349
ИМАНИ ГҮЛ
мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші
төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да
абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айна-
лары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен
олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел
алуға үзілді-кесілді тыйым
салған европа бұнысымен
қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға,
яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек
алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне,
қолдан сансыз түсік жасалуына көз жұмып қарауда.
Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон:
«Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды
түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп
әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан
әлдеқайда артық»
207
деп ашық мойындаған.
Негізінде, көп әйел алу ислам дінінде парыз да, уәжіп
те емес. Тек рұқсат етілген
кеңшілік жол ретінде ғана
қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың
өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарын ескерер
болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін
жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер
кісінің екі немесе бірнеше жанұяны бірдей басқаруға
қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған
жағдайда бірінші жанұяның
шаңырағы шайқалар болса,
мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр.
Сондықтан үйленетін адам өз жағдайын, жанұясының әрі
қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан
мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті.
207
Проф. Др. Ибраһим Жанан, Күтүб-и ситте, 2-том, 274-бет.
«Акчаг» баспасы, Стамбул.