Ж. Т. Матакова жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы


науқасты РекторомАноскопияға даярлау



бет189/221
Дата03.01.2022
өлшемі260.75 Kb.
#451716
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   221
Книга стандарт каз-1-1

науқасты РекторомАноскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды,

мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.

  2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.

  3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

  4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

  5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.

  6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


Ескерту:

  • ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;

  • ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;

  • егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;

  • науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   221




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет