Исходящий номер: 510-02-06/жт-с-8710 от



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі365.21 Kb.
#453170
  1   2
про доки застройщиков


Исходящий номер: 510-02-06/ЖТ-С-8710 от 31.10.2019



Р.Ж. Смагуловқа

Нұр-Сұлтан қаласы,

Б. Момышұлы даңғылы,

№ 14 үй, 252 пәтер


2019 жылғы 17 қазандағы № ЖТ-С-8710 хатқа
Сіздің рұқсаттама құжаттары туралы ақпарат беруге қатысты өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу мақсатында жүгінген жеке және заңды тұлғаларды танысу үшін мынадай ақпаратты ұсынады:

1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның атауы мен заңды мекенжайы туралы;

2) мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын анықтаманың болуы туралы;

3) Кепілдік беру қорымен жасасқан кепілдік беру туралы шарттың болуы және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Кепілдік беру қорынан кепілдік алу тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда, оның негізгі шарттары туралы;

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының болуы туралы;

5) құрылыс салушы өткізген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы жобалары туралы;

6) құрылысы болжанатын тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектісі туралы;

7) уәкілетті компанияның жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты ұсынады.

2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны;

2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуін және сипаттамасын;

3) оның аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді.

4. Уәкілетті компания осы Заңда белгіленген ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

Одан әрі Заңның 6-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласын мемлекеттік реттеу жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында бақылау жүргізу бойынша қызметті ережеге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жүзеге асырады.

Қолданыстағы Заңды бұзу фактілері анықталған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүгіну қажет.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес өтінішті қарастыратын органның қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы екеніңізді қосымша хабарлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет