Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е
Байқоңыр, 2022ж
Бекітемін
мектеп директорның
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
______________Бакиева З. М.
«___» ______2022ж.
Сыныбы: 6 «Б»
|
Уақыты:
|
Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е
|
Кабинеті:
|
Мерзімі: 17.10.2022ж.
|
Сынып сағатының тақырыбы:
|
Қарттары көп ел- қазыналы ел
|
Сынып сағатының мақсаты:
|
Оушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
|
Сынып сағатының міндеті:
|
Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
|
Сынып сағатының түрлері:
|
Әңгімелесу
|
Ресурстар
|
интерактивті тақта
|
Сынып сағатының өтілу барысы:
|
Басы:
Ортасы
Соңы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстанның әнұраны шырқалады.
Мұғалім:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! 5 - сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Әже - ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы - қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым»деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
1-оқушы:
Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
2-оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
3-оқушы:
Ата - әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: «Сағындым әже өзіңді»
2-жүргізуші:
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз.
жүргізуші:
Қазақ ғұрпындағы ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
4-оқушы:
Қарттық - деген қасиетті ұғым бір,
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр.
5-оқушы:
Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
6-оқушы:
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
|
Достарыңызбен бөлісу: |