Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге



Pdf көрінісі
бет142/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге 
қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт 
қарайтындарға не деуге болады?
Бұл құлшылықтың түп мәнін жетік түсінбеуден 
туындайды. Намаз – тек күнәһарлар мен молдаларға 
ғана жүктелген жеке міндет емес, әрбір адамның мой-
нына жүктелген асыл парызы. Құранда Алла Тағала: 
«Мен адамдар мен жындарды (мені танып), маған 
ғана ғибадат етсін деп жараттым» дейді. Сондықтан 
құлшылық – адамзат жаратылысының негізгі мақсаты. 
Ал ғибадат-құлшылықтың ең ұлысы – намаз. Жүрегі таза, 
көңілі пәк адамдар, керісінше, намазды көбірек оқулары 
тиіс. Құлдың намаз оқуы – күнәсінің көптігі емес
керісінше, оның Құдайға бір қадам жақын екендігінің 
белгісі. Құранда бірнеше жерде тақуа жандардың 
белгісі ретінде «Тақуа жандар намаздарын толық 
орындайды»
122
-делінсе, басқа бір аятта шынайы намаз-
дың адамды жаманшылықтан тыятындығын: «Шынайы 
намаз адамды арсыздық пен жаманшылық атаулы-
дан тыяды»
123
- деп білдірген. 
Егер намазды тек қана жүрегі кір, көңілі пендешілік-
ке толы қиянатшыл пенделер ғана оқитын болса, онда 
күнә атаулыдан пәк пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) 
әрі Оның артынан ерген қаншама ғұламалар мен тақуа 
жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт намаздарын қалт 
жіберместен оқыған. Егер жүрегінің тазалығы үшін намаз 
оқымауға рұқсат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам 
122
Бақара сүресі, 3-аят,
123
Анкабут сүресі, 45-аят.


238
ИМАНИ ГҮЛ
– сөзсіз Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у.) болар еді. Алайда 
Ол (с.а.у.), керісінше, күллі адамзаттан артық намаз оқып, 
құлшылық жасайтын. 
Иә, Алла елшісі (с.а.у.) бес уақыт парыз намазды бы-
лай қойғанда, түн жарымда тұрып «тәһәжжуд» нама-
зын егіле жылап, аяқтары талып, ісігенше оқитын. «Уа, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет