Ж. №31-15-414 жоо ректорларына Ақпараттық хат



Дата29.02.2016
өлшемі17.58 Kb.
#34117
17.06.2011ж. № 31-15-414

ЖОО ректорларына
Ақпараттық хат
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институты ҚР ЖОО оқытушыларына 39 ғылыми бағыт (1-қосымша) және 135 мамандандыру (2-қосымша) бойынша біліктілікті арттыру кустарын жүргізетіні жөнінде хабарлаймыз.

Курстың ұзақтығы – 4 апта (144 сағат), 3 апта (108 сағат), 2 апта (72 сағат). Осы уақыт ішінде оқытушы (тыңдаушы) өзінің таңдауы бойынша жеке жұмыс жоспары және ғылыми бағдарлама бойынша курстан өте алады.



Оқу ақысы – 35 000 теңге.

2011-2012оқу жылындағы сабақтардың басталу мерзімдері:

05.09 - 01.10.11ж, 03.10 - 29.10.11ж, 31.10 - 26.11.11ж, 28.11-24.12.11ж,

09.01 - 04.02.12ж, 06.02 - 03.03.12ж, 05.03 - 31.03.12ж, 02.04 - 28.04.12ж, 30.04 - 26.05.12ж, 28.05 - 23.06.12ж.

Тыңдаушылар қажеттілігіне қарай университет жатақханасынан орын беріледі (жатақхана төлемақысы тыңдаушылар есебінен).

Біліктілікті арттыру курстарын өткізу және оған мұқият дайындалу мақсатында Сіздерден өтінішті алдын-ала берулеріңізді сұраймыз.

Тыңдаңдаушыларды курсқа қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:



  • өтініш (3-қосымша, мамандығын көрсету қажет);

  • Келісім-шарт 2-дана (4-5 қосымша);

  • оқу ақысын төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырысының көшірмесі;

Біліктілікті арттыру курстарын бітірген тыңдаушыларға арнайы үлгідегі куәлік беріледі.

БАИ тыңдаушылары университет баспасынан шығарылған типтік оқу жоспарлар, бағадарламалар, әдістемелік жұмыстар, оқу құралдар және кітаптармен танысуына немесе сатып алуына болады.



Реквизитері: РКМ «Әл-Фараби ат. ҚазҰУ» СТН – 600400040043, мекен-жайы: Алматы қ-сы., әл-Фараби д-лы 71, КЖС KZ288560000000473722, Алматы қ-сы «Банк ЦентрКредит» АҚ АҚФ, БСК KCJBKZKX KБE 16 БСМ 990140001154

Алушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институты



Біздің мекен-жайымыз: 050038, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы 71, №6 оқу ғимараты, Биология факультеті, 4-қабат, 426ª-бөлме.

Телефакс 8(727)377-34-35, 8 702-321-22-32, 8 702-234-00-12, веб.сайт: www.kaznu.kz, E-mail: ipk.kaznu@mail.ru



.
БАИ директоры Б.А. Шайкенов
Орындаушылар: Ахметова Әлия Әбішқызы, Ахметжанова Лейла Бекежанқызы; Телефакс:8(727)377-34-35, +7 702 321 22 32, +7 702 234 00 12.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет