Исаак Ньютон



бет4/4
Дата08.07.2024
өлшемі14.9 Kb.
#502891
1   2   3   4
1 (2)

qoq
Fmax = ---------
4πεo R2
Мұндағы q альфа бөлшектiң заряды, атомның заряды. R оның радиусы, εo электр тұрақтысы. Бiркелкi зарядталған шардығ электр өрсi оның бетiнде максимал болып, шардың центрiне жақындаған сайын нөлге кемидi.
Сондықтан радиусы неғұрлым кiшi болса, альфа бөлшектi тебушi күш те соғұрлым үлкен болады.
Атом ядросының өлшемдерiн анықтау. Атомның оң заряды мен массасы кеңiстiктiң өте кiшкентай жерiне шоғырланған боса ғана альфа бөлшектердiң керi тебiлуi мүмкiн болатынын Резерфорд түсiнген едi. Сөйтiп, Резерфорд атомның түгелдей дерлiк массасы мен барлық оң заряды шоғырланған кiшкентай дене идеясына атом ядросы идеясына кiредi.
Түрлiше бұрыштарға шашыраған альфа бөлшектердiң санын есептей отырып, Резерфорд ядроның өлшемдерiн де бағалады. Ядроның диаметрi 10-12-10-13 см (әр түрлi ядролардың диаметрлерi түрлiше болады) шамасында екен. Ал атомның өзiнiң өлшемi 10-8см, яғни ядроның өлшемдерiнен 10-100 мың есе үлкен. Соңынан ядроның зарядын да анықтау мүмкiн болады. Электронның зарядын бiрлiк өлшем етiп алатын болсақ, онда ядроның заряды осы химиялық элементтiң Д. И. Менделеев кестесiндегi реттiк нөмiрiне дәлме-дәл тең екен.
Атомның планетарлық моделi. Резерфордтың тәжiрибелерiнен тiкелей атомның планерталық моделi келiп шығады. Центрiнде массасы түгелдей дерлiк жинақталған оң зарядталған атом ядросы орналасқан. Бұтiндей алғанда атом нейтрал. Сондықтан атом iшiндегi электрондардың саны да, ядроның заряды сияқты, периодты жүйедегi элементтiң реттiк нөмерiне тең. Атом iшiндегi электрондардың тыныш тұруы мүмкiн еместiгi өзiнен өзi айқын, болмаса олар ядроға құлап тұсер едi. Олар, Күндi айнала қозғалатын планеталар тәрiздi, ядроны айнала белгiлi орбиталармен қозғалып жүредi. Электрондардың бұл сипаттас қозғалысы ядро тарапынан пайда болатын кулондық күштiң әсерiнен туады. Сутегi атомының ядросын айнала тек бiр ғана электрон қозғалады. Сутегi атомы ядросының модулi бойынша электронның зарядына тең оң зарядыбар, ал массасы электронның массасынан шамамен 1836,1 есе көп. Бұл ядро протан деген атақ алып, элементар бөлшек ретiнде қарастырыла бастады. Атомның өлшемi - бұл оның электронның орбитасының радиусы (167 - сурет).Атомның қарапайым және көрнекi планетарлық моделiнiң тiкелей экспиременттiк дәлелдемесi бар, альфа бөлшектердiң шашырау тәжербиесiн дәлелдеу үшiн ол сөзсiз керек сияқт. Бiрақ бұл модель атомның бар болу фактiсiнiң өзiн, оның орнықтылығын түсiндiре алмады. Электрондар орбитамен едәуiр үдеумен қозғалады. Максвеллдiң электродинамикалық заңдары бойынша, үжей қозғалатын заряд жиiлiгi бiр секундтағы ядроны айналу санына тең болатын электромагниттiк толқын шығаруы тиiс. Сәуле шығарда энергия шығыны болады. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында тежелген кезде спутниктiң Жерге жақындайтыны сияқты, энергиясын жоғалта отырып, электрондар да ядроға жақындауы тиiс. Ньютон механикасы мен Максвелл электродинамикасына негiзделген мұқият есептеулер көрсеткендей, болмашы аз уақытта (10-8 с шамасында) электрон ядроға құлап түсуi керек. Атом өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатуы тиiс.
Шындығында мұндай ештеңе байқалмайды. Атомдар орнықты және қозбаған күйiнде, электромагниттiк толқындарды мүлде шығармай, шексiз ұзақ өмiр сүре алады.
Энергиясын түгелдей сәуле шығаруға жiберiп, атомның сөзсiз құрып кеткендгi жөнiндегi тәжербиемен үйлеспейтiн қорытынды-классикалық физиканың заңдарын атом iшiнде болатын құбылыстарға қолданудың нәтижесiнде шығып отыр. Бұдан атом масштабындағы құбылыстарға классикалық физикалық заңдарын қолдануға болмайтындығы шығады.
Резерфорд атомның планетааралық моделiн жасады: электрондар, планеталардың Күндi айнала қозғалатыны сияқты, ядроны айнала қозғалады. Бұл модель қарапайым эксперимент жүзiнде негiзделген, бiрақ атомдардың орнықтылған түсiндiре алмайды.


  1. Қолданылған әдебиеттер


Қазақ СССР энциклопедиясы 1 том –216 беттер


Әлем физиктерi 12-24 беттер
Физика 11 кл – Атомдық физика тарауы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет