ЖОСПАР
Исаак Ньютон 2
Томсон, лорд Кельвин 4
Атом Физикасы 5
Қолданылған әдебиеттер 10
Исаак Ньютон
(1643-1727)
Исаак Ньютон 1643 жылы 4 қаңтарда Англлияның шығыс жағындағы Грэнтэм қаласының оңтүстiгiнде орналасқан Вульстроп деревнясында туған. Сәби дүниеге келгеннен кейiн бiрнеше айдан соң әкесi қайтыс болды. Сондықтан да Ньютон әке тәрбиесiн көрген жоқ. Жұрт мерзiмiнен ерте, шала туған баланың күнi санаулы деп ойлады. Осыған қарамастан Ньютонның денсаулығы мықты болып, болашақ ғалым 85 жыл өмiр сүрдi.
Сәбидiң анасы 1656 жылы екiншi рет жесiр қалады да, үш баласымен Вульстропқа қайтадан көшiп келедi. Осы кезде жасы он беске толып, шаруашылыққа көмектесуге жарап қалған тұнғышын Грэнтемге туған ауылына шақырып алады. Екi жылдай бiрге түрып, баласының көңiлiн қимай Грэнтемге оқуға жiбередi. Ол қалаға келiсiмен Кембридж университетiне түсуге дайындалады да, 1661 жылы 5 маусымда Кембридждегi Тринти колледжiне қабылданады.
Ньютон жас кезiнде механикалық ойыншықтар, су диiрмендерiнiң, су және күн сағаттарын жасаумен шұғылданған. Ол әсiресе батпырауықтар жасап, оларды ұшыруды ұнататын, кейде оларды жылтыр қағаздармен әсемдеп түнде ұшыратын. Осының бәрi болашақ асқан шебер экспирементатордвң алғашқы қадамдары едi. Ньютонның жиен қарындасының күйеуi Кондиуттың айтуына қарағанда, Ньютон физикалық тәжербиесiн 1658 жылы қойған: ол желдiң жылдамдығымен анықтау мақсатында желге қарсы секiргенде түскен жердiң ұзындығын салыстырыпты.
Ньютон 1665 жылы бакалавр дәрежесiн алады. Ал 1667 жылдың қазанында колледждiң кiшi мүшесi болып сайланады да, 1668 жылдың наурызында колледждiң аға мүшесi, сол жылдың шiлдесiнде магистр дәрежесiне көтерiледi. Бiр жылдан соң Барроудың орнына Люкас кафедрасын басқарады. Сөйтiп, Ньютон өмiрiнiң алғашқы жылдарындағы ең жоғарғы қызмет дәрежесiне көтерiледi.
Осы жылдары Ньютонның творчестволық қабiлетi анық танылады. Ол қабiлеттi, тәртiптi студенттен аса дарынды ғалымға айналды.
Экспиременталдық жұмыстары да ерте басталды. Студенттiк дәптерiне жарықтың сынуы, линзаның бетiн
Тегiстеу және оның қатерлерi туралы ойларын жазды. “Оптикасында” 1664 жылдыңң 19 ақпанында Айға бақылау жүргiзгенiн баяндады. Әсiресе, 1665 жылы басталып, екi жылға созылған “ғылыми творчестволық демалысының” физика ғылымы үшiн аса зор маңызы болды.
1665 жылы жазда Англияда оба эпидемясы басталып, одан 31 мың адам апат болды. Ньютон тiған жерiне қайтып келiп болашақта жасалатын ғылыми еңбектерiнiң жобаларын жасады.
1667 жылы Ньютон Кембридж қаласына қайта оралады. 1671 жылы Ньютон телескоп жасады. Қазiр бұл телескоп Лондонның Корольдiк қоғамында сақталуда. Оның телескоп жасау үшiн iстеген жұмыстары, хроматикалық абберациядан құтылу жолын және айна үшiн керектi қорытпа iздеу, Ньютонның болашақтағы ғылыми қызметiнiң бастамасы болып, оптикалық және химиялық зерттеулерiнiң негiзiн қалады.
Ньютон 1672 жылдың 6 ақпанында өткен Корольдiк қоғамының мәжiлiсiнде “Жарық пен жаңа түстер” теориясы туралы сөз сөйледi.
Ньютон өзiнiң негiзгi заңын планеталар мен оның серiктерiне, кометалардың қозғалыстарына қолданып, барлығының қозғалыстары да осы заңға бағынатындығын көрсеттi. Мұндағы негiзгi мәселенiң бәрi де математикалық дәлелдеулер екендiгiне көпшiлiктiң назарын аударады.
Денсаулығының нашарлығына қарамастан (замандастарының айтуынша, ол психикалық ауруға шалдыққан) әртүрлi қоғамдық және мемлекеттiк қызмет атқарған. 1699 жылы Париж Ғылым академиясының мүшесi, Британияның Ақша сарайының бас директоры, ал 1703 жылы Корольдiк қоғамның президентi болып сайланды.
1705 жылы королева Анна оған дворяндық атақ берiп, ол бұдан бұлай “сэр Исаак” болып аталды. 1725 жылдан бастап денсаулығының нашарлауына байланысты Ньютон қызметiн түгел тоқтатты. Туысқандары оны Лондоннан тыс дерге, Кенсингтонға алып барды. Бұл жерде оның денсаулығы бiршама жақсарды.
1727 жылдың 28 ақпанында Ньютон Корольдiк қоғамның мәжiлiсiне соңғы рет председательдiк етедi. 4 наурызда Кенсингтонға қайта оралған ол өзiн нашар сезiнедi. Ал наурыздың 20-сынан 21-не қараған түнi ол дүние салды. Ньютонның денесiн туысқандары Лондонға алып келiп, Вестминистрлiк аббаттықта асқан салтанаттықпен жерлейдi. Ал, арада 4 жыл өткеннен кейiн туысқандары оның қабiрiне ескерткiш орнатады. 1755 жылы Кембридж колледжiне Ньютонның мүсiнi қойылып, оған “Ақылы адамзаттан асып түскен” деген сөздер жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |