1. а. Пәннің атауы: Геометрия негіздері.
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент мектептің геометрия курсын жақсы меңгеруі қажет.
Постреквизиттер: Жаңа заманда пайда болған және классикалық «евклидтік» геометрияның негізінде өзгеше кейбір геометрияның системалары қарастырылады. Осындай «евклидтік емес» - «биевклидтік» геометрияларды зерттеу қажет.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Геометрия негіздері» жалпы теориялық негіздерін баяндайтын бұл курс төменгдегідей бөлімдерден тұрады. Евклидтік геометрияның аксиомалар системасын зерттеу. Евклидтік емес геометрины ашу., Погорелов бойынша евклидтік геометрияның аксиомалар системасы. Лобачевский геометриясы.
Бағдарламаның жетекшісі: Серікбаева В. Е.
1. б. Пәннің атауы: Экономикадағы математикалық модельдеу.
Пререквизиттер: Пәннің практикалық курсын толық меңгеру үшін студент жоғары білім берудің мемстандартында белгіленген математикалық пәндерді, бірінші кезекте дифференциал теңдеулер теориясын, информатика негіздері мен компьютерлік технологияларды жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет. Постреквизиттер: Таңдау пәнін оқыту нәтижесінде оқытудың жаңашыл технологияларын игеруге, білім беруді ақпараттандыру мәселесін оңынан шешуге, компьютерлік математиканың Mathcad, Maple, Matlab бағдарламалық жүйелерін меңгеруге жол ашылады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазіргі заманғы қоғамда ақпараттандырудың, әсіресе білім беруді ақпараттандырудың, сол сияқты экономика мен экологияның, жаратылыстанудың мазмұнды есептерін сандық тұрғыдан шешудің шын мәніндегі қажетті шарты математикалық модельдеу методы болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда бұл таңдау курсы жоғары математиканың тиісті салалары мен жүйелік программалау, сандық әдістер және компьютерлік технологиялар секілді пәндердің байланыстары мен сабақтастығын одан әрі бекітуі тиіс.
Бағдарламаның жетекшісі: Қоныс А. Қ.
2. а. Пәннің атауы: Мектеп математика курсындағы стандартты емес есептер.
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін студент мектеп курсындағы математиканың барлық саласын толық меңгеруі қажет.
Постреквизиттер: Элементар математика. Математика және математиканы оқыту әдістемесі. Математикадан жоғары қиындықты есептер. Математикалық анализ. Геометрия. Алгебра. Дифференциалдық теңдеулер. Математикалық логика.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Мектеп математика курсындағы стандарты емес есептер – негізгі математикалық курстарды математиканы оқыту әдістемесімен байланыстыратын аралық буын болып табылады. Бұл курстың негізгі мақсаты болашақта математика пәнінің мұғалімі болатын студенттерге мектеп математикасынан білім, білік, дағдының қалыптасуының негізі, оларды берік те саналы меңгеру болып табылады. Берілген оқу бағдарламасының (силлабустың) маңызды аспектісі есептер шешудің оқыту және шәкірттерді есептер шеше білуге үйретудің жолдары туралы әдістемелік түсініктер қалыптастыру болып табылады.Мектеп математика курсындағы стандарты емес есептер курсын оқыту болашақ математика мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын нығайтып, алған теориялық білімінің аясын кеңейту. Орта мектептегі математика пәндерінің ғылыми негіздерін жан-жақты ашып, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру.
Бағдарламаның жетекшісі: Аймұратова Т.
2. б. Пәннің атауы: Интегралдық теңдеулер.
Пререквизиттер: Курсты толық меңгеру үшін судент жоғары білім беру сатысындағы математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер курсын толық меңгеру қажет.
Постреквизиттер: Осы курстың материалдарын әртүрлі құбылыстар мен процестерді сипаттайтын математикалық физиканың теңдеулері үшін қойылған шекаралық есептерді шешуде қолдана алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: «Интегралдық теңдеулер» пәнінде математиканың физиканың теңдеулері үшін қойылған әртүрлі шекаралық есептерді интегралдық теңдеулердің көмегімен шешудің тәсілдері баяндалады.
Бағдарламаның жетекшісі: Баканов Ғ. Б.
3. а. Пәннің атауы: Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқытудың проблемалары
Пререквизиттері: Бұл курс бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп математика оның ішінде геометрия курсын толық меңгеруі тиіс, математиканы оқытуда ең маңызды орын алады. Шағын комплектілі мектептерде геометриядан ауызша есептерді ұйымдастыру, есептеу мәдениетін көтеру жолдарын
Постреквизиттері: Жазықтықтағы фигуралар, жазық фигуралардың ауданы, көпжаұтар, айналу денелері, т.б. планиметрия және стеореметрияның барлық тарауларын оқығанда қолданады. Геометрия, математика оқулығының қосымшасы болып табылады.
Курстың қысқаша мазмұны: негізгі математикалық курстарды математиканы оқыту әдістемесімен байланыстыратын аралық буын болып табылады. Бұл курстың негізгі мақсаты болашақта математика пәнінің мұғалімі болатын студенттерге мектеп математикасынан білім, білік, дағдының қалыптасуының негізі, оларды берікте саналы меңгеру болып табылады. Берілген оқу бағдарламасының (силлабустың) маңызды аспектісі есептер шешудің оқыту және шәкірттерді есептер шеше білуге үйретудің жолдары туралы әдістемелік түсініктер қалыптастыру болып табылады.
3. б. Пәннің атауы: Алгебра және анализ негіздерін тереңдетіп оқыту.
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсының «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін, «Математикалық анализ» курсын жақсы меңгеру қажет.
Постреквизиттер: Анализге кіріспе. Негізгі элементар функциялар. Шектер теориясы. Туынды. Интеграл курстарын оқуда қолданылады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Белгіленген бағдарламаны мемлекеттік стандартқа сай 050109 - «Математика» мамандығы бойынша болашақ мамандарға «Алгебра және анализ бастамалары» курсын тереңдетіп оқытуды көздейді Бұл пәннің оқып-зерттеу объектісі алгебра және анализ курсындағы материалдар. Шектер теориясы дифференциал жєне интегралдар мүмкіндігінше қолданбалылық жағынан оқытылады.
Бағдарламаның жетекшісі: Тұрбаев Б. Е.
4. Пәннің атауы: Бағдарлы сыныптардағы математикадан таңдау курстарын ұйымдастыру.
Пререквизиттері:Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент мектептің математика курсын жақсы меңгеруі қажет.
Қазіргі заман талабына сай математиканы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру жеке оқушыны жан-жақты дамыту жғне оның ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізіледі. Элективтік курстың математика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бағдарлы оқытуды ұйымдастыру, оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға дайындау, жеке тұлғаны интеллектуалды дамыту мақсаттарын басты бағытта ұстайды.
Жалпы білім берудің стратегиялық бағыттары ретінде, бағдарлы білім беруді дамыту ҚР барлық нормативтік құжаттарында аталады.
Постреквизиттері: Пәнді толық меңгерген студент курс материалдарын болашақ маман ретінде пайдалана алады.
Курстың қысқаша мазмұны: Орта мектепте математиканы оқыту жүйесінде бағдарлы -элективтік курстардың алатын орны ерекше. Бағдарлы оқытудың икемді жүйесін қамтамасыз ететін оқу пәндерінің ішінде базалық жалпы білім беретін пәндермен бірге элективтік (қолданбалы және таңдау) курстар ұсынылған. Ұстаздар қауымынан бұл курстардың бағыттары мен мазмұндарын айқындап, оқыту процесінде жүзеге асыру үшін орасан еңбек пен шығармашылық ізденісті талап етеді. Өйткені, элективтік курстар дегеніміз - бағдарлы пәндердің нақты саласы бойынша және бағдарлы пәндердің мазмұнынан өзгеше, оқушылардың білімге қызығушылығын қанағаттандыратын басқа да бағыттар бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру формасы. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің жүргізетін оқу-тәрбие процесіндегі әдістемелік жүйесін жақартуды немесе қайта қарауды талап етеді. Сондықтан, қазіргі таңда осы үддеден шығу мақсатында мектептерде жедел қолға алынып жасалып жатқан жұмыстардың, әсіресе элективтік курстардың мақсаты, міндеттері және мазмұны айқын болу керек. Тізімі бекітілген элективтік курстардың оқу бағдарламалары даярланып, ең болмағанда жергілікті білім басқармасының оқу -әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілуі тиіс.Қазіргі таңда, республикамызда элективтік курстарды жүргізудің жинақталған тәжірибесі жоққа тән, бар болса да өте аз. Республика бойынша бағдарлы сыныптар үшін ҚР Білім академиясы бекіткен тізімдері бар. Бұл тізім мектеп ерекшеліктерін ескеретін болсақ, бұл тізімде тақырып аз қамтылған. Бекітілген тізім аясында, мұғалімдер үшін бұл тізімге ілінбеген курстарды ұйымдастыруға болады делінген. Сағат көлемі белгілі, ал оқу бағдарламаларын, мұғалімдер өз тәжірибелеріне сүйене отырып жасауда, яғни оларға қойылатын жалпыға бірдей талаптар айқындалмаған. Осы стандартта элективтік курстардың міндеті, мақсаты, оның мазмұны, ұйымдастырылу формалары мен түрлері жғне бағалау туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, олардың жүргізілуін стандарт міндеттейді. Сондықтан, жалпы элективтік курстардың математиканы оқытудағы алар орны, мақсаты мен міндеті туралы баяндаймыз.
Бағдарламаның жетекшісі: Сейілова З. Т.
4. Пәннің атауы: Математиканың пәнішілік байланыстары.
Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін студент мектеп курсындағы математиканың барлық саласын толық меңгеруі қажет.
Постреквизиттері: Элементар математика. Математика және математиканы оқыту әдістемесі. Математикадан жоғары қиындықты есептер, матанализ, геометрия, алгебра, дифференциалдық теңдеу, математикалық логика.
Курстың қысқаша мазмұны: Математика курсындағы пәнішілік байланыстар – студенттерді – болашақ мұғалімдерді орта мектептерде математиканың барлық салаларын оқытуға дайындайды олардың арасындағы байланысты ашып білуге үйретуге арналған.
Бұл курстың негізгі мақсаты болашақта математика пәні мұғалімі болатын студенттерге мектеп математикасынан алған білім, білік, дағдының қалыптасуының негіздеу, оларды берік те саналы меңгеру болып табылады. Математика абстрактілі ғылым, сондықтан оқытудың алғашқы жылдарынан бастап-ақ мұғалімнің сабақтас пәндерден фактілер келтіруін қажет етеді. Мектептің басқа пәндерінен алынған білімдерге сүйене отырып, оқушылар өтілетін оқу материалын сапалы түрде меңгереді.
Екінші жағынан, математика оқушыларға математикалық методтар мен есептеу әдістерін үйретеді, яғни басқа ғылымдарда зерттелетін әртүрлі құбылыстарға сандық талдау жасауды, математикалық аппаратты қолдана білуді қамтамасыз етеді. Сондықтан математиканы оқыту пәнаралық байланыстарды іске асыру арқылы жүргізілуі тиіс.
Математиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген фактілер оқушыларда ғылыми білімдердің пайда болуын, қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының танымалы екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда ғана оқушылар оқытылатын жеке пәндердің, оның ішінде математиканың, ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.
Қолданыстағы математикалық ұғымдардың пайда болуы мен қалыптасуын көрсету – оқушылардың нақты білімін тереңдетуге, математиканың сабақтас пәндермен байланыстарын нығайтуға мүмкіндіктер береді.
Әдетте, жаңа тақырыпты өту барысында оқушылардың оған деген қызығушылығын ояту керек, жаңа материалдың практикалық және теориялық мағынасын, басқа пәндердегі қолдану мүкіндіктерін көрсету керек. Осы сұрақтарды ашуда негізгі роль “пәнаралық мазмұнды” деп аталатын есептерге жүктеледі. Пәнаралық есептер берілген пәннің сабағында әр түрлі мақсатпен қолданылады: оқушылардың берілген пән бойынша білімін нығайтып, тереңдету үшін; сол білімдердің қолдануын көрсету үшін; оқушылардың кәсіби білімі мен білігін қалыптастыру үшін; т.б..
Бағдарламаның жетекшісі: Серікбаева В. Е.
6. Пәннің атауы: Математиканың пәнаралық байланыстары.
Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалдарды толық меңгеру үшін студент «Педагогика», «Психология», «Математиканы оқытудың теориялық негіздері және әдістемесі» курстарын жақсы меңгеруі қажет.
Постреквизиттері: Курс бойынша алынған білімдер мектеп математика курсын оқыту барысында қолданыс табады.
Курстың қысқаша мазмұны: Педагогиканың негізгі проблемаларының бірі - пәнаралық байланыстар проблемасы.
Математика абстрактілі ғылым, сондықтан оқытудың алғашқы жылдарынан бастап-ақ мұғалімнің сабақтас пәндерден фактілер келтіруін қажет етеді. Мектептің басқа пәндерінен алынған білімдерге сүйене отырып, оқушылар өтілетін оқу материалын сапалы түрде меңгереді.
Екінші жағынан, математика оқушыларға математикалық методтар мен есептеу әдістерін үйретеді, яғни басқа ғылымдарда зерттелетін әртүрлі құбылыстарға сандық талдау жасауды, математикалық аппаратты қолдана білуді қамтамасыз етеді. Сондықтан математиканы оқыту пәнаралық байланыстарды іске асыру арқылы жүргізілуі тиіс.
Математиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген фактілер оқушыларда ғылыми білімдердің пайда болуын, қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының танымалы екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда ғана оқушылар оқытылатын жеке пәндердің, оның ішінде математиканың, ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.
Қолданыстағы математикалық ұғымдардың пайда болуы мен қалыптасуын көрсету – оқушылардың нақты білімін тереңдетуге, математиканың сабақтас пәндермен байланыстарын нығайтуға мүмкіндіктер береді.
Әдетте, жаңа тақырыпты өту барысында оқушылардың оған деген қызығушылығын ояту керек, жаңа материалдың практикалық және теориялық мағынасын, басқа пәндердегі қолдану мүкіндіктерін көрсету керек. Осы сұрақтарды ашуда негізгі роль “пәнаралық мазмұнды” деп аталатын есептерге жүктеледі. Пәнаралық есептер берілген пәннің сабағында әр түрлі мақсатпен қолданылады: оқушылардың берілген пән бойынша білімін нығайтып, тереңдету үшін; сол білімдердің қолдануын көрсету үшін; оқушылардың кәсіби білімі мен білігін қалыптастыру үшін; т.б..
Бағдарламаның жетекшісі: Серікбаева В.Е.
6. Пәннің атауы: ФАН элементтері
Пререквизиттері:Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін «математикалық талдау», «дифференциалдық теңдеулер», «дербес туындылы теңдеулер» пәндерін жақсы меңгеру қажет.
Постреквизиттері: Студенттер математикалық физиканың классикалық теңдеулерінің түрлерімен танысады және оларды шешу әдістерін үйренеді; қарапайым физикалық құбылыстардың математикалық модельдерін құра білуге машықтанып және алынған математикалық есепті шеше білуге үйренеді.
Курстың қысқаша мазұны:Функциялар теориясы және фукционалдық анализ жалпы ғылымдық және арнайы оқып-үйренуге қажетті фундаментальды пән. Сонымен қатар, бұл пән практикада математикалық әдістерді қолдану дағдыларын қолданбалы есептерді шығаруда икем -дағдыларын жетілдірудің ең тиімді құралы.
Бағдарламаның жетекшісі: Тұрбаев Б. Е.
7. Пәннің атауы: Математикадан кластан тыс жұмыстар.
Курстың қысқаша мазмұны:
«Математикадан кластан тыс жұмыстар» пәні бойынша белгіленген бағдарлама «Математика» мамандығында оқитын студенттерге берілетін білім көлемін анықтайды.
Лекция мазмұны тек қана теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар практикалық мазмұны бойынша кластан тыс жұмыстардың әртүрлі түрлерінің жоспарларымен, газет нобайларымен, сызбалармен, таблицалық материалдармен қамтылған. Лекцияның былай жабдықталуы студенттердің жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
Лабораториялық сабақтар мазмұны лекцияда көрсетілген материалды негізге ала отырып аудиторияны сынып бөлмесі ретінде қарастырып, практика жүзінде біліктілігін іске асыруға дағдыландырады.
Бағдарламаның жетекшісі: Аймұратова Т.
8. Пәннің атауы: Математикалық физиканың есептеу әдістері.
Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент математикалық талдау және қарапайым дифференциалдық теңдеулер пәндерінің барлық саласын толық меңгеруі қажет.
Постреквизиттері:
Пәнді толық меңгерген студент курс материалдарын әртүрлі физикалық құбылыстар мен процесстердің математикалық моделін зерттеуге қолдана алады.
Курстың қысқаша мазмұны:
Курсты оқыту барысында ротор, дивергенция және градиент ұғымдарының физикалық мағынасы көрсетіледі, сонымен қатар әртүрлі физикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын математикалық физиканың негізгі теңдеулері мен оларға қойылатын есептерді шешу әдістері баяндалады.
Бағдарламаның жетекшісі: Баканов Ғ. Б.
8. Пәннің атауы: Сызу және КГН
Пререквизиттері:Пәннің практикалық курсын толық меңгеру үшін студент орта мектептің сызу және геометрия курстарын жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет.
Постреквизиттері:Таңдау пәнін оқыту нәтижесінде болашақ маман-математик орта мектепте сызу пәнін оқытуға, класс жетекшісі ретінде оқушыларға көркем тәрбиенің толымды жүргізуіне жол ашылады.
Курстың қысқаша мазмұны:
Қазіргі заманғы қоғамда жас ұрпаққа, оқушы-студенттерге көркем эстетикалық тәрбие беру қажеттілігі күн тәртібіне қойылған. Сондықтан, және жоғары білімді маманның графикалық жеткілікті деңгейде сауаты болуы үшін аталған таңдау пәнінде геометриядағы параллель проекциялауға негізделген сызу пәнінің негізгі ұғымдарын, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын, оның даму тарихын және көркем графиканың аппликация, лепка, орнамент, т.б. түрлерімен таныстыру қаралған. Сол сияқты Қазақстанның бейнелеу өнері мен қолданбалы-декоративтік өнерінің тарихымен таныстыру да межеленген.
Бағдарламаның жетекшісі: Қоныс А. Қ.
9. Пәннің атауы: Математикалық физиканың кері есептері.
Пререквизиттер: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін студент жоғары білім беру сатысындағы математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер, сандық әдістер және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер курстарын толық меңгеруі қажет.
Постреквизиттер: Осы курстың материалдарын студент ғылыми-зерттеу және есептеу орталықтары айналысатын күрделі проблемаларды шешуде, әртүрлі құбылыстар мен процестерді сипаттайтын математикалық физиканың теңдеулері үшін қойылған кері есептерді зерттеуде қолдана алады.
Курстың қысқаша мазмұны: «Математикалық физиканың кері есептері» пәнінде дифференциал теңдеулер үшін кері есептердің әртүрлі қойылымдары және кері есептер теориясының негізгі даму бағыттары, оларды зерттеудің қазіргі заманғы тәсілдері баяндалады.
Бағдарламаның жетекшілері: Баканов Ғ.Б.
«5В011000-Физика»
Элективті пәндер
(таңдау бойынша)
1 курс
|
№
|
Циклы
|
ТК №
|
Пәндердің атауы
|
Кредит саны
|
Семестр
|
1
|
ЖББ
|
1
|
а) Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері
б) Еңбекті қорғаудың ұйымдастырудың
мәселелері
|
1
|
4
|
2 курс
|
1
|
БП
|
1
|
а)Оқу орындары мен зертханаларының экологиялық қауіпсіздігі және паспорттандырылуы
б)Физикалық өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері
|
2
|
3
|
2
|
|
2
|
а) Әр түрлі ортадағы электр тоғы
б)Физикалық құралдар және олардың өлшеу шектері
|
2
|
3
|
3
|
|
3
|
а) Қатты дене механикасы
б) Газдар динамикасы
|
2
|
3
|
4
|
|
4
|
а) Реал газдардағы фазалық алмасулар
б)Сұйықтар физикасы
|
2
|
4
|
5
|
|
5
|
а) Орта мектепте физика сабағындағы жаңа технологиялар
б)Оқу орындары мен зертханаларының экологиялық қауіпсіздігі және паспорттандырылуы
|
2
|
4
|
6
|
|
6
|
а) Физикалық құралдар және олардың өлшеу шектері
б) Электротехника негіздері
|
2
|
4
|
7
|
|
7
|
а) Тербелістер теориясы
б)Электр және магнетизмнің қосымша тараулары
|
2
|
4
|
Жалпы білім беру пәндері
Пәннің атауы: Өміртіршілік қауіпсіздігінің негіздері (ЖБП циклін қараңыз)
Пререквизиттер:
Постреквизиттер:
Бағдарламаның қысқаша курсы:
Бағдарламаның жетекшілері:
Пәннің атауы: Оқу орындары мен зертханаларының экологиялық қауіпсіздігі және паспорттандырылуы
Пререквизиттер: Химия, экология, педагогика
Постреквизиттер: Физика, педагогика. Студенттер алған экологиялық білімін өмірде нақты жағдайларда өзінің кәсіпорнының, қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдануға пайдаланады. Олар экологиялық мониторингті жүргізу ретін экологиялық сипаты бар жобалар мен шешімдерді талдауды өз кәсіпорнының экологиялық паспортын толтырып, қазіргі экологиялық талаптарға сай болуын қадағалап, сол талаптардан туындаған жұмыстарды атқаруға дайын болуы керек.
Бағдарламаның қысқаша курсы: “Оқу орындары мен лабораторияларының экологиялық қауіпсіздігі және паспорттандырылуы” курсының болашақ физика пәні мұғалімдерін дайындаудағы орны, маңыздылығы. Қауіпсіздік, қауіптілік және экологиялық қауіпсіздік ұғымдары, құрамдас бөліктері. Оқу орны немесе мектеп туралы. Мектеп үйі мен бөлмелерінің техникалық сипаттамасы. “Табиғат - адам” жаһандық жалпы жүйенің өзара әсерлесуші құрамдас бөліктері. Мектеп орналасқан ауданның табиғи-климаттық сипаттамасы. Мектептің электр және жылумен қамтамасыз етілу жағдайы. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаның ластануы. Мектеп жанындағы транспорт қозғалысын сипаттау. Мектеп жер участкісі мен көгалдандырылуы туралы сипаттама. Ғылыми-техникалық прогресс және оның экологиялық зардаптары. Жер бетіндегі адамзат тіршілігінің материалдық-өндірістік бөлігінің схемасы. Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының эколо-гиялық зардаптары. Ортаның электромагниттік ластануы және оның көздері. Радиациялық қауіпсіздік және иондаушы сәулемен ластану. Шумен ластану. Атмосфераның ластануы және оның көздері.
Бағдарламаның жетекшілері: Жайсаңбаев Т.Р.
Пәннің атауы: Физикалық өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері
Пререквизиттер: Жалпы физика курсы
Постреквизиттер: Электродинамика, Электротехника, Ядро физикасы және элементар бөлшектер. Студент курсты оқу барысында физикалық құралдардың құрылысымен, жұмыс жасау принципімен, олардың түрлерімен танысады. Приборлардың өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерімен, дәлдік сыныптарымен танысып, практикалық мақсаттар үшін алған білімін жүзеге асырады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Физикалық шамаларды өлшеу дәлдігі. Механикалық шамаларды өлшеу. Молекулалық шамаларды өлшеу. Электр және магнит шамаларды өлшеу. Оптикалық шамаларды өлшеу. Атомдық және ядролық өлшемдер. Электродинамикалық жүйедегі аспаптар. Электростатикалық жүйедегі аспаптар. Электромагниттік жүйедегі аспаптар. Магнитоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Феррадинамикалық жүйедегі аспаптар. Индукциялық жүйедегі аспаптар. Вибрациялақ жүйедегі аспаптар. Термоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Ұлғаю өлшемдері.
Бағдарламаның жетекшілері: Аманбаева М.Қ.
Пәннің атауы: Әр түрлі ортадағы электр тогы
Пререквизиттер: Электр және магнетизм
Постреквизиттер: Заттардың электрондық теориясы. Студент әр түрлі ортадағы электр тоғы курсын оқу барысында әртүрлі заттарда электр тоғының жүруін, заттардың электр тоғын өткізу қасиетін, әр түрлі ортада электр тоғын тасымалдаушылар табиғаты жөнінде толық мағлұмат алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Электр өрісі. Электр өрісі кернеулігі. Зарядтардың электростатикалық индукциясы. Полеризация. Біртекті диэлектриктегі электр өрісі. Потенциал. Электр өрісінің энергиясы. Потенциал. Өрісі кернеулігі мен потенциалдар айырмасыынң байланысы. Сыйымдылық. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тоғы. Тоқтың пайда болу шарты. Ток күші. Ток тығыздығы. Ток тізбегіндегі потенциалдар таралуы. Металдардағы электр тоғы. Электрондық өткізгіштік. Ом заңы. Температураға байланысты кедергінің өзгерісі. Жоғарғы өткізгіштік. Жылу өткізгіштік және электр өткізгіштік арасындағы байланыс. Термоэлектрондық эмиссия. Потенциалдар контктік айырмасы. Термоэлектрлі құбылыстар. Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері. Таза және қоспалы жартылай өткізгіштер, р-п өтулер. Газдардағы және вакуумдағы электр тоғы. Электролиттердегі электр тоғы. Жартылай өткізгішті триод, транзисторлар. Электрондардың электр және магнит өрісіндегі қозғалысы
Бағдарламаның жетекшілері: Абдрахманов Н.М.
Пәннің атауы: Физикалық құралдар және олардың өлшеу шектері
Пререквизиттер: Жалпы физика курсы
Постреквизиттер: Электродинамика, Электротехника, Ядро физикасы және элементар бөлшектер. Студент курсты оқу барысында физикалық құралдардың құрылысымен, жұмыс жасау принципімен, олардың түрлерімен танысады. Приборлардың өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерімен, дәлдік сыныптарымен танысып, практикалық мақсаттар үшін алған білімін жүзеге асырады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Физикалық шамаларды өлшеу дәлдігі. Механикалық шамаларды өлшеу. Молекулалық шамаларды өлшеу. Электр және магнит шамаларды өлшеу. Оптикалық шамаларды өлшеу. Атомдық және ядролық өлшемдер. Электродинамикалық жүйедегі аспаптар. Электростатикалық жүйедегі аспаптар. Электромагниттік жүйедегі аспаптар. Магнитоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Феррадинамикалық жүйедегі аспаптар. Индукциялық жүйедегі аспаптар. Вибрациялақ жүйедегі аспаптар. Термоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Ұлғаю өлшемдері.
Бағдарламаның жетекшілері: Аманбаева М.Қ.
Пәннің атауы: Қатты дене механикасы
Пререквизиттер: Механика
Постреквизиттер: Классикалық, кванттық механика. Қатты дене физикасын оқып үйрену барысында студент әр түрлі денелердің физикалық қасиеттерін, олардың негізгі сипаттамаларымен, параметрлерімен таныса отырып, практикада осы денелерді қолданып әртүрлі құрылғылар жасау, өндірістік мақсаттар үшін пайдалану, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жайында мәліметтер алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қатты дене қозғалысы. Қозғалыс мөлшерінің моменті. Айналған қатты дененің кинетикалық энергиясы. Дененің жазық қозғалысы. Кейбір денелердің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Жазық қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы. Еркін осьтер. Инерцияның бас осі. Қатты дене динамикасының заңдарын қолдану. Гироскоп. Гироскопиялық күштер. Еркін гироскоптың қозғалысы.
Бағдарламаның жетекшілері: Раимбаева Ж.С.
Пәннің атауы: Газдар динамикасы
Пререквизиттер: Механика, Молекулалық физика
Постреквизиттер: Теориялық физика. Орта мектепте физиканы тереңдете оқыту кезінде қолданылады. Оқушылардың ғылыми танымын тереңдетеді. Қозғалыстағы газдар техникада жиі қолданылады. Реактивті двигательдердің құрылысы мен жұмыс істеу принципін терең түсінеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Молекулалық физика. Қозғалыстағы газдың физикалық қасиеттерін зерттеу. Реактивті двигательдер. Соплолар. Газ қозғалысын сипаттайтын параметрлер.
Бағдарламаның жетекшілері: Ешимова У.З.
Пәннің атауы: Реал газдардағы фазалық алмасулар
Пререквизиттер: Механика, Молекулалық физика
Постреквизиттер: Термодинамика және статистикалық физика, Атомдық және ядролық физика. Студент пәнді игеру барысында реал газдарда жүретін физикалық процестермен толық танысып, олардағы фазалық алмасуларды зерттеп, реал газдардың қасиетін идеал газдардың қасиетімен физикалық заңдылықтар, формулалар негізінде салыстырып білімін толықтырады. Алған білімін іргелі физикалық зерттеулерде, дипломдық жұмыстар орындауда пайдалана алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Реал газдардың идеал газдардан айырмашылығы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.Сындық шамалар және оларды анықтау жолдары. Тәжірибе негізінде алынған изотермалар мен Ван-дер-Ваальс изотермаларын салыстыру.Бу-сұйық фазалық алмасуы. Опалесценция құбылысы. Флуктуация. Бірінші текті фазалық алмасудың шекарасы. Екі фазалы және метастабильді күйлер.Реал газдардың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі. Газдарды сұйылту және төменгі температураны алу. Реал газдардағы фазалық алмасу. Газдың тығыздығы мен молекулалық салмағын анықтау. Газдың тұрақты қысымдағы жылу сыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылығына қатынасын анықтау. Ауаның тұтқырлық коэффициентін анықтау. Ауаның жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау. Больцман тұрақтысын анықтау. Ауаның ылғалдылығын және Ассман психрометрінің тұрақтысын анықтау.
Бағдарламаның жетекшілері: Аманбаева М.Қ.
Пәннің атауы: Сұйықтар физикасы
Пререквизиттер: Механика, молекулалық физика
Постреквизиттер: Термодинамика және статистикалық физика, Атомдық және ядролық физика. Студент пәнді игеру барысында сұйықтардың физикалық қасиеттерін толық зерттеп, зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен танысады. Сонымен қатар сұйықтардың қасиеттерін қатты денелермен, газдармен, плазмалық денелермен салыстыра отырып, физикалық талдаулар жасайды. Бұл студенттің физик маман ретінде қалыптасуындағы теориялық білімін тереңдетеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Заттардың агрегат күйлері. Сұйықтар физикасы жайлы негізгі түсінік. Сұйықтар құрылымы. Молекулааралық өзара әсерлер. Өзара әсер энергиялары. Жылулық қозғалыс әсерінен сұйықтарда жүретін процесстер. Байланыстардың құрылу және ыдырау реакциялары. Коллективтік және коллективтік емес реакциялар. Сұйықтарда жүретін элементар реакциялар. Реакциялардың характеристикалық уақыттары. Сұйықтарды эксперимент түрінде зерттеудің диэлектрлік радиоспектроскопия әдісі. Сұйықтарды зерттеудің акустикалық спектроскопия әдісі. Сұйықтарды зерттеудің Релейлік спектроскопия әдісі. Пикосекундық спектроскопия әдісі. Магниттік спектроскопия. Инфрақызыл спектроскопия. Сұйықтарды нейтрондар шашырауы арқылы зерттеу әдісі. Сұйықтарды зерттеудің Рентген сәулелерінің дифракциясы әдісі.
Бағдарламаның жетекшілері: Елеусінов Б.Т.
Пәннің атауы: Орта мектепте физика сабағындағы жаңа технологиялар
Пререквизиттер: Жалпы физика курсы. Информатика
Постреквизиттер: Физиканы оқыту әдістемесі. Студент жаңа ақпараттық технологиялар курсын игеру барысында жаңа инновациялық, коммуникативтік кешендермен танысады, олармен жұмыс істеу тәсілдерін үйренеді. Болашақ кәсіби мамандығында оқушыларды қазіргі заманғы жаңа технологиялармен оқытуда осы курс бойынша меңгерген білімін жүзеге асырады
Бағдарламаның қысқаша курсы: ЖАТҚ-ны оқу процесінде қолданудың қажеттілігі. Дидактикалық мүмкіндіктері. Жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды кешендеу. Дербес компьютерді оқыту процесінде қолдану әдістемесі. Компьютер, бейнемагнитофон, бейнепроектор, телеқабылдағыш, сканер, принтер және т.б. да техникалық құрылғыларды жинақтай отырып, техникалық кешен жасау және онымен жұмыс жасау әдістемесі. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау. Интерактивті тақтаның түрлері мен қолданудағы мүмкіндіктері мен артықшылығы. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау. Интерактивті тақтаның түрлері мен қолданудағы мүмкіндіктері мен артықшылығы.
Бағдарламаның жетекшілері: Қалиев Б.Қ.
Пәннің атауы: Электротехника негіздері.
Пререквизиттер: Механика. Электр және магнетизм. Информатика
Постреквизиттер: Радиоэлектротехника, теориялық физика. Студенттер пәнді игеру барысында электротехникалық құрылғылар, қондырғылардың жұмыс жасау принциптерімен, электрлік өлшеу құралдарымен танысып, практикалық мақсаттарда алған білімдерін қолдана алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Жартылай өткізгіштер, олардың физикалық негіздері., ішкі құрылымы. Электронды-кемтіктік p-n ауысу. Жартылай өткізгішті диодтар. Биполярлық транзисторлар, олардың құрылысы, жұмыс принципі, қосу схемасы, статикалық сипаттамасы, эквивалентті схемасы. Өрістік транзисторлар. Тиристорлар. Оптоэлектрондық аспаптар. Интегральды микросхемалар. Информация бейнесі мен құрылысы. Күшейткіштер. Күшейткіштердегі кері байланыс. Дифференциалдық күшейткіш.
Бағдарламаның жетекшілері: Махмутов Б.Б.
Пәннің атауы: Тербелістер теориясы
Пререквизиттер: Механика, Электр және магнетизм
Постреквизиттер: Оптика, Атомдық және ядролық физика. Студент пәнді игеру барысында практикада, техникада кездесетін әртүрлі тербелістің түрлерімен, олардың пайда болу шарттарымен танысады. Тербелістер жөнінде алған теориялық білімі оның физика курсын толық меңгеруіне жол ашады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Гармоникалық тербелмелі қозғалыс. Гармоникалық тербелістерді қосу. Гармоникалық осциллятор. Тербелмелі контурдағы еркін гармоникалық тербелістер. Еркін өшетін тербелістердің (механикалық және электромагниттік) дифференциалдық теңдеуі және оның шешімі. Еріксіз тербелістердің (механикалық және электромагниттік) дифференциалдық теңдеуі және оның шешімі. Еріксіз тербелістердің (механикалық және электромагниттік) амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Айнымалы ток. Сызықсыз жүйелердегі тербелістер
Бағдарламаның жетекшілері: Раимбаева Ж.С.
Пәннің атауы: Электр және магнетизмнің қосымша тараулары
Пререквизиттер: Механика, Молекулалық физика
Постреквизиттер: Электротехника, электродинамика. Физикалық теорияны ғылымның қазіргі кезеңдегі жетілуінің, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелердің және орындалған эксперименттердің нәтижелерінің қорытындысы ретінде көрсету. Сонымен қатар, болашақ маманның негізгі физикалық, оның ішінде электрлік және магниттік құбылыстарды, заңдар мен үрдістерді айқын түсіну, құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістермен өрнектей білуі, электр және магнетизмнің негізгі заңдарын теориялық және практикалық тұрғыда пайдаланылады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Электростатика. Диполь өрісі және оны есептеу. Өріс күшінің зарядтарды тасымалдау барысында атқаратын жұмысы. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Диэлектриктердегі электр өрісі. Электростатикалық өрістің энергиясы. Тұрақты ток. Қатты денелердің электр өткізгіштігі. Жартылай өткізгіштер. Электролиттердегі электр тогы. Газдардағы электр тогы. Магнит өрісі. Заттың магниттік қасиеттері. Электр магниттік индукция. Электр магниттік өріс. Электр магниттік тербелістер. Электр магниттік толқындар.
Бағдарламаның жетекшілері: Жайсаңбаев Т.Р.
3 курс
|
1
|
БП
|
8
|
а) Электроника негіздері
б)Оптиканың қосымша тараулары
|
2
|
5
|
2
|
|
9
|
а) Қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізгі концепциялары
б) Физика тарихы
|
2
|
5
|
3
|
|
10
|
а) Бейімді мектепте молекулалық физика курсын оқыту әдістемесі
б) Негізгі мектепте механика бөлімін оқыту теориясы мен әдістемесі
|
2
|
6
|
4
|
|
11
|
а) Электротехника негіздері
б)Сұйықтар мен қатты денелердің фазалық алмасуы
|
2
|
6
|
5
|
|
12
|
а)Жер планетасының физикасы және оның атмосферасы
б)Атомдық физика курсының кейбір сұрақтары
|
2
|
6
|
6
|
|
13
|
а) Орта мектепте физикалық өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері
б) Орта мектепте астрономиялық бақылаулар жүргізу әдістері
|
2
|
6
|
Пәннің атауы: Электроника негіздері
Пререквизиттер: Информатика, радиоэлектротехника
Постреквизиттер: Радиоэлектротехника. Студент пәнді игеру барысында микроэлектрондық жартылай өткізгішті аспаптардың құрылысымен, жұмыс принципімен, негізгі параметрлерімен, сипаттамаларымен танысып, қазіргі заманғы интегральдық микросхемалар құрылымымен танысып, оны практикалық мақсаттар үшін тиімді қолдануды үйренеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Микроэлектрондық, жартылай өткiзгiштi аспаптардың жұмысын, жасалу принципiн, интегральдық схемалардың құрылысын және олардың қолданылу ерекшелiктерiн оқып үйрену. Импульстік және есептеу техникасының элементтері. Хабар сигналдарының импульстік түрдегі көрінісі. Синусоидалы кернеуден импульсты кернеудің қалыптасуы. Імпульс генераторлар: электрондық кілттер, мультивибраторлар, блокинг генраторлар, таймер. Логикалық элементтер, олардың түрлері. Алгебра логикасы негіздері. Есептеу техникасының логикалық элементтері. Комбинациялық, логикалық схемалар, триггерлер, тіркегіштер, есептегіштер. Есте сақтау құрылғысы. Электротехника, электроника, микроэлектроника және автоматиканың келешегі. «Микроэлектроника негіздері” пәнiн оқытудағы негiзгi мақсат студенттерге де өз деңгейiнде бiлiм алуын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның жетекшілері: Махмутов Б.Б.
Пәннің атауы: Оптика курсының қосымша тараулары
Пререквизиттер: Оптика
Постреквизиттер: Теориялық физика. Теориялық физика. Студент пәнді игеру барысында оптика курсы бойынша қамтылмай қалған және негізгі тарауларды тереңдете қарастырады. Бұл студенттің оптика курсынан теориялық білімін толықтырып, оптика заңдарын практикалық мақсаттарда жүйелі түрде қолдана білуге үйретеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Оптика пәні Жарық жөніндегі ілімнің дамуына қысқаша тарихи шолу. Жарықтың электромагниттік табиғаты. Фотометрия. Жарық интерференциясы. Интерферен-циялық рефрактометрия, спектрос-копия, метрология. Жарық дифракциясы. Оптикалық голография әдісі. Голографияның қолдануы. Жарық сәулесін спектрге жіктеу және спектрлік құралдардың негізгі сипаттамалары. Геометриялық оптика негіздері. Монохроматтық абберациялар. Оптикалық құралдар-дың ажыратқыштық қабілеті. Телескоп пен микроскоптың ажыратқыш қабілеті. Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы. Кристалооптика негіздері. Жасанды анизатропия. Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы. Сәуле шығару түрлері. Люминесценция. Оптикалық кванттық генераторлар. Жарықтың әсері. Фотоэлектрлік эффект Жарықтың қозғалыстағы орталарда таралуы. Сызықты емес оптика негіздері.
Бағдарламаның жетекшілері: Аманбаева М.Қ
Пәннің атауы: Қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізгі концепциялары
Пререквизиттер: Физика, экология
Постреквизиттер: Жаратылыстанудың салаларының жалпы негіз болатын идеяларын, яғни концепцияларын білу және игеру. Жаратылыстанудың, оның ішінде физиканың құбылыстарын озық технологияның ойдағыдай дамуына негіз болатын ғылыми-техникалық прогрестің болашағы бар бағыттарын анықтау үшін пайдасы зор.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Табиғатты сипаттаудың физикалық принциптері мен концепция-лары. Табиғатты сипаттаудың фундаментальды концепциялары. Электрмагниттік концепцияның дамуы. Атомдар мен олардың ядроларының құрылысы. Үздіксіздік-дискреттілік қасиеттер концеп-циясы. Астрофизика. Әлемнің дамуы. Күн-жер байланыстары. Химиялық концепциялардың дамуы. Химияның ХХІ–ғасырдағы даму болашағы. Материя ұйымдастыруының биосфералық деңгейі. Қазір-гі заманғы биология. ХХІ ғасыр биологиясы. Информатиканың ғылыми-жаратылыстану аспектілері. Энергияның ғылыми-жаратылыстану негіздері. Экологияның ғылыми-жаратылыстану аспектілері. Голосфераға радиоактивті әсер. Дозиметрия. Радиобиология. Энергиямен қамтамасыз ету және ядролық қалдықтарды көму. Жаңа технологиялық сфера және қоршаған орта. Қазіргі заманғы білімді экологияландыру.
Бағдарламаның жетекшілері: Жайсаңбаев Т.Р.
Пәннің атауы: Физика тарихы
Пререквизиттер: Жалпы физика курсы, Педагогика.
Постреквизиттер: Физиканы оқыту әдістемесі. Педагогикалық практика. Студент пәнді оқу барысында физика ғылымының пайда болуын, қалыптасу кезеңдерін, физика ғылымын дамытуға үлес қосқан атақты физик тұлғалар жайында толық білім алады. Сонымен қатар физикадағы іргелі құбылыстармен заңдылықтардың ашылу тарихы туралы негізгі мәліметтермен танысады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Физика тарихы пәнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Физика ғылымының даму тарихының негізгі этаптары. 17-18ғғ. классикалық механиканың жетістік-тері. Термометрия. Электромагниттік өріс теориясы және электромагниттік толқындардың ашылуы. Антика ғылымы. Орта ғасырдағы Шығыс және Европа ғылымының жетістіктері. Ғылым және қоғам.
Бағдарламаның жетекшілері: Раимбаева Ж.С.
Пәннің атауы: Бейінді мектепте молекулалық физиканы оқыту әдістемесі
Пререквизиттер: Молекулалық физика
Постреквизиттер: Оптика, теориялық физика. Қазақстан Республикасында орта мектепте білім беру жаратылыстану математикалық бағыт, қоғамдық гуманитарлық бағытта жүргізілуде. Мектеп бейініне сай физиканы оқыту, оқу материалдарын іріктеу, физикалық есептерді шығару, физикалық эксперимент жүргізу әдістемесімен танысады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: МКТ–ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелде-мелері. Молекулалардың массасы мен өлшемі тақырыптарын оқыту әдістемесі. Молекулалардың
өзара әсер күштері. Термодинамикалық параметрлер температура және оны өлшеу әдістері тақырыбын оқыту әдістемесі оқыту әдістемесі. Идеал газ МКТ-ның негізгі теңдеуі. Менделеев- Клапейрон теңдеуі. Оны физикалық есептер шығаруда қолдану ерекшеліктері. Нақта газдар олардаң идеал газдан айырмашылығы. Ван-дер–Ваальс теңдеуі. Термодинамика негіздері тарауын оқытудың ерекшеліктері. Ішкі энергия Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. Механикадағы және термодинами-кадағы жұмыс. Жылу мөлшері. Жылу сиымдылық. Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалығы. Энергияның сақталу заңы. Термодинамиканың 1 заңын изопроцестерге қолдану. Адибаталық процесс. Пуассон теңдеуі. Жылу қозғалтқыштары. Термодинамиканың 2 заңы. Сұйықтар мен газдардың қасиеттері Қатты денелер қасиеттері. Булану және конденсация. Бу қасиеттері. Қайнау. Заттың кризистік күйі. Кристалл және аморфты денелер. Балқу және кристалдану
Бағдарламаның жетекшілері: Ешімова Ұ.З.
Пәннің атауы: Негізгі мектепте механика бөлімін оқыту теориясы мен технологиясы
Пререквизиттер: Механика. Классикалық механика. Физиканы оқыту әдістемесі
Постреквизиттер: Педагогикалық практика. Студент пәнді игеру барысында негізгі мектепте механика бөлімін оқыту теориясы мен технологиясы жайында білімін тереңдетіп, механика бөлімін оқытудың жаңа әдістерін меңгеріп, орта мектепте өз сабағын нәтижеліде жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Механикалық қозғалыс. Материялық нүкте. Траектория. Санақ жүйесі. Орын ауыстыру, жол, координата. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс. Жылдамдық. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Түзусызықты айнымалы қозғалыс. Орташа жылдамдық. Лездік жылдамдық. Үдеу. Теңайнымалы қозғалыс. Теңайнымалы қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру және орташа жылдамдық. Дененің еркін түсуі. Қисықсызықты қозғалыс. Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу. Шеңбер бойымен қозғалыс. «Динамика» бөлімінің мақсаттары, мазмұны және құрылымы. «Масса» және «күш» ұғымдарынының қазіргі физикадағы мазмұны. Ньютонның қозғалыс заңдары. . «Масса» және «күш» ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Күш және импульс. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. «Жұмыс» және «энергия» ұғымдарынының қазіргі физикадағы мазмұны, қалыптастыру әдістемесі.Үйкеліс күшінің жұмысы.Энергияның сақталу және айналу заңы. Қуат.
Механикалық тербелістер. Резонанс Электромагниттік тербелістер.
Механикалық толқындар. Дыбыс. Электромагниттік толқындар. Радиобайланыс.
Бағдарламаның жетекшілері: Раимбаева Ж.С.
Пәннің атауы: Электротехника негіздері.
Пререквизиттер: Механика. Электр және магнетизм. Информатика
Постреквизиттер: Радиоэлектротехника, теориялық физика. Студенттер пәнді игеру барысында электротехникалық құрылғылар, қондырғылардың жұмыс жасау принциптерімен, электрлік өлшеу құралдарымен танысып, практикалық мақсаттарда алған білімдерін қолдана алады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Жартылай өткізгіштер, олардың физикалық негіздері., ішкі құрылымы. Электронды-кемтіктік p-n ауысу. Жартылай өткізгішті диодтар. Биполярлық транзисторлар, олардың құрылысы, жұмыс принципі, қосу схемасы, статикалық сипаттамасы, эквивалентті схемасы. Өрістік транзисторлар. Тиристорлар. Оптоэлектрондық аспаптар. Интегральды микросхемалар. Информация бейнесі мен құрылысы. Күшейткіштер. Күшейткіштердегі кері байланыс. Дифференциалдық күшейткіш.
Бағдарламаның жетекшілері: Махмутов Б.Б.
Пәннің атауы: Сұйықтар мен қатты денелердің фазалық алмасуы
Пререквизиттер: Механика, молекулалық физика
Постреквизиттер: Термодинамика және статфизика. Термодинамика және статистикалық физика, Атомдық және ядролық физика. Студент пәнді игеру барысында сұйықтардың физикалық қасиеттерін толық зерттеп, зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен танысады. Сонымен қатар сұйықтардың қасиеттерін қатты денелермен, газдармен, плазмалық денелермен салыстыра отырып, физикалық талдаулар жасайды. Бұл студенттің физик маман ретінде қалыптасуындағы теориялық білімін тереңдетеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Сұйықтықтардың жалпы қасиеттері мен құрылысы. Беттік керілу құбылысы. Жұгу. Қылтүтіктік құбылыстар. Кванттық сұйықтықтар туралы түсінік. Кристалды және аморфты денелер. Кристалдардың негізгі сипаттамалары.
Қатты денелердің сублимациясы, балқуы және кристалдануы. Қатты денелердің жылулық ұлғаюы және жылу сыйымдылықтары. Полимерлер туралы түсінік. Қатты денелер фазалары арасындағы сындық нүкте және фазалық алмасу. Релаксация уақыты және активтену энергиясы. Сұйықтықтардың сығылғыштығы және аққыштығы Беттік энергия, беттік керілу және еркін энергия. Адсорбция. Беттік актив заттар. Лаплас формуласы. Толық жұгу және толық жұқпау құбылыстары. Асқынаққыштық. Асқынөткізгіштік. Монокристалдар. Кристалдық система. Иондық, атомдық, металдық және молекулалық кристалдар. Полиморфты алмасулар. Сұйықтық пен қатты денелердің қаныққан буы қысымының температураға байланыстылығы. Үштік нүкте. Кристаллографиялық өс. Полимерлеу дәрежесі. Сындық нүктенің сипаттамалық шарттары. Жылу сыйымдылығының секірмелі өзгерісі. Сындық нүктедегі сингулярлылық..
Бағдарламаның жетекшілері: Аманбаева М.К.
Пәннің атауы: Жер планетасының физикасы және оның атмосферасы
Пререквизиттер: Астрономия, химия
Постреквизиттер: Физика, Химия, Геология. Студент пәнді игеру барысында жер планетасының физикасы және атмосферасы жайында толық мағлұмат алып, астрономия пәні бойынша білімін тереңдетеді. Бұл орта мектепте студенттің астрономия пәні бойынша сапалы дәріс беруіне мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Аспан денелері туралы түсінік, мәліметтер. Планеталар және оның серіктері. Жер планетасы туралы мағлұматтар. Жердің формасы және өлшемдері. Жердің атмосферасының құрамы мен құрылысы. Жердің атмосфера қабатының физикалық қасиеттері. Атмосфера циркуляциясы, ауа райы және климат. Жер атмосферасын космостық аппараттар көмегімен зерттеу.
Бағдарламаның жетекшілері: Абдрахманов Н.М.
Пәннің атауы: Атомдық физика курсының кейбір сұрақтары
Пререквизиттер: Атомдық физика
Постреквизиттер: Теориялық физика. Студент пәнді игеру барысында атомдық физика курсының кейбір тарауларын тереңдете қарастырып, жалпы физика курсы бойынша білімін толықтырады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Атом тарихы. Беккерель жаңалығы. Радиоактивтілік. Атомның ішкі дүниесі. Атомның күрделі құрылымының ашылуы. Электронның екі жүзділік қасиеті. Ядро құрылысы. Томсон ұсынған атом моделі. Зат. Энергия. Эйнштейн. Уран. Ғасыр жаңалығы. Радиоактивті ыдыраудың заңдылығы. Үдеткіштер. Ауыр элементтердің табиғатта сирек кездесуі-адамзат тіршілігінің кепілі. Уран изотоптарының кемшіліктері. Атом отынын тұтату. Ядролық реакторды басқару. Атом ошағы реактордың конструкциясы. Атом бейбіт еңбекке қызмет етеді. Атом энергиясының болашағы. Атомдық соғыс қарулары атомның шығу тарихымен, радиоактивтілікпен, тізбектей ядролық ыдырауларды алу жолындағы проблемалармен таныстыру
Бағдарламаның жетекшілері: Сапарходжаев П.И.
Пәннің атауы: Орта мектепте физикалық өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері
Пререквизиттер: Жалпы физика курсы
Постреквизиттер: Электродинамика, Электротехника, Ядро физикасы және элементар бөлшектер. Студент курсты оқу барысында физикалық құралдардың құрылысымен, жұмыс жасау принципімен, олардың түрлерімен танысады. Приборлардың өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерімен, дәлдік сыныптарымен танысып, практикалық мақсаттар үшін алған білімін жүзеге асырады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Физикалық шамаларды өлшеу дәлдігі. Механикалық шамаларды өлшеу. Молекулалық шамаларды өлшеу. Электр және магнит шамаларды өлшеу. Оптикалық шамаларды өлшеу. Атомдық және ядролық өлшемдер. Электродинамикалық жүйедегі аспаптар. Электростатикалық жүйедегі аспаптар. Электромагниттік жүйедегі аспаптар. Магнитоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Феррадинамикалық жүйедегі аспаптар. Индукциялық жүйедегі аспаптар. Вибрациялақ жүйедегі аспаптар. Термоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Ұлғаю өлшемдері.
Бағдарламаның жетекшілері: Аманбаева М.Қ.
Пәннің атауы: Орта мектепте астрономиялық бақылаулар жүргізу әдістері
Пререквизиттер: Астрономия, химия
Постреквизиттер: Физика, Химия, Геология. Студент пәнді игеру барысында жер планетасының физикасы және атмосферасы жайында толық мағлұмат алып, астрономия пәні бойынша білімін тереңдетеді. Бұл орта мектепте студенттің астрономия пәні бойынша сапалы дәріс беруіне мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Аспан денелері туралы түсінік, мәліметтер. Планеталар және оның серіктері. Жер планетасы туралы мағлұматтар. Жердің формасы және өлшемдері. Жердің атмосферасының құрамы мен құрылысы. Жердің атмосфера қабатының физикалық қасиеттері. Атмосфера циркуляциясы, ауа райы және климат. Жер атмосферасын космостық аппараттар көмегімен зерттеу.
Бағдарламаның жетекшілері: Абдрахманов Н.М.
4 курс
|
1
|
БП
|
14
|
а) Радиациялық қауіпсіздіктің физикалық негіздері
б)Кванттық механиканың қосымша тараулары
|
2
|
7
|
2
|
|
15
|
а) Физика тарихы
б) Плазмаға кіріспе
|
2
|
7
|
3
|
КП
|
1
|
а)Физика курсын оқытудағы астрономия мәселелері
б) Орта мектепте физика есептерін шығару әдістемесі( І-ші сатысы)
|
2
|
7
|
4
|
|
2
|
а) Тәжірибелік есептерді шығару тәсілдері мен әдістемесі
б) Орта мектепте физика есептерін шығару әдістемесі( ІІ-ші сатысы)
|
3
|
7
|
5
|
|
3
|
а) Физика курсын оқытуда экологиялық білім және тәрбие беру
б) Шағын комплектілі мектептерде физика және астрономия курсын оқыту ерекшеліктері
|
2
|
7
|
6
|
|
4
|
а)Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
б) Мектеп физика кабинеті
|
2
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |