Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет



бет1/43
Дата19.06.2022
өлшемі3.32 Mb.
#459352
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Skbm


Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова,
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы


ШЖМ-тің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған
Оқу құралы

Алматы, 20!0


Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет.

Оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.


Құралда шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тарихына шолу жасалып, шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, ондағы сабақтардың ерекшеліктері мен оқушылардың сабақта іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің өз бетімен білімдерін жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық материалдар берілген.
Оқу құралын жазу барысында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім), оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу еңбектері қолданылды.
Б
Алғы сөз

«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралы Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған. Өйткені кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуда (бұл туралы нақты мәлімет жұмыста берілді). Осыған орай шағын жинақты бастауыш мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсат етілді.


«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.
«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралы төмендегідей тараулардан тұрады:
- шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;
- шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;
- шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар.
Бірінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайына талдау жасалып, ШЖМ-те оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама сипаттама берілді, ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу, ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау жолдары қарастырылды.
Екінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру барысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, сабақ кестесін құру технологиясы мен сабақ жоспарларының үлгісі, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары баяндалды.
Үшінші тарауда шағын жинақты бастауыш мектепте пәндердә оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар ұсынылды. Мұнда математикадан оқушылардың білімдерін бағалау межесі, бір пәндік және әр пәндік сабақ кестелері мен ШЖБМ-тегі қазақ тілі және математикадан сабақ жоспарларының үлгілері, сыныптан тыс жұмысқа арналған тапсырмалар, тест және бақылау жұмысының тапсырмалары берілді.
Құрметті ұстаздар! Осы оқу құралы туралы өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер, Сіздерге алдын ала алғысымызды білдіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет