Исатай Балмағамбетовпен кездесу
Жуырда” Атырау-ақпарат”баспасөз орталығында ҚР
Мәдениет қайраткері,Қазақстанның Құрметті журналисі,қазақ
журналистикасының атасы атанған Тауман Амандосовтың
шәкірті Исатай Балмағамбетовпен кездесу өтті.Аталмыш
шараға”Сарайшық” мәдени-әдеби,тарихи -танымдық
журналының әдеби редакторы Нұрым Ерғалиев,журналистика
кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.қ.,профессоры Мәншүк
Тынышқалиқызы және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау
униыерситетінің 1-курс журналистика студенттері қатысты.
Кездесу
барысында жиналғандар қаламгер,парасатты публицист
өңірлік ақпаратты өмірлік
ақпаратқа айналдыра білген журналист
жайлы сөз сабақтады
Белгілі қаламгер Исатай Құндызбайұлы 1961 жылы ақпанның 20
жұлдызында дүниеге келген.Ол ҚазМУ-дың журналистика факультетін
1983 жылы бітірген.Еңбек жолын “Атырау облыстық қоғамдық-
саяси”газетінде аға тілші,бөлім меңгерушісі,жауапты редактор қызметін
атқарған.
-Журналистика-мен өзім таңдап,әрі жаным сүйіп,жазуменде атқаратын
кәсібім.Ешқашан өкінген емеспін.Мектеп кездерімде 5 ші сыныптан 11
ші сыныпқа дейін өзімнің мақала,өлеңдерімді жазып тұратынмын.Сол
кездегі жазу мен ойлау дағдымыз қәзіргі кезбен салыстыруға
келмейді,-деді Исатай Балмағамбетов
Шара одан әрі студенттердің көкейінде жүрген сауалдарға және ойларын
ортаға салып пікірталаспен жалғасты және өз ұсыныстарын
білдіріп,талқылады.
Студенттер журналистика саласы туралы қандай қиындықтарға
тап болатынын қалай
таңдауға болатындығы жайлы сұрақтар қызықтырды.
И.Балмағамбетовтың өз тәжірбиесі бойынша,жұмыс бастар кезде ең
алдымен газеттен бастаған жөн! Неге себебі:Көп студенттер ең алдымен
телеведенияға қызығады.Жазып білмеген соң ешқандай жұмыста алға
баспайды.Шабыттанып жазу,әр адам өзінің қолынан келе бермейтін ісі.
Расында да әлеуметтік желідегі жел сөзге қарағанда шындық пен
ақиқатты бетке ұстаған байырғы басылымдардың тілшілері кез-келген
оқиғаны дәлме-дәл етіп жазады.Сондықтан газет оқу,оған жазылу-көз
қарақты,көкірегі ояу оқырманның басты міндеті.Білім өмір бойына
керек.Оқырмандарды өзімізге баурап алатындай дәрежеде жазу біздің
міндетіміз.Осы орайды журналистика 1 курс студенттерін оқу жылының
соңына қарай өз аудандарыңыздағы газеттерден бастағандарыңыз жөн
екендігіне тоқталды.