«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясының аясында ұйымдастырылатын
«Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім!»
атты отбасылық бейнеқұттықтаулар челленджінің
ЕРЕЖЕСІ
Ұлытау облысының білім басқармасы «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясының аясында 2022 жылдың 17-25 қазан аралығында «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім!» отбасылық бейнеқұттықтаулар челленджін жариялайды.
Бейнеқұттықтауды түрлі жанрда (көркемсөз, ән, би, поэзия, драма, т.б.) жеткізуге болады.
Бейнеқұттықтау ұзақтығы 1 минуттан аспауы тиіс. Челленджге қатысушылар эстафетаны келесі бір отбасына арнайы жолдайды.
Бейнеқұттықтау сапалы түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы көпшілік назарына #ҚыранелімҚазақстаным айдарымен жолданылуы тиіс.
Байланыс телефоны: 8 707 5252150
Достарыңызбен бөлісу: |