-
Доңғалақты тістер мен ойық науаша біліктерінің құрылымдық элементтерін есептеп, оларды сипаттайтын ақаулар мен параметрлер.
-
Қалай және қандай аспаптармен тістердің қалыңдығын өлшеуге болады?
-
Қалай және қандай аспаптармен ойық науаша біліктерінің диаметрін анықтауға болады?
-
Қалай және қандай аспаптармен ойық науаша қалыңдығын анықтауға болады?
-
тангенциалды тіс өлшегішпен тіс қалыңдығын қалай анықтауға болады?
7 Зерханалық жұмыс. Серіппелердің ақауларын анықтау
7.1 Жұмыс мақсаты
Автомобильдің серіппелерін негізгі түрлерін талдау; серіппенің жалпы жұмыс және тіректі айналымдардың техникалық қалпын сипаттайтын параметрлерді талдау; серіппенің серпімділігін анықтайтын аспаптың құрылысын және жұмыс тәртібін айтып білу
7.2 Жұмыс мазмұны
Қозғауыш қақпақшалары серіппелердің конструкциясын; жұмыс шарттарын және ақауларын оқып білу; серіппенің ақауларын анықтау әдістерін және құралдарын анықтау, серіппенің серпімділігін анықтауға арналған аспапты зертеу; серіппенің ақауын анықтау; мазмұндама жасау.
7.3 Негізгі теориялық мағлұматтар
Серіппенің конструктивті элементтері деп тіректі және жұмыстық айналымдар саналады.
Сызбаларда көрсетілген өлшемдерден ауытқулар – сыртқы диаметрі бойынша 0,2...0,4 мм ал айналым саны бойынша – 0,2 айналым көп емес болу керек; серіппенің соңғы айналымдары жабық сақинада айналып серіппенің туынды бетіне перпендикуяр 0,75 айналым ұзындығынан кем емес ажарлау керек; жұмыстық және соңғы айналымдар арасындағы саңылау жұмыстық айналымдар арасындағы номиналдық қадамдар 3% көп болмау керек; серіппенің тіректі бетінен перпендикулярлықтан ауытқулар бос жағдайдағы оның туындысына 1º30´ көп емес болу керек; тіректі беттер ұзындық бойынша соңғы айналым айналу ұзындығынан ¾ жалпақ болу керек; серіппенің тіректі айналым сандарынан қалыңдығы сым диаметрінен 15% кем емес болу керек; серіппе диаметрі бір-бірінен концентрациялы болу керек конструкциядан ауытқулар серіппесін орташа диаметрінен 2% үлкен болмау керек.
Серіппені жүктеп сыққанда қалдық деформациялар болмау керек. Жүктеменің номиналды ауытқуы 6% көп болмау керек.
Пайдалану кезінде серіппе қатаңдығын жоғалтады, айналымдар деформацияланады, айналымдар концентрациясы төзім сынымдар пайда болады, тіректі айналымдар беті төзімді, серіппе ұзындығы және қадамы өзгереді.
Егер жөндеусіз жіберілетін өлшемдердей ауытқулар болса, серіппе жарамсыз деп есептеледі.
7.4 Жұмыс орнының жабдықтары мен құралдыры
Зертханалық үстел, қысымы 0,6 МПа қысылған ауа көі, бақылау жазықтығы, серіппе серпімділігін анықтауға арналған аспап, төрт есе үлкейтетін лупа, штангенциркуль ШЦ-11-200-0,05 (МЕСТ 4381-87), металл сызғыш (МЕСТ 427-75), бұрыш (МЕСТ 3749-77), щуптар жинағы, серіппелер комплектісі.
Серіппе серпімділігін анықтауға арналған аспап тұлғадан, негізінен үстелден, тежеуіш камерадан, сызғыштан, динамометрден, штоктан, ұзындық көрсеткішінен, контрагайкадан , нәзік реттеу айналшағынан, қатаң реттеу айналшағынан тұрады.
7.5 Аспапта жұмыс істеу
Жүйедегі қысымды 0,2...0,4 МПа жеткізу, серіппені аспап үстеліне орнату; тежеуіш камера штогына серіппе тіректі айналуға тірегенше дейін бұрап, контрогайканы бұрау; ұзындық көрсету бағдаршамын орналасуын анықтау; ауа краны ашылғанша дейін қатаң реттеу айналшақты сағат тілі бағытымен айналдыру (камера штогы 2...3 мм төмен орын ауыстырады); нәзік реттеу айналшақты сағат тілі бағытымен айналдырып, серіппені айналымдар тиіскенше дейін сығу; нәзік реттеу айналшақты сағат тіліне қарсы айналдырамыз (жүктеу шешімі, серіппе бастапқы қалпына келеді); соңғы екі қадамды қайталау; Техникалық талаптармен берілген ұзындыққа серіппені сығып, нәзік реттеу айналшақты сағат тілі бағытымен айналдырамыз. Динамометр бағдаршамы сығылу күшінен шамасын көрсетеді. Нәзік реттеу айналшағын сағат тілі бағытына қарсы айналдырып, серіппені бастапқы қалпына келтіреміз. Бос күйіндегі серіппе ұзындығын жазып мазмұндамаға енгіземіз.
7.6 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулары
Үй жұмыстағы берілгендерді дайындау.
Оқытушы оқушының дайындығын тексереді.
Жұмыс орнымен танысу және оның тағайындамасын, аспаптар, құралдардың орналасу мен құрылысымен сынақтан өтетін серіппелердің түрімен танысу. Тізбек бойынша комплектілігін тексеру.
Деформациялау үшін бастапқы мәліметтерді дайындау.
Сынақтан өтетін серіппелердің параметрлерін, өлшеу нәтижелерін сызба талаптарымен салыстыру, серіппенің түрін, тағайындамасын анықтау.
Серіппенің берілген түріне сәйкес техникалық талаптардан ауытқу, шамалардан ауытқуы, шамаларын табу (сызба, КЖ, практикум) және «сызба талаптары» графасына енгізу.
Жұмыстың айналым бойынша: сыртқы диаметр, сым диаметрі, кедір-бұдырлық мен бүтінділік қандай;
Тіректі айналымдар бойынша: ішкі диаметр; кедір-бұдырлық пен бүтінділік, жазықтылық.
Жалпы серіппе бойынша: айналымдардың туында серіппеге концентрациясы, жұмыстық пен тіректі айналымдар арасындағы саңылау, тіректі айналымдардың туынды серіппеге перпендикулярлығы, берілген ұзындық бойынша сығудың күшеюі, бос күйіндегі ұзындық.
Сызу талаптарынан ауытқуды туғызудың әдісін тағайындау. Қолданған құрамдар тізбегін мазмұндамаға енгізу.
7.7 Серіппе жағдайын анықтау
Төрт есе үлкейтетін лупа арқылы серіппенің қуыстық және тіректік айналымдарының қарап шығу ақауларын іздеу. Егер олар жоқ болса зақымдар тозу жерлерін анықтау.
Серіппені талдағанда алынған өлшемдерді жұмыс сызба талаптарымен және жіберілетін ауытқулармен салыстырып, серіппені инструменталдық бақылаумен сатылық қалпын анықтау.
Берілген аспаптағы серіппенің Р күшін анықтау. Р күшінің төмендеуі нормамен салыстырғанда, серіппенің серпімді күшін жоғалтқаны туралы мәлімдейді. Серіппенің қалдық деформациясы жіберілмейді.
Өлшеу бақылау нәтижелерімен серіппенің жұмыс қабілетін анықтау.
Жұмыс орнының нәтижелерімен серіппенің жұмыс қабілетін анықтау.
Жұмыс орнын техникалық-ұйымдастыру қызметін қамтамасыз ету. Серіппені, аспапты, құралдарды шүберекпен сүртіп, бастапқы қалпына келтіреміз. Жұмыс орынды кезекшіге тапсырамыз.
Мазмұндаманы тапсырып, жұмысты қорғау. Толтырылған мазмұндаманы көрсету серіппелердің техникалық талаптарын білу.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
-
Қозғауыш механизмдерінің жұмысына серіппе ақауы қандай әсер көрсетеді?
-
Сол сияқты, тежеуіш тіркес механизмдерінде.
8 Зертханалық жұмыс. Цилиндрлардың гильзаларын жоныштау
8.1 Жұмыс мақсаты
Жоныштауды бақылау және безендендіру операциясы. Жоныштау станогында тәжірибелік реттеу жұмыстарын істеу.
8.2 Жұмыс мазмұны
Жоныштау станогының құрылысын зерттеу. Техникалық қауіпсіздік ерекшеліктерін сақтау; құрастыру, безендендіру, піспек саңылауларының сапалы операциясын бақылау және орындау. өлшем дәлдігі және цилиндрдың пішіні жоныштауда керекті кедір-бұдырлықты қамтамасыз ету.
Жоныштаудың техникалық тапсырысында дұрыс шеше алады. Соларға жататындар: жоғары дәлдік өлшемін және пішінін алу (ІТ6 – ІТ8) және кедір-бұдырлығының бетін өңдеу (Ra = 0,32 мкм).
Сурет 8.1 – Жоныштау үрдісінің ықшамсызбасы
Жоныштау брусоктары. Брусоктар материалдардың түрімен сипатталады (64С) түйіршіктілігі (М20П) қаттылығымен (С1), құрылымымен (6), байланыс түрімен класспен және тұрақты өлшемдерімен сипатталады. Шартты белгілер: 64СМ20-М28ПСТ-Т26К5А БКв 100Х 100 ГОСТ 2424-83. Түпкілі брусоктардың өлшемдерін және түрлерін МЕСТ 2424-83 орындалатын операцияның тәуелділігін, өлшемдерін саңылаудың өлшемі мен түрін таңдайды.
Алмазды брусоктарды жасау үшін табиғи дәнді (А) және синтетикалық алмазды қолданады (АС)
Алмаз брусоктары келесі негіз сипатталады: алмазды дәндер түрі (АСР), түйіршіктілігі (80), алмаз қабатының шоғырлануы (100), байланыстарымен (М!), пішіні мен тұрақты өлшемі (2768-0124).
Шартты белгілер: 2768-0124-1-ACP 80/63-1 00-М1 СТ СЭВ 204-75.
Жоныштау режимінің негізгі параметрлері 8-ші кестеде келтірілген.
Шойынды жоныштау үшін САЖ орынында аспап майы И12А 10 ... 20% қосуымен керосинды қолданады.
3Г833 жоныштау станогы автотракторлы қозғауыштардың гильзаларын саңылауын жоныштауға арналған. Станок негізін қорапша тәрізді, ішкі қуысы, яғни резервуар суытатын сұйықтық үшін арналған. Негізінде суыту электрсорабы колонка 7 және сүзгі орналастырылған. Үстіңгі жұмыс жазықтығында гильза мен блоктар өңдеу үшін құрал 19 орналастырылады.
Кесте 7.2
Өңделетін материал
|
Өңдеу мінездемесі
|
Диаметрге әдіп, мм
|
Абразивті брусоктар
|
Брусок түрі
|
Брусок өлшемі, мм
|
Vок. м/мин
|
Vап м/мин
|
Шойын
|
бастапқы
соңғы
|
0,04…0,08
0,005…0,01
|
64С10П
СТ2-Т-27
К5А
64СМ20М28ПСТ2
Т26К52
|
БКв
БКв
|
В10…13
l=100,
125,
150
|
40…80
30…50
|
17…22
10…15
|
Колоннада орналасады: шпиндельді айналдыру жетегі, басқару пульті.
Станоктың кинематикалық ықшамсызбасы мүмкіндік береді:
айналу және остік қайта-түсу жоныштану қақпақшасының қозғалысы бір уақытта брусок қақпақшасының орналасу радиалы
айналмайтын жоныштану қақпақшасы остің жоғары төмен орын ауыстыруы.
Станокта жұмыс жасау
Алдымен станоктың құрылысын зерттеу, барлық басқару мүшелерін белгіленуі мен орналасуы, терезе мөлшерінде станок механизмінде майлауын байқау.
Жұмыс циклін келесі түрде орындау қажет
1. Сөндіруішті қосу. Осыдан басқару пултінде шам жанады.
2. Сағат тілінің айналуы бойымен брусоктарды сығуды маховик 3 айналдыру керек.
3. «ВВО,I хона» жағдайына қою;
4. «Подача - пуск» батырмасын басу;
5. 50 мм үлкен емес аралығына саңылауды өңдеуге қысқа мерзімді бүркіге «Толчковый» батырмасын басу керек;
6. Қосқышты «Қолдан» режиміне қою;
7. Өңделетін саңылаудың жоныштану басына маховикпен ақырын қолмен енгізу;
8. Қосқышты «Хонды енгізу» режиміне қою;
9. «Шпиндель - пуск» батырмасын басу керек (жоныштану басы айналу және қайта-түсу қозғалыстары болады);
10. Қысқышты қою үшін, маховикті сағат тіліне қарсы айналдырып, брустарды босату керек;
11. Жоныштану уақыты аяқталғаннан кейін, брустардың қысымын азайтып, «Шпиндель - стоп» батырмасын басып, содан кейін «цикл аяғы» батырмасын басу керек шпиндельдің электрқозғауыш жетегі сонда жылжымалы жоғары қарай қозғалады, содан кейін жылжуын тоқтатады;
12. Станоктың бүкіл механизмдерін жедел тоқтату үшін немесе толық станокты тоқтату үшін «жалпы тоқтату» батырмасын басады.
Сондай конструкциялы гильзасын бекіту және орнатуға, қырнау станогында сияқты.
8.3 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулар
Конструктивті-технологиялық сипатттаманы, жұмыс шартын, болатын ақаулар және цилиндрдің гильзаларының жөндеу тәсілін, жоныштау технологиясын, дәл алынатын пішіндердің өлшемін, орналасуын, кедір-бұдырлығының мөлшерін жоныштау режимінің көрсеткіштерін, сапасына әсері, қолданатын жабдықтарын, құрылымын, материалын, өлшейтін және кесетін саймандарды білу.
Оқытушы оқушының дайындығын тексеру.
Жұмыс орнымен танысу және оның тағайындамасын, орналасуын, жабдықтардың тағайындамасын, құрылымын, өлшейтін және кесетін саймандарды, құжаттың мазмұнын және анықталатын мағлұматтарын, жоныштау станогының негізгі түйінін, оның кинематикасын, басқару органдарын, станоктағы жұмыс ретін, өңдеу кезінде бекітілген тетіктерін және орнату тәсілін, жоныштану басының жылдамдығын қайта-түсу қозғалысының және айналу жиілігінің паспортында берілгенін, жоныштау брусокттарының сипаттамасын, жоныштану станогында қауіпсіздік техникасын білу. Жұмыс орнында жазбасын және түгелдігін тексеру.
Піспекті гильзада саңылауды жоныштану операциясын жасау, технологиялық есеп-шартты анықтап, есептеу және жазу:
Технологиялық карта-есепке есептеп жазу;
СОЖ және өлшенетін сайманның жоныштану брусоктардың сипаттамасын;
Жоныштану режимінде көрсеткіштердің уақыты мен мөлшері (п, 4.2 қара);
Машиналық уақытта және жоныштану режиміне есеп жасау;
Жоныштауға әдіпті анықтау , мм:
,
мұндағы - піспектің саңылауында жөндеу өлшемінің
астыңғы ауытқулары, мм;
- піспек саңылауының қырғылау өлшемі, мм;
Брусоктардың ұзындығы төмендегі формуламен анықталады
,
мұндағы - жоныштану саңылауының ұзындығы, мм;
Жоныштану басының нормативі берілетін кесу режимінің қайта-түсу , айналу жылдамдығының таңдап алу .
Шпиндельдің айналым жылдамдығын есептеу:
Кесу режимі нормативі бойынша жеткішу шарты бойынша қысымын және брусоктарды қысу серіппелерінің өстік күшін анықтау:
,
мұндағы - брусок ұзындығы, см;
- брусок ені, см;
- брусок саны;
- қысқыш конусының бұрышы, град; = 10 ... 15°;
- үйкелу бұрышы, град; ;
Саңылау шегінде брусоктардың саңылаудың сыртына шығу мөлшерін анықтау:
.
шпиндель бабкасының жұмыс жүрісінің ұзындығын есептеу , мм:
;
жоныштаудың машиналық уақытын анықтау , мин:
,
мұндағы - әдіп алудығы екілік жүріс саны;
,
мұндағы - бір жағындағы жоныштау әдібі, мм;
- екеулік жүрісте бір рет алынатын металл қабаты,
шойынға =0,002 мм;
- шпиндель бабкасының бір минут ішіндегі екеулік
жүріс саны
Оқытушы болғанда ғана станокты реттеу қажет.
Гильза цилиндрінің құрамына жасап қою, орталық ауытқу 5 мм шпиндельдің бабкасын реверспен басқару жұдырығын тауып, оны керек орынға орналастыру;
Брустарды жоныштану басының қалпында орналастырып және бекітіп, басын шпиндельдің станогына қосып, сақтандырғыш сақинаны бекіту;
Станокпен жұмыс жасағанда сөнгіштің және басқада басқару мүшелерінің орналасуын және тағайындамасын білу қажет.
Шпиндельдің қосылу сенімділігін тексеру.
Қажетті айналу жиілігін, қайта-түсу қозғалысының жылдамдығын және шпиндель бабкасының соңғы сөндіргішінің көрсеткішін үстіңгі соңғы орынға орналастыру.
СОЖ және майлауын тексеру.
Маховиктің айналуымен брустардың сағат тілі бойымен қысу.
Цилиндрлардың гильзасын жоныштау кезінде қоршаған орта және жұмыскердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқытушының рұқсатымен:
Жоныштану станогында жұмыс берілген бөлімде, уақытты есепке шекте жұмыс циклін орындау.
Операцияны бақылау. Гильзаны құралдан алу. Өңделген саңылаудың диаметрін өлшеу және пішіні (Δав, Δкон) мен ауытқу өлшемін мөлшерін қою. Эталонды кедір-бұдырлықты қарап, цилиндрдің айнасының кедір-бұдырлығын анықтау. Сызбада өлшемнің бақылау есебін, пішінін және кедір-бұдырлығын қою. Қорытындыны есепке жазу.
Жұмыс орнының техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету. Сайманды, тетікті, құралды, станокты матамен сүрту, жұмыс орнын жинау, құжаттар мен анықтамалық мәліметтерді жөнге келтіріп, жұмыс орнын кезекшіге тапсыру керек.
Есепті тапсырып, жұмыс нәтижесін қорғау. Орындалған есеп картасын тексеру қажет. Есепті орындауға дұрыс таңдалған шешімге және операцияның, сапасын бақылауға дәлелдігін жасау.
Зертханалық жұмысты орындалу тәртібі пиктограммалар жүйесімен анықталған (Сурет 7.5).
Сурет 7.5 – Пиктограммалар жүйесі
Бақылау сұрақтары мен тапсырамалары
1. Жоныштау брусоктарының сипаттамасының маркировкасын табыңдар.
2. 3Г833 жоныштану станогының басқару органдарының тағайындамасын анықтау.
3. 3Г833 станогында қабырғаға брустарды қысуда күш мөлшері қалай анықтайды?
4. Қозғауыш цилиндрінің сапасын қалай анықтайды?
-
Жонышталу операциясы қандай тәртіппен орындалады?
9 Зертханалық жұмыс. Қозғауыштың цилиндрларының гильзаларымен піспектерді құрастыру
9.1 Жұмыс мақсаты
Өзара ауыстырылудың тәсілдерін танып білу; жөндеу өлшемдері бойынша түйіскен бөлшектерді өлшемдері бойынша таңдауды үйрену; күрделі жөндеудің басқаруын және бақылау құралдарын қолданып, құрастырушының жұмысын түсіну.
9.2 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары
Зертханалық үстел; 316-1 пневматикалық өлшеуіш, ШЦ-II-250-0.05 (ГОСТ 166-80) штангенциркулі, MP-IOO (ГОСТ 4381-87) микрометрі, микрометрлік басы бар нутромер НИ 50 ... 100 (ГОСТ 868-82), піспектер мен гильзалар.
9.3 Жұмыс мазмұны
Піспектер массасының айырмашылығын анықтау; бөлшектерді өлшемдік топтарға бөліп оларды комплектациялау; жинақталудың нәтижелерін тексеру.
Жинақталынған бөлшектерге негізгі талаптар. Піспектердің төменгі жағының өлшемі (гильзаның – тесік өлшеміне) сызбаға немесе бір жөндеу өлшеміне сәйкес болу керек.
Піспектердің массаларының айырмашылығы сызбаның немесе КЖ талаптарына сәйкес болу керек. Піспектің массасын келтіру үшін бобышкалардың кесіктерін піспек саусағына келтіріп фрезерлейді.
Піспектер мен гильзаларды топтық өзара ауыстырылудың (селективтік жинау) тәсілімен жинау үшін оларды өлшемдік топтарға бөледі. Өлшемдік топты белгілегенде орыс әліпбиінің әріптерімен (немесе әріппен және санмен – жөндеу өлшемдері үшін) піспектің түбінде және гильзаның кесігінің үстіңгі жағынан белгілейді. Бөлшектердің нақты өлшемдері анықталғанда оларды мкм дәлдігімен топтарға бөледі.
9.4 Пневматикалық өлшеуіштің құрылысы мен жұмыс істеу принципі
Тесіктер мен біліктердің диаметрлерін 0,001 ... 0,0001 мм дәлдігімен өлшеуге арналған. Оның негізінде соплолардың кесіктері мен тексеріліп жатқан бөлшектің қабырғаларының арасындағы саңылаудан шыққан ауа көлемін өлшеуде жатыр. Әр саңылауға әрине әр өлшемнің өз ауа шығыны бар және түтіктегі қалытқының да өз орны бар, ол түтік шкаласымен анықталады.
Ауа шланг 1 бойынша стабилизаторы бар сүзгілер блогына беріледі, онда ол майдан және механикалық қоспалардан тазаланып тұрақты қысымға ие болады. Стабилизатордан ауа шланг 12 арқылы құралдың арнасына қалытқысы бар шыны түтікке 5 барады, одан ауа шланг 8 бойынша өлшегіш калибрға 7 түседі. Калибрды тесікке енгізген кезде тесік диаметрі қалытқының құрылығы шкаласында орналасуымен анықталады. Калибрдың кесік тесіктерінің арасымен және бөлшектің қабырғасының арасындағы саңылау бойынша ауа атмосфераға шығады. Түтікшенің бір жағынан милиметрлік шкала, ал басқа жағынан – қолданылып жатқан калибрмен белгіленген шкала. Ауа ағынын реттеуге арналған екі қақпак 10 и 11 құралдың түбінде орналасқан. Үстіңгі 10 қақпақ 4 түтікшесіне ауаны енгізуге арналған. Төменгі қақпақ 11 ауаны атмосфераға есептік құралдан калибрға жетпей шығарады.
Сурет 9.1 – Пневматикалық өлшеуіштің ықшам сызбасы
Пневматикалық өлшегіштің есептік құралында 1 ден 10-ға дейін түтікшелер орналасқан, әрбір түтікше бір параметрді өлшейді.
Керекті өлшеу шектерін алу үшін әр түрлі конустығы бар түтікшелерді қолданумен алынады (1:400 и 1: 1000). Керекті дәлдік қалытқы массасы мен өлшегіш калибрдің соплосының диаметрін таңдау арқылы алынады.
Өлшегіш калибр екі диаметрлі орналасқан соплосы бар сақина. Калибрдың керекті диаметрі d тексеріліп жатқан диаметрден Di номиналды өлшемге байланысты 0,005 ... 0,015 мм кем болуы керек.
Соплолардың кесіктерінің диаметрі өлшеніп жатқан тетіктің диаметрінен сопло диаметріне байланысты 0,7 мм - 0,070 мм; 1,0 мм - 0,040 мм; 1,5 мм - 0,030 мм; 2,0 мм - 0,020 мм кем болуы керек.
9.5 Құралмен жұмыс істеу үшін керек:
1. Құрылғыны реттеу: қалытқының орналасуын және есептік құралды реттеу (стабилизатор винттарымен);
2. Өлшеніп жатқан диаметрді өлшеу үшін лшегіш калибрды орналастыру сақинасына енгізіп, содан кейін қалытқыны шкаланың төменгі жағына ауыстырып, сонда керекті белгіні қою керек;
3. Өлшегіш калибрды басқа орналастыру сақинасына енгізіп (ең үлкен шекті өлшемі бар), паралель өткізгіш қақпақша 7 арқылы керекті шкала ұзындығын орнату. Сонымен қатар шкала басы орнынан ауыспауы керек. Қалытқы орналасқан жеріне қарсы белгілерді қою керек;
4. Белгілер арасын өлшемдер айырмашылығына бөлу керек және әрбір бөлшектің мәнін анықтау керек;
5. Өлшегіш калибрды өлшеніп жатқан тесікке енгізіп қалытқы орналасуына байланысты оның диаметрін анықтау керек. Біліктің диаметрін анықтау үшін сақина тәріздес калибрды қолданады.
9.6 Жұмысты орындауға технологиялық нұсқаулар
1. Бастапқы берілгендерді үй тапсырмасында дайындау керек:
1.1. Түйіскен тетіктердің өлшемдеріне және піспектің шатунмен қосылғандағы массаларының айырмашылығына қойылатын талаптарды дайындау;
1.2. Түйіскен тетіктердің отырғызуларына қойылатын талаптарды, масса айырмашылығының шекті мәнін, комплектелетін тетіктердің аттарын (піспек, гильза) олардың шартты номерін есеп бланкісіне жазу керек. «Піспек» деген атауды екі рет жазу керек бірінші рет оның масса айырмашылығын өлшегенде екінші рет оның төменгі жағының нақты өлшемін анықтаған кезде;
2. Оқытушы оқушылардың зертханалық жұмысқа дайындығын тексеру керек;
3. Жұмыс орнымен танысу және құралдардың орналасу мен тағайындамаларымен, құжаттардың мазмұны мен анықтамалық ақпаратпен танысу керек. Тізім бойынша құралдарды тексеру керек. Құралды жұмысқа дайындау керек;
4. Бастапқы берілгендерді тексеріп толықтыру керек;
5. Піспектердің шатунмен, саусақтардың және сақиналардың құрастырылған кезінде массаларының айырмашылықтарын анықтау. Таразыда жинақтауға арналған барлық комплекттерді өлшеу керек. Массаның айырмашылығы 8 г мәнінен артық болса оны есепке массаны қаншаға және тетіктің қай бетінен алуды жазу керек;
6. Піспектерді топтық өзара ауыстырылу тәсілі бойынша таңдау керек. Саусақ өсіне перпендикуляр жазықтығында піспектің төменгі жазығын диаметрін өлшеу керек (0,001 мм). Нақты өлшемді өлшемдік топтарының шекті өлшемдерінің берілгендерімен салыстырып оның қандай өлшемдік топқа жататынын анықтау керек. Алынған өлшемдерді есепке жазу керек;
7. Гильзаларды топтық өзара ауыстырылу тәсілі бойынша таңдау керек. Гильзаның үстіңгі кесігіне 60 мм төмен жазықтығында гильза диаметрін өлшеу керек (0,001 мм). Нақты өлшемді өлшемдік топтарының шекті өлшемдерінің берілгендерімен салыстырып оның қандай өлшемдік топқа жататынын анықтау керек. Алынған өлшемдерді есепке жазу керек;
8. Түйісу тетіктерін құрастыру керек. Піспектерді гильзаларға бір қозғауышқа орналастырып жатқан өлшемдік топтары бойынша таңдау керек.
9. Жұмыс орнының ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
10. Есепті тапсырып, қорытындыларын қорғау керек. Оқытушыға толтырылған есеп бланкын көрсету керек. Сонымен қатар оқушы өз есептеулерімен технолониялық шешімдерін түсіндіруі, керек жағдайда оларды дәлелдеуі қажет. Берілген технологиялық нұсқаудың мазмұнын білу керек.
Зертханалық жұмыстың орындалу реті пиктограммалар жүйесімен анықталған (сурет 9.2).
Сурет 9.2 – Пиктограммалар жүйесі
9.7 Қозғауыштың шатун-піспекті тобының тетіктерін құрастыру (піспек – піспек саусағы – шатун)
9.8 Жұмыс мазмұны
Тетіктерді өлшемдік топтарға жинақтап оларды құрастыру, жинақтау нәтижелерін тексеру, қосылатын тетіктердің отырғызу мінездемелерінің нұсқаларын ажырату.
9.9 Құрастырылатын тетіктерге негізгі талаптар
«Піспек – піспек саусағы» және «піспек саусағы – шатун» түйісу жинақтауларының дәлдігін алу үшін оларды 0,0025 мм дәлдігімен төрт өлшемдік топтарға бөледі. Сондай жоғары дәлдік пневматикалық өлшегіштің көмегімен алынады (сурет 9.1), (егер ол жоқ болса, керекті микрометрлерді және үтірден кейінгі төртінші санды анықтайтын нутромерді қолданады). Жинақтау бөлмедегі 20 ± 3° С температурасында істелінеді.
Бобышка тесіктерінің диаметрінің, піспек саусағының диаметрінің және шатунның жоғары басының втулкасының диаметрінің өлшемдік топтарының номерлерін анықтағанда оларды нормативтік мәнімен салыстыру арқылы анықталады. Тетіктің қай топқа жататынын майғы төзімді бояумен: піспекте бобышкалардың кесіктерінде, саусақта ішкі цилиндрлік бетінде, шатунда жоғары басының сыртқы бетінде белгі қойылады.
Піспекті шатунмен қосқан кезде піспек саусағының өлшемдік тобының және шатун басының тесігінің номері саусаққа арналған піспек тесігінің номері бірдей болу керек
Сурет 9.3 – Шатун жоғары басының тесігінің диаметрін өлшеу ықшамсызбасы
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Тетіктерді жинақтаудың тағайындамасын түсіндіріңдер.
2. Гильзалар мен піспектерді өлшемдік топтарға жинақтаудың керектігін немен дәлелдейсіңдер?
3. Піспек пен гильзалардың бір топқа жататынын қалай анықтайсыңдар?
4. Піспек массаларының айырмашылығын қалай анықтауға болады?
Әдебиет
-
Автомобиль ГАЗ-24 «Волга»: Руководство по капитальному ремонту. - М.: Транспорт. 1976 - 294 с.
-
Автомобиль ЗИЛ - 130: Руководство по капитальному ремонту. - 4 I - III. - М.: КТБ авторемонтного производства. 1978.
-
Двигатель ЗИЛ - 130: Руководство по капитальному ремонту. 4 I - П. - М.: КТБ авторемонтного производства. 1981.
-
Двигатели КамАЗ - 740: Руководство по капитальному ремонту. -М.:НИИАТ. 1977.
-
ГОСТы 3.1109-82, 3-1404-86, 3-1407-86. единая система технологической документации.
-
СТ СЭВ 144-75 и 145 -75. единая система допусков и посадок.
-
Козловский Н.С., виноградов А.Н., Основы стандартизации допуски, посадки и технические измерения. — М.:
Машиностроение, 1979. - 223с.
-
Ремонт автомобилей: Учебник/Под ред. СИ. Румянцева. - М.: Транспорт, 1981. - 47 с.
-
Справочник технолога авторемонтного производства Под ред. Г.А. Малышева. -М.: Транспорт, 1977. -431с.
-
Стародубцева B.C. Сборник задач по техническому
нормированию в машиностроении. - М.: Машиностроение,
1974.-171с.
11. Ремонт автомобилей и двигателей: учеб. для студ. сред. проф.
учеб. заведений / В.И. Карагодин, Н.Н. Митрохин. Единое
издание, стер. — М.: Издательский центр «Академия» 2003. —
496с.
12.Ремонт машин / Под ред. Тельнова Н.Ф. - М.: Агропромиздат,
1992, 560 с: ил. - (Учебник и учебные пособия для высших
учебных заведении). 631.3 РЗВ
Достарыңызбен бөлісу: |