Либретто
[1]
(италиялық Ііbretto, сөзбе-сөз кітапша), музыкалық-
драмалық шығармалардың (
опера
,
оперетта
,
кантата
,
оратория
)
сөз мәтіні немесе қысқаша мазмұны.
Балеттің
,
пантомиманың
да
әдеби сценарийі Либретто деп аталады. Либретто атауы
көрермендерге арнайы таратылатын опера мәтіні жазылған кішкене
кітапшаларға орай шыққан. Либретто операның әдеби-драмалық
негізі болып табылады. Оның сюжеттері халықтың ән-жырынан,
аңыздардан, мифологиядан, көркем әдебиет туындыларынан
алынып,
драматургияның
жалпы заңдылықтарына, музыкалық
композиция шарттарына сәйкес жазылады. Жазушы мен
композитордың бірлескен шығармашылық жұмысы Либреттоның
сапалы болуының шарты. Қазақ музыка өнерінде
М.Әуезов
(“Абай”
операсы, “Қалқаман — Мамыр” балеті),
Ғ.Мүсірепов
(“Біржан сал”
операсы) Либреттоның озық үлгілерін жасады.
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |