Ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктері Сынақтар мен оқиғалар Ықтималдықтар теориясы



бет1/5
Дата20.05.2022
өлшемі233.5 Kb.
#458171
түріСынақтар
  1   2   3   4   5
1-дәріс ЫТжМС


1 Ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктері
1.1 Сынақтар мен оқиғалар
Ықтималдықтар теориясы кездейсоқ оқиғалардың заңдылығын зерттейтін математикалық ғылым болып саналады. Тұрмыста, практикада және ғылымда белгілі бір мақсат үшін жүргізілетін бақылаулар, сынақтар, операциялар, эксперименттер және т.с.с. кездеседі. Біз бұл атауларды бір мағынада түсінеміз де, оны тәжірибе (сынақ) термині есебінде қабылдаймыз.
Біз сынақ нәтижесін оқиға деп ұғамыз да, оларды әріптері арқылы белгілейміз.
Мысал 1. Мерген төрт облысқа бөлінген нысанаға атыс жүргізуде. Атыс – бұл сынақ. Белгілі бір облысқа оқ тигізу – бұл оқиға.
Мысал 2. Урнада түрлі түсті шарлар бар. Урнадан кездейсоқ бір шар алынады. Шарды урнадан алып шығу – сынақ. Қандай да бір нақты түсті шардың түсуі – бұл оқиға.
Бақыланатын оқиғаларды төмендегідей үш түрге бөлуге болады: ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, кездейсоқ оқиға.
Ақиқат оқиға деп белгілі бір шарттарының жиыны жүзеге асырылғанда әрдайым пайда болатын оқиғаны айтады. Оны біз деп белгілейміз.
Мысал 3. Қалыпты атмосфералық қысымда ыдыста температуралы су бар делік. Бұл жағдайда «Судың ыдыста сұйық қалпында» болуы ақиқат оқиға болады.
Берілген атмосфералық қысым және судың температурасы шарттарының жиынын құрайды.
Мүмкін емес оқиға деп жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде мүлдем пайда болмайтын оқиғаны айтады. Оны біз деп белгілейміз.
Мысал 4. Жоғарыдағы мысалдың шарттары орындалғанда «Ыдыстағы судың қатты күйде» болуы мүмкін емес оқиға.
Кездейсоқ оқиға деп шарттарының жиыны жүзеге асырылғанда пайда болуы да, болмауы да мүмкін оқиғаны айтады.
Мысал 5. Егер тиынды лақтырғанда оның «герб» жағы немесе «цифр» жағы түсуі мүмкін. Сондықтан да, «тиынды лақтырғанда герб жағы түсуі» кездейсоқ оқиға болады.


1.2 Кездейсоқ оқиғалардың түрлері
Егер бір ғана тәжірибенің барысында бір оқиғаның пайда болуы екінші оқиғаның пайда болуын жоққа шығарса, ондай оқиғаларды өзара үйлесімсіз деп атайды.
Мысал 6. Тиынды лақтырғанда «герб» жағының түсуі оның «цифр» жағының түсуін жоққа шығарады.
оқиғалары қос-қостан үйлесімсіз деп аталады, егер де олардың кез келген екеуі үйлесімсіз болса.
Сынақ нәтижесінде оқиғаның біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармайтын екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды.
Мысал 7. Біртекті материалдан жасалған симметриялы кубтың жақтарын 1-ден 6-ға дейінгі цифрлармен белгілейік. Кубты лақтырғанда жұп нөмір түсуі ( оқиғасы) және үш санына бөлінетін нөмір шығуы ( оқиғасы) үйлесімді оқиғалар.
Сынақ нәтижесінде мүмкін оқиғалардың ең болмағанда біреуінің пайда болуы ақиқат болса, ондай оқиғаны жалғыз ғана мүмкіндікті оқиға дейді.
Жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар оқиғалардың толық тобын құрайды.
Мысал 8. Сынақ нәтижесінде кубтың алты жағының біреуі түсетіні сөзсіз. Сондықтан оқиғалары жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар тобын құрайды.
Пайда болу мүмкіндіктері бірдей болатын оқиғаларды тең мүмкіндікті оқиғалар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет