәні сияқты обьективті сипаты бар.Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді.Қызмет – қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс.Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуды да өзгеріп отырады.Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік
қатынасқа бүтіндей қатысты.Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.
Несие ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ.Кейбір ғаламдар оны айналым белгісіне жатқысса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады.В.М.Тарасов несиені
15
ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады.Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
Айырбас фазасында бөлу қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан несиелік қатынастарда да дәл осыған жатқызуға болады.Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатқызылады, несие екі жақтылық ерекшелікке де ие.Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ.Біреулер екі, басқалар үш түрлі, үшіншілер-төрт көзқарастарды айтады.Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т.б. деп түсіндіріледі.
Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс.Ал, шындығында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.
Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызмет ақшаларға да, қаржыларға да тән – бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категориялардың мазмұнына да енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да жүзеге асырылады.
Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қолдағы экономикалық
16
категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.
Айналымның жанама түрдегі қызмет, бақылаумен ынталандыру, экономиканы ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбек ақы, бюджет, табыс т.б. құндылық категорияларына да тән.
Көптеген пікірдің орын алып отырғанына қарамастан, несиенің барлық формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсетіп, оның үш түрлі қызметін бөліп көрсетеді.Олар – қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы несие құралдармен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету.
Несие қайта бөлу қызметін атқарады.Оның мағынасы қарыз алушыға төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұймдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын несие арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру.Қарыз беру капиталы несие механизмі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылу негізінде несиеге айналды.Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал аз табыс әкелетін саладан босатылып, банктерде жинақталады да жоғарғы дәрежеде табыс әкелетін салаларда жұмсалынады.Оны салаларда шоғырлану жүзеге асырылады.Екінші сөзбен айтқанда, өндірістік тепе-теңдіктер, капитал мен экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі.
Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар ел ішінде айналысқа түспейді, олардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады.Нақты ақшалардың шығарылуы, немесе қолма-қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы
17
несиелеудің ресурсы болып табылады.
2.2. Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру
жеделдету қызметі.
Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету несиенің маңызды қызметі болып табылады.Несие механизмі қосымша құнды капиталдандыру барысына ықпал етеді.
Несие капиталды шоғырландырудың аса қуатты факторы ретінде оның жекелеп жинақталуының шекараларын кеңейте түседі.Өндірістің ауқымын кеңейту үшін жекелеген шаруашылық кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің қаржылары көбінесе жеткіліксіз болып саналатындықтан, әрбір кәсіпорындардың, халықтың шағын мөлшердегі уақытша бос тұрған шашыраңқы қаржылары жұмылдырылып банкілерде жинақталады да, үлкен көлемге жеткеннен кейін ол несие ретінде кең ауқымды ұдайы өндірісте белсенді түрде пайдаланады.
Несие жекелеген кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдырудың, монополиялар мен халықаралық компаниялардың жаңа түрлерін құрудың факторларының бірі болып саналады.К.Маркстің айтуы бойынша несие “бәсекелестік күресте әрі жаңа, әрі сұрапыл қаруға айнала отырып, соңғы нәтижеде капиталдарды орталықтандырудың аса зор әлеуметтік механизмі бола бастайды”.
18
III. тарау. Қазақстандағы ипотекалық несие.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өмір өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі.Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізінде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез-келген экономикалық субьект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады.Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қамтамасыз өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі.Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналасының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншіден оларға деген тапшылық орын алды.Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін
жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбек ақы төлеуге және тағы басқа мүмкіндіктер тудырады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есепшотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді.Қолма-қол ақшасыз есеп экономикадағы есептеулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады,
19
мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуін және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналасушы экономикалық субьектілердің өмір сүру мен жалпы халық шаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын рөлі өте зор екен
3.1. Ипотекалық несиенің Қазақстандағы қолданылған үлгісі.
Ипотекалық несиелеудің біршама қарапайым және біршама жетілген үлгісі шартты түрде айтсақ, “қарапайым ашық үлгі”. Бұл үлгінің бастапқы принциптік сипатына тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердің жалпы өтініші банктің меншікті және сыртқы тартылған қаражаттары: депозиттерде жатқан клиенттердің қаражаттары; банкаралық несиелер және тағы сол сияқты есебінен қамтамасыз етіледі.
Қарапайым ашық үлгінің екінші бір принциптік сипаты ипотекалық ссудалар бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлері елдегі несие – қаржы нарығындағы жағдайға тікелей тәуелді болып табылады.Бұл тәуелділік банктердің ипотекалық несиелеуге байланысты олардың активтеріне және
20
ауқымына мәнді әсер етеді.
Бұл үлгі негізінде ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру, әсіресе қаржы нарығы мен бағалы қағаздар нарығы толық қалыптасып болмаған көптеген елдердегі іс жүзінде кеңінен таралған.
Бұл қарастырылған үлгіден ажыратылатын келесі үлгі «кеңейтілген ашық үлгі» деп аталады. Бұл үлгі бойынша банктердегі ипотекалық несиелеу жүйесі үшін несиелік ресурстардың қалыптасуы арнайы ұйымдастырылатын, жылжымайтын мүліктермен қамтамасыз етілген екінші реттегі бағалы қағаздар нарығы арқылы жүзеге асырылады. Кеңейтілген ашық үлгісі тек кеңейтілген ипотекалық нарық құрылымның құрылған жағдайында, екінші нарықта айналыста жүретін бағалы қағаздардың эмиссиясына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін және жие бақылауға алу жағдайында ғана іске асырылады. Бұл үлгі іс жүзінде тұрақты экономикасы бар елдерде кеңінен таралған.
Ипотекалық несиелеудің үлгісі – бұл «баласталған автономды үлгі». Бұл үлгінің ең басты белгісі оның қызметінің жинақ-ссуда принципінек негізделуінен көрінеді. Мұндай принцип барысында банктердің жиынтық несиелік портфелі капиталдың ашық нарығынан қарызға алу арқылы емес, оның орнына өзара кассалық көмек принципі бойынша болашақ қарыз алушының қаражаттарын тарту есебінен құрылады. Бұл үлгі бойынша қарыз алушы алдын ала өзінің уақытша бос қаражаттарын сұрайтын несиенің жартылай сомасы мөлшерінде жинақталғаннан кейін ғана ссуда алуға құқылы.
Мұндай шектеулік алдынғы қарастырылған үлгілермен салыстырғада басты кемшілік болып табылады. Өйткені, бұл үлгі нақты қарыз алушының
21
жылжымайтын мүлікті сатып алудағы мүмкіндігін күшейтеді.
Бірақ та бұл балансталған автономиялық үлгінің өзіндік артықшылығы да бар, яғни бұл үлгі өзінің автономиялық күшіне байланысты жалпы – несие нарығының жағдайына тәуелсіз. Балансталған автономиялы үлгінің іске асырылуы барысында ипотекалық банк үшін қай жерден және қандай бағада несиелік ресурс табу сұрағы мазаламайды, банкке тек өзінің көрсететін қызметі үшін ақыл –ойға сыйымды маржаны белгілеуі ғана қажет. Банк мақсаты жинақтарға табыс төлемей – ақ сол төленетін табыс мөлшерінде несиенің бағасын қысқарта белгілеуіне болады. Мысалға айталық, жинақтарға төленетін табыс 10 пайыз, ал несиеге қойылатын пайыз мөлшері 13 пайыз десек, онда банк жинаққа төленетін табысты несие бағасынан шегеру арқылы маржаны 3 пайыз деп хабарлауы тиіс.
Демек, бұл үлгі қарызға алатын ақшалардың нарықтық бағасына да, сол сияқты бұл бағаның жалпы деңгейіне тәуелсіз болып табылады. Балансталған автономиялық үлгінің бұл сапасы экономикасы тұрақсыз елдердегі ипотекалық несиелеудің дамуы үшін аса маңызды. Бірақ та бұл жерде барлық өзара есеп айырысулар еркін алмастырылатын валютада жүргізгелгенді қалайды. Сондай-ақ аталған үлгінің тағы да бір артықшылығы мұнда несие беруші несиенің қайтарылуында ең төменгі тәуекелге барады.
Тұрғын үй алғысы келген азамат, тұрғын үйді сатып алатын уақыттан бұрын, яғни 2-10 жыл бұрынырақ арнайы қаржы – несие жүйесімен өзара қатысқа түседі. Өзінің мүмкіндігіне қарай арнайы банктерге немесе жинақ кассаларына болашақта сатып алатын үйдің 45 пайызға жинақтайды.
22
3.2. Әлемдегі несие жүйенің қазіргі даму тенденциясы
Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады.Әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда.Ғылыми – техникалық революцияның дамуы әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын кредиттік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу жүзеге асады; банктік жүйенің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады; банктік емес кредиттік
мекемелердің динамизмі байқалады.Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.
Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан кредиттерді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және “банк маңындағы” қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.Кредиттік мекемелер қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық
23
капиталға толық жауап береді.
Кредиттік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі.Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кенеюі арқылы.Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кенестік бизнеске және тағы баса енуге тырысады.Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс сауаларына қатыса отырып, кредиттік мекемелердің басқа топтармен тікелей тайталасқа шығады.
Екіншісі – банктік емес мекемелердің банктік нарықтарға енуі арқылы.Банктік емес мекемелер қазіргі танда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық-кенестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада – депозиттік-ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.
Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы – кредит мекемелер халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен
компаниялардың жинақтар үшін күрес өткір сипат алды.
Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша пайыздың мөлшерлемесін көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады.Оларға пайыздық мөлшерлемесінің максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған кредиттік мекемелерде шектеулер болмады.Әрине, бұл жағдайда соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды.Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар коньюнктураның жағдайына байланысты белгіленді.Сонымен қатар,
24
АҚШ-та 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналымның қадағалау жөніндегі заң салымдар бойынша пайыздарды төлеудің барлық шектеулерін алып тастады.
Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануының сақталуымен сәйкес келеді.Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерінде бірдей емес және ерекше дамиды.Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы жөнінде сөз болады.Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарылауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды, олар “ нарықтық нишаларды”, яғни әмбебап немесе ірі банктердің көнілін тарта алмаған қызметтердің бұл түрлерін іздестіруге тырысады.Қайта мамандануға қатысты тенденцияны банктік бизнестегі бәсекеде қолдайды.
Кредиттеу обьектілерін ірілендіру жүзеге асып жатыр.Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият көңіл аудара бастады, өйткені активтердің сапасын дәл және дер кезінде бағалау-банктердің
өркенденуінің кепілі.
Банк жетекшілері өз активтерінің сапасын, жаңа кредиттерді ұсыну, кредиттеу технологиясын, қарыз алушының кредит шарттарын сақтауын қадағалайды.
25
Қосымша бөлім
4.1. Ипотека: “неге соншалықты қымбат?”.
Қазақстан мен Еуропаның ипотекалық несиесін салыстырғанда, біздің елімізде ипотека неге қымбат?
Еурапалдық азаматқа статистика бойынша екі пәтер сатып алу үшін, біреуін өзіне, екіншісін жалға беру мүмкіндігі бар.
Еуропада ипотека алуға орташа деңгейде жылдық бағамы 4-5 пайыз.Ал тұлғалардың жалақылары өте жоғары Алматылықтармен салыстырғанда.
ҚР қаржы агентілерінің көрсеткіштері бойынша бірінші шілде 2006 жылға шейін берілген несиелер 12.2 пайыз құрайды.Оған қоса бүкіл салықтарды төлеп шыққанша жылдық пайыз 16-17 пайызға дейін жетеді.Демек, Еуропамен салыстырғанда біз ипотекалық несиені 2,5-3 есе артық төлейміз.Неге соншалықты қымбат?
Біздің риелторлық компанияларымыз соңғы 1-2 жылдары шетел бағыт
бойынша дами келеді:
Қазақстандықтарға Кипр, Эмират, Испания, Болгария және т.б көрікті жерлерде құрылыс ғимараттар, тұрғын үй кешендері ұсыныста.
Еуропадағы баға итұрғын үй кешендеріне жылына 10-15 пайыз өсуде (орташа бағамда ).Бүкіл шетел елдерде қозғалмайтын мүлікті сол елдің азаматтары ғана емес, басқа елдің азаматтары қозғалмайтын мүлікке ие бола алады, қазақстандықтарда.Ойланарлық жағдай, бірінші ипотекасы арзан, екіншіден ұлты мен азаматтығы қаралмайды.
Еуропалық елдерде ипотекалық төлемдерде айырмашылығы аз, жылдық
26
пайыздары 4,25-4,5 пайыздар құрайды, Кипрда 7 пайыз фунта және 5 пайыз евро.Ұлыбританияда 5,7-6,9 пайыз фунт, Болгарияда 8-9 пайыз доллар, Эмиратта 6-7 пайыз.
Әрине, әр елде өз қосымша шарттары бар, несиелік тарихтары, несиелік соммасы, алу-төлеу мерзімдері, берілетін ссудалары.Бірақ, сонда да Қазақстан мен Еуропаның несиелері қандай айырмашылықта екенін көріп тұрмыз.
Қазақстанда, екінші деңгейдегі банктер сатып алу және тұрғын үй салуға берілетін несиелер 1998 жылдан бастап жұмыс істей бастады.Рынок мүлікке өсу деңгейде болғанда, несиелік жылдық көрсеткіш пайызы 25 пайыз құрайтын.Несиелік мерзім үш жыл.Кейіннен мерзім 5 жылға шейін өсті, ал жылдық пайыз төмендеді.Қазіргі кезде ипотека 25 жылға, 12-13 пайыздарда алуға болады, бірақта бүкіл салықтарды төлеп шыққанда жылдық пайыз 16-17 пайызды құрайды.
-
қосымша төлемдер, бұл сақтандыру қағаздары, қолма-қол ақша беретін коммисияға төлінетін төлем, бұл 1-1,1 пайыз несиелік соммадан алынады.
27
Қолданылған әдебиеттер:
Ақша.Несие.Банктер және Валюта қатынастары
Баян Көшенова. Алматы
Ақша айналысы және несие
Мақыш Серік Биханұлы Алматы 2004
Ақша.Несие.Банктер
Ғ.С.Сеійтқасымовтың ред. Алматы: Экономика 2001
Деньги.Крндит.Банктер
Под.ред.Лаврушина О.И. М:Финаисы и статистика 1999
Газеттер:
Караван № 48 2005ж.
Караван №46 2006ж.
Достарыңызбен бөлісу: |