Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы №132 Т. Айтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаймолдаева Қаракөз Анықбекқызы. Бастауыш сыныптарда нумерациялық ұғымдарды оқыту әдістемесі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаймолдаева Қаракөз Анықбекқызы. Бастауыш сыныптарда нумерациялық ұғымдарды оқыту әдістемесі Оқу пәндерінен берілетін білім мазмұны және оның құрылымы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей мақсат пен міндетке және талаптарға орай анықталады. Өйткені, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталады [1]. Ал қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Сондықтан да Қазақстан Республи-касында орта білімнің мақсаты зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған еліміздің азаматын қалыптастыру, оның тез өзгерген әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілітті адами капиталды дамыту, ал ең негізгі міндет 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру ретінде айқындалған [2].
Сандардың нумерациясы – бастауыш математикалық білім мазмұны желілерінің бірі. Математиканы оқыту осы мәселеден басталады. Өйткені сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, сандарды шығарып алу, оқу және жазу, салыстыру және разрядтық қосылғыштарға жіктеу, разрядтар мен кластар атауларымен таныстыру және т.б. сандар мен шамалар арифметикасын оқытып үйретуде тірек білім, білік және дағдылар болып табылады. Қазіргі бастауыш мектептің тәжірибесінде осы материалдар бойынша білім мазмұны моделінің бір нұсқасы математиканы оқыту барысында жүзеге асырылуда.
Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру, бір таңбалы сандарды шағарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың алғашқы кезеңі болып табылады. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады, сондықтан жеке сандар емес, сандар қатарының кесінділері 1 , 2; 0, 1, 2, 3; 0 ,1, 2, 3, 4 және т.б. оқытылып үйретіледі.
* Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар - үшеу) қарастыру барысында:
а) кез-келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады:
Дөңгелек нешеу? Дөңгелек бесеу.
Қандай сан шықты? 5.
5 санын қалай шығарып алдық? (Санау арқылы), яғни санау – санды шығарып алудың бір көзі және сан – санаудың нәтижесін сипаттайды.
б) санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;
- кесіндінің ұзындығы 5 см
- Ұзындықты өлшеу арқылы қандай сан шығарып алдық? 5, яғни сан шаманы өлшеудің нәтижесін сипаттайды.
в) қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады:
- демек, сан арифметикалық амалдың нәтижесін сипаттайды.
г) сандардың аталуын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды естиді және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге, санды таңбалардың, яғни цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру: оқушылар санды белгілейтін таңба ретінде цифрды көреді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.
д) цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша қалыптастырылады:
цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға, басқалардың ішінен тани білуге үйрету;
«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Көрсет: нешеу?» (сан – зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану. 5 5
цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кестеде, оқулықта, тақтада, дәптерде);
қол қозғалысының бағытын игерту: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру.
Цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.
Бастауыш математикалық білім мазмұнының бір тармағы – сандардың нумерациясы туралы ұғымдар мен әрекет тәсілдерін іріктеу нәтижесінде анықталған білім мазмұны және оны оқыту технологиясы бойынша зерттеу жұмысын жазу барысында біз төмендегідей бірнеше тұжырымдарға келдік.
1. Нумерациялық ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің не екенін және математикалық мазмұнының жиындар теориясының элементтерімен байланы-сын біліп алмай, нені оқытамыз, қалай оқытамыз, немен оқытамыз және оқытқанда қандай нәтижеге қол жеткіземіз сияқты сұрақтарға жауап беру мүмкін емес.
2. Нумерациялық ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің пәндік-теориялық негізі сандау жүйесі, шама ұғымы мен арифметикалық амалдар мән мағынасы туралы математика ғылымында белгілі мына сияқты мәселелер: санау, сан, шама және ондық сандау жүйесі ұғымдары, ондық жүйеде сандарды оқу, жазу, салыстыру және разрядтық қосылғыштарға жіктеу; арифметикалық амалдар-дың мән-мағынасы; заттарды санау мен шамаларды өлшеу және арифме-тикалық амалдарды орындау - сандарды шығарып алудың қайнар көзі және т.б.
3. Нумерациялық ұғымдар мен әрекет тәсілдері жүйесін оқытудың әдіс-темелік негіздері: білім мазмұны ұғымы, білім мазмұнын іріктеу мен оның құрылымын түзудің дидактикалық және дербес әдістемелік ұстанымдары.
4. Білім мазмұны оқытудың мақсаты, құралы, нәтижесі және объектісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оқытудың мазмұны: мақсат ретінде қарас-тырылса, онда іс-әрекет нәтижесін санамызда, ойша болжап қоюды білдіреді; құралы болған жағдайда - оқу үдерісін қамтамасыз ететін акпарат көзі болып табылады; нәтижесі деп есептесек - пәндік білім, білік және дағдылардың жүйесін сипаттайды; объектісі ретінде қарастырылса - игерілуі тиісті нақты ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
5. Кіші мектеп жасындағы балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, педагогика ғылымының заңдылықтары мен дидак-тиканың ұстанымдарына және теориялық-математиклық негіздемеге сүйеніп іріктелеген нумерациялық ұғымдар мен әрекет тәсілдері жүйесі моделінің бір нұсқасы түзелген және оның өзіндік ерекшеліктер бар.