192
ИМАНИ ГҮЛ
Тағала Мұса алейһиссәламға:
«Бұлаққа маңына барып,
онда болып жатқан барлық оқиғаларды қадағалап,
бақыла», - деп уахи етеді. Муса (алейһиссәлам)
Раббысының айтқанын
бұлжытпай орындап бұлақтың
маңына барып тасаланып қалады.
Бұлақтың басына бір атты адам келіп атын суарып жа-
тып, қалтасындағы алтынын түсіріп алады. Алтынының
түсіп қалғанынан бейхабар бұл адам артына қарамастан
жөніне кете барады. Ол кете салысымен, бір кішкене бала
бұлақтың басында жатқан алтынды көре сала дереу алады
да қойнына тыққан күйде қаша жөнеледі.
Бала кете са-
лысымен, бұлақтың басына бір соқыр адам келеді. Осы
мезетте әлгі алтынын түсіріп алған атты адам жоғын іздеп
қайта келіп қалады. Атты адам соқыр адамға:
«Алты-
нымды қайтар, сенен басқа бұл жерге ешкім келген жоқ,
алтынды сен алдың», – деп жағасына жабысады. Соқыр
адам:
«Мен алған жоқпын», - деп қанша ақталса да, атты
адам сенбейді. Сөйтіп, атты адам соқыр адамды сол жерде
мерт етеді. Мұса алайһиссәлам бір қарағанда зұлымдық
сияқты көрінген бұл оқиғалардың
мән-мағынасын Алла
Тағаладан сұрайды. Сонда Алла Тағала:
«Атты адам
бұрын баланың әкесінің алтынын ұрлаған еді. Біз сол
алтынды балаға мұрагер етіп қайтардық. Ал анау
соқыр адам баяғыда атты адамның әкесін өлтірген
еді. Енді, міне, атты адамға соқырдан әкесінің өшін
әпердік».
Ажал
Ажал сөзі –
«уақыт, мезет» және
«алдын-ала
белгіленген уақыт» деген мағыналарды білдіреді.
Шариғаттағы терминде –
адам баласы және басқа жан
иелері үшін
белгіленген өмірдің бітуіне, яғни, өлім
уақытына айтылады.
193
ИМАНИ ГҮЛ
Әрбір адамның өзіндік ажалы бар. Алла Тағала әрбір
адамға белгілі бір уақытқа дейін өмір сыйлаған. Ажал
деп осы белгіленген уақыттың бітуін айтамыз. Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: