Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
№ 208 жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі: Ахметова Мөлдір Горкиқызы
Сыныбы: Мектеп алды даярлық
Тақырыбы: Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережесі
2020 – 2021 оқу жылы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережесі
Мақсаты: Табиғат аясындағы тәртіп ережелері туралы түсінік беру. Балаларға әр түрлі жағдайдан шығу жолдарын таба білуге ықпал жасау. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға қорғауға , табиғат әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Білімділік: Табиғат аясында қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Табиғат аясында өзін – өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өзіне – өзінің қадір – қасиетін бағалауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өтпес бұрын сендерге жұмбақ жасырайын қане бәріміз бірге табамыз ба?
Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең.
Адамзат, жан – жануар соның арқасында
Мәңгілік өсіп – өнген.
(Орман)
Балалар табиғат аясындағы қауіпсіздік ережесі туралы білесіңдер ме?
Ендеше балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз табиғат аясындағы қауіпсіздік ережесі туралы.
Балалар біз табиғат аясында серуенге шыққанда отты жағуға болмайды.
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Қатты сөйлеуге болмайды.
Қоқыс тастауға болмайды.
Балалар тақырып түсінікті болса бір сергіп алайықшы
Сергіту сәті
Орманда от жаққанда
Сақтық керек балалр
Сөндіріп кет кетерде
Шоқ астында шала бар
Балалар ендеше біз орталыққа бөлініп жұмыс жасайық.
Құрылыс орталығы
Құрылыс орталығында берілген суретті құрастырамыз.
Әдебиет орталығы
Мнеомо кестесі бойынша өлең жаттаймыз.
Ендеше балалар берілген картчкалар бойынша орталықтармен жұмыс жасайық.
Қорытынды:
Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады ма?
Біз қандай тақырыппен таныстық?
Қандай орталықтармен жұмыс жасадық?
Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережесі турлы білдік пе?
Күтіетін нәтиже
Біледі: Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін қолдана біледі.
Игереді: Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін игерді.
Меңгереді: Орманда өз – өздерін дұрыс ұстауды,
дұрыс әрекеттерді меңгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |