Жаңа формация мұғалімінің кәсіби мәдениеті
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек – жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы, яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикамен әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім екенін Ахмет Байтұрсынов атап көрсеткені аян.
«Келешек кілті- жастарда» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгілікпен XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениеті, ақпараты сауатты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастырушы жастарды даярлау – осындай іскер мұғалімдерге сеніп тапсырған.
«Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім экономикада басты назар материалдық тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интелллектуалды білім беру жүйелерінің даму барысы да додоға салынады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалды компонентін арттыру – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады» деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, жаңа әлемде білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына айрықша ден қойыла бастады. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Сапалы білім мен саналы ұрпақтың қалыптастырушы, әрине, ол – ұстаз. Ал ұстаздың анықтамасын Әл-Фараби дана былай деп берген: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғаттан әдептілік пен әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Ендеше қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы тұрғаны анық. Жаңа формация мұғалімі кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға » деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам.
Мұғалімнің өзі құзыретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай. «Ұстаз қандай болса, қоғамда сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда көкейкесті. Жаңа формация мұғаліміне қазіргі таңда мынадай міндеттер жүктеліп отыр:
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы.
2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі.
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі.
5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті төменгідей сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |