«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»


Кіріспе. Дін мен мәдениет арақатынасы



бет2/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Кіріспе. Дін мен мәдениет арақатынасы
Сабақтың жоспары: 1. Діннің адамзат қоғамындағы ролі
2. Дін мен мәдениет арасындағы сабақтастық мәселесі
Осы күнге дейінгі біздегі қалыптасқан пікір бойынша дін мәдениеттің құрамдас бөлігіне жатады деген тұжырым бар. Мұндай тұжырымның қалыптасуына 17-18 ғасырларда Батыс Европа елдерінде дін мен қоғам арасындағы қайшылықтың туындауы тікелей ықпалын тигізді. Алайда, бұл тұжырымның дұрыс еместігін уақыт сан мәрте дәлелдеп берді. Дін мәдениеттің құрамдас бөлігі бола алмайды. Өйткені, дін адам баласының ойынан шығарылған нәрсе емес. Дін адамзат қоғамынан тыс ортада пайда болып, сол жіберілген қоғамның игілігі үшін қызмет жасайтын ілімдер жүйесі. Адамзат қоғамында жалпы мәдениет пе, салт-дәстүр ме, әдет-ғұрып па, мемлекеттік жүйе ме барлығы діни ілім мен діни таным негізінде қалыптасады. Сол себепті, дін ешқашанда мәдениеттің құрамдас бөлігі бола алмайды. Керісінше, дін мәдениеттің құрамдас бөліктерін қалыптастыратын негізгі қозғаушы күш болып табылады. Дін мен діни танымнан тыс қоғамның рухани-мәдени өмірі мен қоғамдық қатынас жүйелерінде ешнәрсе болмайды. Өйткені, қоғамдағы барлық жүйелер осы діни таным негізінде қалыптасып, сол діни таным шеңберінде қызмет етеді. Бұл діннің қоғамдағы қызметінің сан-салалы екендігін көрсетеді. Сондықтан мәдениет әркезде дінге тәуелді болады. Діннен тыс ешқашан мәдениет болмайды. Діннің қоғамдағы ролінің артуы – ол қоғамның нұрлануына, гүлденуіне, мәдениетінің жаңа сатыға көтерілуіне әкелсе, діннің қоғамдағы ролінің төмендеуі, керісінше, қоғамның азғындауына, тоқырауға ұшырап, ыдырауына әкелетін қауіпті факторға айналады. Діннің қоғамдағы ролінің қаншалықты жоғары екендігі туралы XX ғасыр басындағы орыс ойшылы В. С. Соловьев былай деп жазады: «При таком внутреннем соединении (а несмешении) религиозной идеи с народностью выигрывает и та и другая сторона. Народность перестает быть простым этнографическим и историческим фактором, получает высший смысл и освящение, а религиозная идея обнаруживается с большой определенностью, окрашивается и воплощается в народности, приобретает в ней живую историческую силу для своего существования в мире. И чем значительнее народная сила, тем выше она должна подниматься над национальном эгоизмом, тем полнее она должна отдаваться своему вселенскому служению». В. С. Соловьевтің бұл пікірі кез-келген халықтың деңгейі, рухани қуаты діни идеяның халықтың ой-санасынан қаншалықты терең орын алуына байланысты екендігін көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің қай бағытта дамитынын айқындайтын – діні, діни танымы.
Бақылау сұрақтары: 1. Діннің мәдениет қалыптастырушылық ролі туралы не білесің?
2. Дінді өзгерту халықтар тағдырына қаншалықты ықпал етеді?
3. В.Соловьев діннің адамзат қоғамына ықпалын қалай бағалады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет