Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет46/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті орган-
ның және оның аумақтық бӛлімшелерінің ӛлшем құралдары шы-
ғарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, ӛлшемдерді 
орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер 
мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, 
сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу ке-
зінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын бақылау жӛ-
ніндегі қызметі 
Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілеріне келе-
сілер жатады (ҚР СТ2.15-00): 
• бірлік шамалар эталоны; 
• ӛлшеу құралдары; 
• ӛлшеуді орындау әдістемесі; 
• ӛлшеу бірлігін қамтамасыз етудегі жеке және заңды 
тұлғалардың іс-әрекеттері; 
• ӛлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi оралған та-
уарлардың саны; 
• сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығары-
латын тауарлар саны. 
Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы. Мемлекеттiк 
метрологиялық бақылау объектiлерiне қатысты мемлекеттік 
метрологиялық бақылау, олардың нәтижелері: 
1) азаматтардың ӛмірі мен денсаулығын қорғауды қам-
тамасыз ету жӛніндегі жұмыстар; 
2) қоршаған ортаның жай-күйін бақылау; 
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу ту-
ралы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау жӛніндегі қыз-
метті жүзеге асыру; 
4) мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (тұты-
нушы) және сатушы (ӛнім беруші, ӛндіруші, орындаушы) ара-
сындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қыз-
меттер кӛрсету мен байланыс қызметтерін кӛрсету салала-
рындағы сауда-коммерциялық операциялар; 
5) еңбек және кӛлік жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
жӛніндегі жұмыстар; 


167 
6) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы 
ӛнімнің басқа да түрлерін ӛндіру; 
7) ғылыми зерттеулер жүргізу; 
8) геодезияда, геологияда және гидрометеорологияда қыз-
меттерді жүзеге асыру; 
9) ӛлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестат-
тау, салыстырып тексеру, калибрлеу; 
10) 
ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу
11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін шы-
ғару, ӛндіру, ӛңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну; 
12) мемлекеттік органдардың, соттың және құқық қор-
ғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұ-
мыстар кезінде пайдаланылатын ӛлшемдерге қолданылады. 
Мемлекеттiк метрологиялық бақылау түрлерi
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:
- ӛлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн 
және қолданылуын, ӛлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолда-
нылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық 
ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;
- сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарыла-
тын тауарлардың санын бақылауды;
- бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған 
кезде олардың санын бақылауды қамтиды.
2. Ӛлшем бірлігін қамтамасыз ету жӛніндегі мемлекеттік 
бақылау: жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру. 
Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген негіз-
дер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды 
жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асы-
рылады. Ӛлшем бірлігін қамтамасыз ету жӛніндегі мемлекеттік 
бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, 
рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - бұл тауарларды 
шығару, сату және импорттаудағы қолданылатын ӛлшеу құрал-
дарының жағдайы, ӛлшеу әдістерін қолдану, метрологиялық 
ережелер мен нормалардың орындалуы бойынша мемлекеттік 
инспекторларының іс-әрекеттері. 


168 
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілеріне ке-
лесілер жатады (ҚР СТ2.15-00): 
бірлік шамалар эталоны; 
ӛлшеу құралдары; 
ӛлшеуді орындау әдістемесі; 
ӛлшеу бірлігін қамтамасыз етудегі жеке және заңды 
тұлғалардың іс-әрекеттері. 
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласы. 
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау ӛлшеуге бағытта-
лынады, олардың нәтижесі келесілерде қолданылады: 
азаматтардың ӛмірі мен денсаулығын қорғауды қамта-
масыз ету; 
ӛнім сапасын сынау және бақылау; 
қоршаған ортаның жағдайын бақылау; 
қозғалыс қауіпсіздігін бақылау; 
• еңбек қауіпсіздігін бақылау және т.б. 
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері: 
1) ӛлшеу құралдарының ӛндірілуі, жағдайы мен пайдала-
нуын бақылау; 
2) сауда операцияларын жасауда тауар санын қадағалау; 
3) орамадағы оралған тауарлардың санын қадағалау. 
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудағы тексеруді
мемлекеттік инспекторлар іске асырады. 
Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін 
жауапкершілік. 
Жеке және заңды тұлғалар ережелерді бұзғаны үшін келесі 
шаралар қолданылады: 
лицензия жұмысын тоқтата тұру; 
аттестатты 6 айға қайтару; 
әкімшілік сӛгіс; 
материалды құқық органдарына беру.
Метрологиялық бақылау бойынша тексеруді мемлекеттік 
басқару органдары немесе заңды тұлғалар метрологиялық қыз-
меттерінің мамандары іске асырады. 


169 
Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыра-
тын лауазымды адамдардың құқықтары.
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды уәкiлеттi ор-
ганның және оның аумақтық бӛлімшелерінің лауазымды адам-
дары стандарттау және ӛлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 
заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыра-
тын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкес-
тiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен 
мiндеттi аттестаттаудан ӛтуге тиiс. 
3. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыра-
тын лауазымды адамдардың:
- тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк 
куәлiгiн кӛрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттiк метроло-
гиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
- жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрология-
лық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер 
сұратуға және алуға;
- техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн 
объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
- сынаудан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, 
метрологиялық аттестаттаудан ӛтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес 
келмейтiн ӛлшем құралдарын қолдануға, ӛткiзуге, ӛндiрiстен 
және жӛндеуден шығаруға тыйым салуға;
- егер ӛлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олар-
дың кӛрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып 
кетсе немесе салыстырып, тексеру туралы сертификаттың қол-
данылу мерзiмi бiтсе, салыстырып, тексеру таңбаларының бас-
па-таңбасын ӛшіруге немесе ӛлшем құралдарын тексеру туралы 
сертификаттың күшiн жоюға;
- метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын 
жою, қолдануға жарамсыз ӛлшем құралдарын және заттар мен 
материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгіле-
рін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi 
нұсқамалар беруге;


170 
- буманың iшiндегi тауардың санын кӛрсететiн шаманың 
буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған 
жағдайда бума тауарлар партияларын ӛткiзуге тыйым салуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет