Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы «21» мамырдағы №590 қаулысымен



Дата12.07.2016
өлшемі136.65 Kb.
#194079


Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы «21» мамырдағы № 590 қаулысымен

бекітілген

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. Қызмет берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша «филиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық);

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).

4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге не Орталыққа немесе портал арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

4) орындаушы құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (сегіз жұмыс күні ішінде);

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші мен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің), көрсетілетін қызметті берушінің тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) орындаушы;

4) Орталық қызметкері;

5) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері.



8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1–қосымшасында келтірілген.

9. Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы


10. Қызметті Орталық арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы әрекеттерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, қолхатта мыналар:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды алатын күні (уақыты) және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);

3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6) орындаушы құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жеті жұмыс күні ішінде);

7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

8) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Орталыққа жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

9) Орталық қызметкері хабарламаны тіркейді және хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды).


11. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы әрекеттерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш пен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2) орындаушы электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» құжаттардың қабылданғаны және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама-есеп жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

3) электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы осы регламенттің 6-тармағының 2-5 тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады (жеті жұмыс күні ішінде);

4) орындаушы мемлекеттік қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды (он бес минуттан аспайды).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.



5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
12. Көрсетілетін қызметті беруші мен Орталық басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

14. Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефондарының нөмірі: 8 (7242) 274165, бірыңғай байланыс орталығы (1414).


«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:


1

Іс-қимыл нөмірі

(іс-әрекет, жұмыс ағымы)



1

2

3

4

5

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-әрекеттердің

(үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы




құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің үзбелі талонын береді

құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды

хабарламаға қол қояды

хабарламаны тіркейді

4

Аяқталу нысаны

(деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)



құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

құжаттарды орындаушыға жолдайды

хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

хабарламаны кеңсе қызметкеріне жолдайды

хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді


5

Орындалу мерзімі

15 минуттан

аспайды



15 минуттан

аспайды


8 жұмыс күні

ішінде


15 минуттан

аспайды


15 минуттан

аспайды

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:


1

Іс-қимыл нөмірі

(іс-әрекет, жұмыс ағымы)



1

2

3

4

5

6

7

8

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы


Орталық қызметкері


Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің

басшысы


Орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің

басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Орталық қызметкері

3

Іс-әрекеттердің

(үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы




құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны не қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды

құжаттарды тіркейді


құжаттарды қарайды

құжаттарды қарайды, хабарламаны дайындайды

хабарламаға қол қояды


хабарламаны тіркейді

хабарламаны тіркейді

4

Аяқталу нысаны

(деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)



құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

құжаттарды орындаушыға жолдайды

хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің

басшысына ұсынады



хабарламаны кеңсе қызметкеріне жолдайды

Орталыққа жолдайды

хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзімі

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды

15 минуттан аспайды

7 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

15 минуттан аспайды

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:



Көрсетілетін

қызметті алушы: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну



Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің үзбелі талонын беру және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(15 минуттан аспайды)










Орындаушы:

құжаттарды қарау, хабарлама дайындау және хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(8 жұмыс күні ішінде)







Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

хабарламаны тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру

(15 минуттан аспайды)


Әрбір іс-қимылдың (рәсімдердің) өтуіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі сипаттамасының блок-схемасы


Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:


Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдау

(1 жұмыс күні ішінде)

Көрсетілетін

қызметті алушы:

құжаттарды Орталыққа ұсыну

Орталық қызметкері: құжаттарды тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру

(15 минуттан аспайды)






Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

құжаттарды тіркеу, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(15 минуттан аспайды)








Орындаушы:

құжаттарды қарау, хабарлама дайындау және хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(7 жұмыс күні ішінде)




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

хабарламаны тіркеу және Орталыққа жолдау

(1 жұмыс күні ішінде)

Орталық қызметкері:

хабарламаны тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру

(15 минуттан аспайды)



«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет