Ж:В+Д вирусты гепатит (суперинфекция)
54.24 жасар әйел аурудың 3-ші күнінде іштің толғақты ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, тәулігіне 10 ретке сұйық нәжіске шағымданып ауруханаға түсті. Тексергенде: Температура 37,8°С. АҚ-100/70 мм с.б. Пульс 92 соққы 1 мин ішінде. Сигма тәрізді ішекте спазм, пальпация кезінде ауырсынады. Нәжіс аз, шырышты және қан жолақтары бар.
Бұл жағдайда ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
Ж:Дизентерия/шигеллез (кэнтериттік түр, орташа ауыр түрі)
55. 36 жастағы ер адам инфекциялық ауруханаға дене температурасының 38,50С дейін көтерілуіне, тамағының ауыруына, оң жақ асты лимфа түйінінің ұлғаюына шағымданып түсті. Эпидемиялық анамнез: аңшы, аңшылықтан шыққан. Тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, ауыз-жұтқыншақта оң жақ бадамша безі 2 дәрежеге дейін гипертрофияланған, ісінген, гиперемияланған, некротикалық жабынды бар. Оң жақтағы жақ асты аймақта 5х6 см лимфа түйіні пальпацияланады, қозғалмалы, орташа ауырсынады, үстіндегі терісі қалыпты.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
Ж:Туляремия, ангинозды-бубонды түрі
56. Қандай ауруға орташа ауыру сезімді лимфаденит, бірақ периадениттің, жергілікті гиперемия мен гипертермияның болмауы тән:
Ж:Бубонды туляремия
57. 54 жастағы ер адам, Петропавл облысының тұрғыны, қатты ауырып қалды: айқын қызба, уыттану белгілері мен оң жақ білек терісінде–ауыратын ойық жара (бұл жерде сорылған кене байқалды). Тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, оң жақ білектің алдыңғы бетінде - іріңді -геморрагиялық ойық жара, лимфа тамырының бойында қызару, пальпацияда тығыз, көлемі 4х5 см, оң қолтық асты аймағындағы лимфа түйініорташа ауырады.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
Ж:Туляремия, ойық-бубонды формасы
58. 36 жастағы ер адам инфекциялық ауруханаға дене температурасының 39,5°C дейін көтерілуіне, тамағының ауыруына және оң жақ асты лимфа түйінінің ұлғаюына шағымданып түсті. Эпидемиологиялық анамнез: аңшы, жақында аңшылықта болды. Қарап тексергенде: дене температурасы - 38,7С, жағдайы орташа ауырлықта, ауыз-жұтқыншақта оң жақ бадамша безі 2 дәрежеге дейін гипертрофияланған, ісінген, гиперемияланған, лакуналарда іріңді жабын. Оң жақтағы жақ асты аймақта 5х6 см лимфа түйіні пальпацияланады, қозғалмалы, орташа ауырсынады, үстіндегі терісі қалыпты.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |