Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық моделдері. Ad-as моделі


Жағымсыз сілкіністің экономикаға әсері



бет5/5
Дата21.11.2022
өлшемі2.4 Mb.
#465317
1   2   3   4   5
5 лек Макро каз (1)

Жағымсыз сілкіністің экономикаға әсері

  • Егер үкімет пен Орталық банк араласпаса, онда экономика өздігінен жаңа жағдайға бейімделе бастайды. Потенциалды деңгейінен төмен нақты өндіріс көлемі мен жұмысбастылықтың төменгі деңгейінде (В нүктесі) баға біртіндеп төмендей бастайды, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі бұрынғы қалпына оралады, яғни бұл AD1 қисығының бойымен кері бағытта төмен жылжып В нүктесінен А нүктесіне қайта келу арқылы орын алуы мүмкін. Алайда экономиканың өздігінен жаңа жағдайға бейімделу үрдісі өте ұзаққа созылады, сол себепті экономиканың ұзақ құлдыраушылығы мен жұмысбастылықтың қысқаруы әлеуметтік қақтығыстарды шиеленістіріп жіберуі мүмкін.
  • Сондықтанда, Орталық банк ақша ұсынысын арттыру арқылы дағдарыстың алдын ала алады (жиынтық сұраныс қисығының AD1- ден AD2-ге оңға жылжуы), бірақ сілкіністің салдарынан өскен бағаның жоғары деңгейі сақталып, тепе-теңдік нүктесі В нүктесінен С нүктесіне өтеді. Нәтижесінде өндірістің нақты көлемі мен жұмысбастылық ұлғайып, бұрынғы потенциалды деңгейіне сәйкес келеді. Тура осындай нәтижеге үкіметтің мемлекеттік шығындарды арттыруы немесе салықтарды төмендетуі арқылы да қол жеткізуге болады.
  • Сонымен, мемлекеттің экономикалық тұрақтандыру саясаты мынадай белгілі дилеммаға тап болады: ұзақ мерзімдік құлдырау мен жұмыссыздықты болдыру немесе өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейін қалпынша ұстап тұрып бағалардың өсуіне жол беру.

Қорытынды

  • 1. «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель болып табылады. Бұл модельдің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
  • 2. Жиынтық сұраныс – макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағаның жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
  • 3. Жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштары болып үй шаруашылықтарының тұтыну сұраныстары, фирмалардың инвестициялық сұраныстары, мемлекеттік шығындар мен таза экспорт табылады.
  • 4. Жиынтық сұраныстың бағалық факторларына және оның қисығының теріс көлбеулігіне әсер факторлар Кейнс әсерімен, Пигу әсерімен және импорттық сатып алымдар әсерімен түсіндіріледі. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына оның құрауыштарындағы кез-келген өзгерістер, сонымен қатар, ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығы жатады.
  • 5. Жиынтық ұсыныс классикалық ұзақ мерзімде жне кейнстік қысқа мерзімде қарастырылады. Қысқа мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгермеуіне және өндіріс көлемінің өзгеруіне алып келеді. Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгеруіне және өндіріс көлемінің өзгермеуіне алып келеді.
  • 6. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың (ақша ұсынысының төмендеуі, мемлекеттік шығындардың қысқаруы, салықтардың көтерілуі) әсерінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизмді «тегеріш» (храповик) әсері деп атайды.
  • 7. Экономикада қандай да бір фактордың әсерінен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруін сілкіністер (шок) деп атайды. Сұраныс сілкіністері ақша ұсынысының немесе ақша айналымы жылдамдығының күрт өзгеруі, инвестициялық сұраныстың күрт өзгеруі және басқа да факторлардың салдарынан туындауы мүмкін. Ұсыныс сілкіністері ресурстарға бағалардың (бағалық сілкіністер, мысалы, мұнайға бағаның тым өсуімен байланысты шок) күрт өсуімен, табиғат апаттарына, кәсіподақтар белсенділігінің күшеюіне, заңдылықтағы өзгерістерге, және де қоршаған ортаны қорғау бойынша шығындардың маңызды түрде артуына байланысты, сонымен қатар, басқа да факторлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
  • 8. Сілкіністер арқылы туындаған ауытқуларды жұмсартуға, өндірістің тепе-теңдік көлемін қалпына келтіруге мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейіне жеткізуге бағытталған іс-шараларды мемлекеттің тұрақтандыру саясаты деп атайды.

Үй тапсырмасы

  • Дәріс тақырыбы бойынша А4 парағына блок-схема құру
  • Дәріс дәптерде болу
  • Дәрісті ауызша айтып беру
  • Мудлдағы тапсырманы орындау, осы слайдтың жанында тұрған файлдағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет