Жаңа туған сәбидегі стафилококкты күлбіреуік кезіндегі ең маңызды патогендік фактор



Дата25.11.2023
өлшемі100.91 Kb.
#484438
воспроизведение жеке каз - 225


Жаңа туған сәбидегі стафилококкты күлбіреуік кезіндегі ең маңызды патогендік фактор:
+эксфоллиатин
плазмокоагулаза
лецитиназа
фибринолизин
гемолизин


СТА (саруызды-тұзды агар) қоректік ортасында өскен S.aureus-тің дақылдық ерекшелігі:
+Бұлыңғыр аймағы бар алтын түсті колониялар
Бұлыңғыр аймағы бар ұсақ колониялар
Ұсақ жылтыр колониялар
Мөлдір, көгілдір түсті колониялар
Тығыздалған ұсақ ақ түсті колониялар
Стрептококктардың токсині:
+цитотоксин
эксфолиатин
энтеротоксин
эндотоксин
тетаноспазмин
Стрептокококк түзеді:
+гиалуронидаза
каталаза
энтеротоксин
уреаза
лизоцим
Менингококкты инфекция қоздырғышы қандай туыстыққа жатады:
+Neissеria
Moraxella
Acinetobacter
Branhamella
Francisella
N.meningitidis-тің морфологиялық қасиеті:
+Грамнегативті диплококк
Грампозитивті таяқша
Грампозитивті спора түзуші таяқша
Грамнегативті таяқша
Грампозитивті кокк
Бленнорея – бұл:
+Гонококкты конъюнктивит
Гонококкты артрит
Гонококкты цистит
Гонококкты сепсис
Гепатит


Дайындалған жағындыдағы энтеробактериялардың морфологиясы:
+Грамнегативті таяқшалар
Грампозитивті таяқшалар
Грампозитивті кокктар
Грамнегативті диплококктар
Грамнегативті коккобактериялар
Зәр жолындағы өрлемелі инфекцияларды жиі туындататын бактерия:
+Escherichia coli
Serracia marcescens
Citrobacter freundii
Enterobacter cloacae
Klebsiella pneumoniae
Ішек инфекциялары қоздырғыштарының таралу жолы:
+Алиментарлы
Жыныстық
Аэрозольді
Парентеральды
Трансплацентарлы
Ішек таяқшасының морфологиясы:
+грамнегативті соңы дөңгеленген таяқша
тізбектеле орналасқан таяқша
спорасы ортасында орналасқан таяқша
ірі грампозитивті таяқша
организм мен қоректік ортада анық капсула түзеді
Эндо ортасында өскен ішек таяқшасының колониясы:
+күңгірт-қызыл металды жылтыр түсті
айналасында гемолизі бар ұсақ колониялар
жасыл-қоңырқай түсті ірі колониялар
көк-қара түсті S пішінді колониялар
түссіз, R-пішінді колониялар
Ішек таяқшасының биохимиялық қасиеті:
+Лактозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады
Аммиак түзеді
Күкірт сутегін түзеді
Лактозаны қышқылға дейін ыдыратады
Сахарозаны ыдыратпайды
Shigella туыстығының жіктелуі неге негізделген:
+антигендік құрылымына
токсин түзуге
тинкториалдық қасиетіне
биохимиялық қасиеттеріне
морфологиялық ерекшеліктеріне
Shigella туыстығының сипаттамасы:
+О және К антигендері бар
қозғалғыш бактериялар
организмде капсула түзеді
қоректік орталарға талғамды
Vi және Н антигендері бар
Плоскиров қоректік ортасында Shigella flexneri-дің колониялары:
+түссіз тегіс
қызыл түсті
түсті тегіс
қоңыр түсті тегіс
түссіз кедір-бұдыр


Салмонелла үшін дифференциалды диагностика ортасын таңдаңыз
+висмут-сульфит агары
сарыуызды-тұзды агар
селенит сорпасы
қан қосылған агар
ет-пептонды сорпа


Іш сүзегін туындатады:
+S.typhi
S. cholera-suis
S.typhimurium
S.enteridis
S.paratyphi A


Іш сүзегінің диагностикасында қолданатын Видаль реакциясының механизмі
+агглютинация
преципитация
комплементті байланыстыру
бейтараптау
лизис


Іш сүзегі кезінде гемодақылды қай аптада алады:
+бірінші аптада
екінші аптада
үшінші аптада
20 күнде
әрқашан


Сальмонеллаларды қанықтыру (жинақтау) ортасын таңдаңыз:
+Селенитті сорпа
Қан қосылған агар
Сарыуызды тұзды агар
Мак-Конки ортасы
Ет пептонды сорпа


Серологиялық қасиеттеріне қарай сальмонеллалардың жүйелілік кестесін ұсынған:
+Кауфман және Уайт
Пастер және Кох
Кауфман және Шотмюллер
Эберт және Уайт
Кауфман және Сальмон
Тырысқақ қоздырғышының тұқымдасы:
+Vibrionaceae
Brucellaceae
Spirillaceae
Micrococcaceae
Enterobacteriaceae
Тырысқақ қоздырғышының антигендері:
+О және Н антиген
О және Vi-антиген
капсулалы және талшықты
протективті және соматикалық
протективті және Н антиген
Тырысқақ кезінде нәжіс:
+Қайнатылған күріш суына ұқсас
Түрі өзгермейді
Сұйық, қанмен аралас
Көпіршікті, сулы
Тығыздалған күйде


Туберкулез бактерияларын бояу әдісі:
+Циль-Нильсен
Бурри-Гинс
Романовский-Гимзе
Нейссер
Здродовский
Mycobacterium bovis морфологиясы:
+Полиморфты бактериялар
Коккобактериялар
Стрептобактериялар
Шоқпар тәрізді бактериялар
Арқан тәрізді бактериялар
Mycobacterium tuberculosis-ті ашқан ғалым:
+Р.Кох
Л.Пастер
А.Хансен
Д.Ивановский
Р.Галло


Mycobacterium tuberculosis: тыныс алуы бойынша:
+Аэроб
Анаэроб
Капнофиль
Микроаэрофиль
Аэротолерантты


Левенштейн-Йенсен ортасында туберкулез бактериялары қандай колония түзеді:
+R пішінді, құрғақ пигментті
S пішінді, беткейі дөңестенген
M-пішінді, түсті
Қара түсті, шеттері тегіс
S пішінді, құрғақ пигментті


Алапес микобактериясы:
+қораптағы темекі түрінде
кестелі орамал түрінде
тура, иілген таяқшалар
ланцет пішінді кокктар
сынап тамшысы түрінде
Алапестің инфекция көзі:
+науқас адам
су және тағам өнімдері
кеміргіштер
жануарлар
үй құстары
Алапес қоздырғышын атаңыз:
+Mycobacterium leprae
Mycobacterium avium
Mycobacterium tuberculosis
Mycobacterium bovis
Mycobacterium africanum
Экзотоксині биологиялық улардың ішінде ең күштісі болып саналатын жұқпалы аурудың қоздырғышы:
+Clostridium botulinum
Clostridium tetani
Vibrio cholera
Salmonella typhi
Yersinia pestis
Клостридияларды өсіру үшін қандай қоректік орта қолданылады:
+Китта-Тароцци
Эндо
СТА
Левенштейн-Йенсен
Борде-Жангу
Газды гангренаның қоздырғышы:
+Clostridium perfringens
Clostridium botulinum
Clostridium intermedia
Bacillus anthracis
B. gracillis
Жоғары бағанды агарда өскен клостридиялардың колониялары неге ұқсайды:
+жасымық дәндерге
кристаллдарға
қоңырқай нүкте тәрізді
мақта түйіршіктеріне
ұзын өрілген жіптерге
Клиникалық материалдан бөлінген Clostridium perfringens микроскопта көрінеді:
+ірі грам оң таяқшалар, анық капсуласы бар
ірі грам теріс таяқшалар, спора түзеді
ұсақ грам оң таяқшалар, капсуласы бар
капсуласы бар тармақталған жасушалар
ірі кокк тәрізді таяқшалар, қозғалғыш
Қан қосылған агарда анаэробты клостридиялардың өсу сипаты:
+кедір-бұдырлы колониялар, толық гемолиз аймағы бар
тегіс шырышты колониялар, гемолиз аймағы жоқ
ұсақ нүктелі колониялар, металды жылтыры бар, гемолизі жоқ
ұсақ мөлдір колониялар, гемолиз аймағы жоқ
құрғақ, әжімді, сынғыш колониялар, сары түсті, гемолизі бар
Терминалды спорасы бар микроорганизм:
+сіреспе клостридиясы
ботулизм клостридиясы
стафилококк қоздырғышы
эшерихия таяқшасы
микоплазма бактериясы

Clostridium tetani сипаттамасы:
+талшықтары перитрих
капсула түзеді
қоректік ортада өспейді
грамтеріс таяқша
энтеротоксин бөледі
Ілмек тәрізді бактериялар туындататын ауру:
+дифтерия
көкжөтел
шигеллез
иерсиниоз
туберкулез


Коринебактериялардың морфологиялық сипаттамасы:
+Волютин дәндері бар грам оң таяқшалар
Грам теріс таяқшалар, капсула түзеді
Эндоспора түзетін грам оң таяқашалар
Грам теріс кокктар, спора түзеді
Иілген таяқшалар, қозғалғыш


Көкжөтел кезінде бактериоскопиялық зерттеуде алынатын материал:
+мұрынжұтқыншақ бөліндісі
қан
асқазан шайындысы
ми-жұлын сұйықтығы
нәжіс


Көкжөтелдің арнайы сақтандыруында қолданады:
+өлі вакцина
секстаанатоксин
тірі аттенуациялық вакцина
БЦЖ вакцинасы
адъюванттар
Оба қоздырғышы қандай туыстыққа жатады:
+Yersinia
Shigella
Klebsiella
Legionella
Bordеtella
Оба қоздырғышы қандай тұқымдастыққа жатады:
+Enterobacteriaceae
Micrococcoceae
Brucellaceae
Lactobacillaceae
Mycobacteriaceae
Оба қодырғышын бояудағы ерекшелік:
+грам теріс, биполярлы боялған
Нейссер әдісімен бояғанда ұштарында волютин дәндері бар
грам оң, қышқылға төзімді
қарапайым анилинді бояуларға төзімді
Романовский-Гимзе әдісімен бояуда бозғылт қызыл түсті
Обаның R-пішінді колониясы неге ұқсайды:
+Кестелі орамалға
Медузаның басына
Қорғасын тамшыларына
Арыстанның басына
Қыртысты теріге
Сібір күйдіргісі қандай тұқымдасқа жатады:
+Bacillaceae
Micrococcoceae
Enterobacteriaceae
Brucellaceae
Mycobacteriaceae


Сібір күйдіргісінің туыстығы:
+Bacillus
Shigella
Klebsiella
Bordеtella
Legionella
Сібір күйдіргісінің колониялары неге ұқсайды:
+Медузаның басына
Қорғасын тамшыларына
Қатпарлы теріге
Шық тамшыларына
Кестелі орамалға
Сібір күйдіргісінің қоздырғышын укол түрінде сепкенде желатин қалай ыдырайды:
+Төңкерілген шырша
Диффузды лайлану
Түтік тәрізді
Мақта түйіршіктері
Сталактиттер түрінде
Пенициллині бар қоректік ортада өскен сібір күйдіргісі қоздырғышының колонияларынан дайындалған жағынды нені еске түсіреді:
+Меруерт моншақтарын
Медузаның басын
Арыстанның басын
Шоқпар тәрізді
Шағала қанаттарын
Сібір күйдіргісі қоздырғышы жағындыда қалай көрінеді:
+Бамбук таяқшасы
Теннис ракеткасы
Шоқпар тәрізді
Шағала қанаттары
Шырша тәрізді
Сібір күйдіргісі қоздырғышының морфологиялық атауы:
+Стрептобациллалар
Стрептококктар
Коккобактериялар
Спирохеталар
Спириллалар
Бруцеллалардың морфологиясы:
+грам теріс, ұсақ пішінді
грам теріс, қозғалғыш
грам оң, спора түзеді
грам теріс, ірі таяқша
грам оң, ұсақ пішінді
Бруцеллез қоздырғышын алғаш бөліп алған және зерттеген ғалым:
+Брюс
Френсис
Иерсен
Борде
Пастер
Бруцеллин дегеніміз:
+Бюрне сынамасына арналған аллерген
Бруцеллезге қарсы өлі вакцина
Бруцеллезге қарсы тірі вакцина
Мицуда сынамасына арнаған аллерген
Бруцеллезге қарсы химиялық вакцина


Туляремия қоздырғышын алғаш рет бөліп алған:
+Мак-Коя және Чепин
Кох және Френсис
Френсис және Борде
Чепин және Пастер
Гофман және Мечников
Туляремия қоздырғышының қасиеттерін толық зерттеген ғалым:
+Френсис
Брюс
Иерсен
Чепин
Штуц


Туляремия қоздырғышының туыстығы:
+Francisella
Brucella
Bordetella
Streptococcus
Staphylococcus
Риккетсиялар қандай әдіспен жақсы боялады:
+Здродовский
Бурри-Гинс
Ожешко
Нейссер
Циль-Нильсен
Q-қызба қоздырғышы жатады:
+риккетсияға
бактерияға
саңырауқұлаққа
вирусқа
микоплазмаға
Провачек риккетсиялары қай тұқымдасқа жатады:
+Rickettsiaceae
Spirochaeсeae
Enterobacteriaceae
Lactobacillaceae
Mycobacteriaceae
Эпидемиялық бөртпе сүзегін алғаш рет анықтаған:
+Риккетсия және Провачек
Пастер
Кох
Мечников
Стокс және Чейн
Эндемиялық бөртпе сүзегін алғаш рет анықтаған:
+Музер
Пастер
Мечников
Стокс
Провачек
Қайталама сүзек қоздырғышы қай туыстыққа жатады:
+Borrellia
Pasteurella
Bordetella
Streptococcus
Brucella
Эпидемиялық қайталама сүзекті туындатады:
+Borrelia recurrentis
Borrelia duttoni
Borrelia persica
Borrelia latyschewi
Borrelia caucasica


Романовский-Гимзе әдісі бойынша боррелиялар боялады:
+Көк-күлгін түске
Бозғылт-қызыл түске
Цитоплазмасы сары-қоңыр
Қызыл түске
Споралары көк түске
Бозғылт спирохета туындататын ауру:
+мерез
трахома
гонорея
туберкулез
дифтерия
Бозғылт спирохетаның тыныс алу типі:
+анаэроб
аэроб
факультативті анаэроб
капнофиль
микроаэрофиль
Хламидиялардың биологиялық ерекшеліктеріне тән емес белгіні анықтаңыз:
+күрделі жасанды қоректік ортада өседі
грам теріс, сфералы пішінді
облигатты жасуша ішілікті паразит
пневмония, трахома, жыныстық гранулема қоздырғышы
кокк пішіндес, спора, капсула түзбейді, қозғалмайды
Хламидияларды өсіреді:
+Тауық ұрығында
Қарапайым қоректік ортада
Сарысулы агарда
Жәндіктер организмінде
Китта-Тароцци ортасында
Хламидиялар мен вирустарға ортақ нәрсе:
+Жасанды қоректік ортада өспейді
Бактериялық сүзгіден өтеді
Грам теріс бактериялар
Жасушалық құрылымы жоқ
Микрометрмен өлшенеді


Орнитоз қоздырғышы:
+Chlamуdіa psіttacі
Mycoplasma pneumonіae
Staphуlococcus aureus
Candіda albіcans
Legіonella pneumophіla


Микоплазманың биологиялық ерекшеліктеріне тән емес белгіні анықтаңыз:
+бета-лактамды антибиотиктерге сезімтал
ригидті жасуша қабырғасы жоқ
үш қабатты мембранадан тұрады
полиморфты, минимальды метаболизм
колониялары қуырылған жұмыртқаға ұқсайды

Mycoplasma pneumonia жасанды қоректік орталарда қалай өседі:
+«қуырылған жұмыртқа» тәрізді
«тоқылған сүлгі» тәрізді
«қыртысты тері» түрінде
«медузаның басы» тәрізді
«төңкерілген шырша» тәрізді
Вирустар мен микоплазмаларға ортақ белгі:
+Бактериялық сүзгіден өтеді
Жасанды қоректік ортада өспейді
Жасушаішілік паразиттер
Жасушалық құрылымы жоқ
Нанометрмен өлшенеді
Тұмау вирусы тұқымдасы:
+ортомиксовирустар
пикорнавирустар
тогавирустар
аренавирустар
реовирустар


"Антигендік дрейф" - бұл аздаған өзгерістер:
+гемагглютининнің, нейраминидазаның
тұмау вирусы РНҚ-ның
РНҚ-полимеразаның
ішкі ақуыздың
капсидтің


"Антигендік шифт" - бұл кейбір гендердің толық ауысуы:
+детерминациялық гемагглютинин, нейраминидазаның
РНҚ-полимеразаның
тұмау вирусы РНҚ-ның
детерминациялық ішкі ақуыздардың
капсидтің


Тұмау вирусының жоғары өзгергіштігі байланысты:
+гемагглютинин және нейраминидазамен
вирусты РНҚ-мен
капсидпен және гемагглютининмен
ішкі және сыртқы ақуызбен
РНК-полимеразамен


Мезгілдік тұмаудан сақтандыру үшін оқу орындарында балалар мен жасөспірімдерге белсенді иммунизация өткізу кезінде қандай препарат қолданылады?
+Тұмаудың өлі вакцинасы
Ремантадин
Адам иммуноглобулині
Оксолин
Интерферон
Гемагглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) қандай аурудың диагностикасында қолданған маңызды?
+Тұмау
Гепатит С
Қарапайым ұшық І типі
Құтыру
АИВ-инфекциясы
Қалада басталған тұмау эпидемиясынан бейспецификалық сақтандыру үшін қандай препарат ұсынасыз?
+Лейкоцитарлық интерферон
Тұмауға қарсы вакцина
Ремантадин
Тұмауға қарсы иммуноглобулин
Тұмауға қарсы сарысу
Тұмау вирусы қандай тұқымдасқа жатады?
+Orthomyxoviridae
Hepadnaviridae
Herpesviridaе
Picornaviridae
Togaviridae

Құс тұмауы вирусының бүкіл елге таралу жағдайы қалай аталады:
+Пандемия
Эпидемия
Эпизоотия
Суперинфекция
Реинфекция

1956-1957 жылы Р.Чанок қандай вирусты бөліп алды?
+паратұмау
тұмау
эпидемиялық паротит
қызылша
қызамық

Паратұмау вирусын өсіру үшін қандай нысанды қолдану керек?
+Жасуша дақылын
Тауық ұрығын
Ақ тышқандарды
Ақ егеуқұйрықтарды
Теңіз шошқаларын

Педиатр 7-жасар балаға «парамиксовирусты инфекция» диагнозын қойды. Парамиксовирустардың цитопатиялық әсері қалай көрінеді?
+ядроішілік қосындылар түзу
симпласт түзу
Бáбеш-Нéгри денешіктері пайда болады
Лúпшютц қосындылары пайда болады
гигантты жасушалар пайда болады

Респираторлы-синцитиалды вирус туыстығы:
+пневмовирустар
морбиливирустар
рубивирустар
энтеровирустар
инфлюэнца


Науқас адамның сарысуынан РС-вирусқа антиденелер анықталған. Бір апта өткен соң қайталанған зерттеулерде антиденелер титрі алғашқы деңгейде. Бұл нені білдіреді:
+Науқас бұрын РС-инфекциямен ауырған
Науқас осы сәтте РС-инфекциямен ауырады
Иммунитет тапшылығы дамыған
Вакцинадан кейінгі иммунитет салдары
Иммунитет қалыптаспаған


Науқастан алынған вирусқұрамды материалмен зақымданған жасушалық моноқабатты микроскопиялау кезінде дәрігер-лаборант «респираторлық-синцитиалдық вирусты инфекция» диагнозын қойды. Осы вирус жасуша дақылында қандай өзгерістер туындатады?
+симпластар түзеді
моноқабаттың шоғырлы деструкциясын .
жасушалық моноқабаттың толық деструкциясын
Бабеш-Негри денешігінің пайда болуын
жасушалар пролиферациясын
Ауыз қуысында Коплик-Филатов дақтары қай ауруда пайда болады:
+Қызылша
Дифтерия
Тұмау
Қызамық
Құтыру


Қызылшамен ауырғаннан кейін сауыққан адамдарда қалыптасады:
+тұрақты иммунитет
жиі рецидив болады
иммунологиялық толеранттылық
бейспецификалық иммунитет
жасушалардың ареактивтілігі

Балалар бақшасына баратын сәби қызылшамен ауырды. Қатынаста болған балаларды қорғау үшін қандай препарат тағайындалады?
+қызылшаға қарсы вакцина
қызылшаға қарсы иммуноглобулин
иммундыстимулятор
антибиотик
ацикловир

Перзентханада эпидемиолог қызылша ауруын тіркеді. Анасы бұрын қызылшамен ауырған болса балалары ауырмайды деген тұжырым бар. Нәрестені қандай иммуноглобулин қорғайды?
+IgG
IgD
IgA
IgЕ
Igм

Егу күнтізбесіне сәйкес 1,5 жасар бала қызылшаға қарсы вакцинаны мерзімінде қабылдамады, қызылшамен науқастанған баламен қатынаста болды. Шұғыл сақтандыру үшін балаға донордың γ-глобулині енгізілді. Иммунитеттің қандай түрі дамиды?
+пассивті
табиғи
антитоксикалық
вакцинадан кейінгі
жергілікті

Қызылшаға қарсы арнайы сақтандыру міндетті егу жоспарына енгізілген. Бұл қандай вакцина?
+Аттенуацияланған
Инактивацияланған
Химиялық
Анатоксин
Антиидиотипті

Қызылшадан сауығып келе жатқан балада шартты-патогенді бактериялар туындатқан пневмония дамыды. Бұл инфекцияның қандай түрі?
+Екіншілікті инфекция
Реинфекция
Суперинфекция
Персистентті инфекция
Микст-инфекция

Жаңа туған нәрестенің қан сарысуында қызылша вирусына антидене анықталған. Бұл қандай иммунитеттің болуын білдіреді?
+табиғи енжар
табиғи белсенді
жасанды енжар
жасанды белсенді
жергілікті


Қызамық вирусының тұқымдасы:
+Togavіrіdae
Pіcornavіrіdae
Paramyxovіrіdae
Нerpesvіrіdae
Ortomyxovіrіdae


Қызамық вирусының симметрия типі:
+сфералы
икосаэдрлы
кубтық
оқ тәрізді
жалпақ


Қызамықтың алдын алуына қандай тиімді вакциналар қолданылады?
+Рудивакс және Тримовакс
Солк және Сэбин
Ассоциациялық
Химиялық
Суббірліктік

ДНҚ-геномды вирус қандай ауру туындатады?
+Аденовирусты инфекция
ЖИТС
Респираторлы-синцитиалды инфекция
Тұмау инфекциясы
Паратұмау


Аденовирустар капсиді симметрия типі:
+кубты
оқ тәрізді
икосаэдрлы
сфералы
жіп тәрізді


«Жоғарғы тыныс жолдарының вирусты аурулары» диагнозымен сәбиді ауруханаға жатқызды. Қандай тұқымдастың вирустары "қос әсерлі вирустар", яғни бір мезетте онкогенді вирустар бола отырып жұқпалы ауруларды туындатуға қабілетті?
+Adenoviridae
Rhabdoviridae
Picornaviridae
Orthomyxoviridae
Coronaviridae
Эпидемиялық паротит вирусы зақымдайды:
+Құлақ маны безін
Көкбауырды
Бүйректі
Қуықты
Бауырды


Науқас бала 5 жаста, тексеруден кейін «эпидемиялық паротит» клиникалық диагнозы қойылды. Осы ауру қандай жолмен жұғады?
+Ауа-тамшылы
Трансмиссивті
Вертикалды
Алиментарлы
Парентералды
Эпидемиялық паротит диагностикасы негізделген:
+Сілекейден вирусты бөлу және қос сарысумен КБР, ПГАР антиденелерді анықтау
Нәжістен вирусты табу және қос сарысумен КБР, ПГАР антиденелерді анықтау
Жұқтырған зертхана тышқандары қанынан вирусты бөліп алу
Тері-аллергиялық сынама қою
Қоректік ортаға ми-жұлын сұйықтығын себу арқылы вирусты бөліп алу


Вирустан сақтандыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық станция оқу орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге алдын-алу екпелерін жүргізуі қажет.Төменде берілген преператтардың қайсысын белсенді иммундау үшін қолдануға болады?
+Вакцинаны
Иммуноглабулинді
Ремантадинді
Оксолинді
Интерферонды
Энтеровирустардың тұқымдастығы:
+пикорнавирус
тогавирус
реовирус
ортомиксовирус
парамиксовирус


Полиомиелит вирусының туыстығы:
+энтеровирус
арбовирус
флавивирус
рубивирус
реовирус


Полиомиелит вирусының құрамында бар:
+РНҚ, капсид
ДНҚ
суперкапсид, ДНҚ
гемаглютинин
нейроминидаза


Полиомиелит вирусының капсиді құралған:
+ақуыздардан
көмірсулардан
қышқылдардан
липидтерден
кальцийден


Полиомиелит вирусын тапқан ғалым:
+Ландштейнер
Кох
Пастер
Мечников
Ивановский


Полиомиелит вирусы зақымдайды:
+қозғалғыш нейрондарды
бауыр жасушаларын
бүйрек жасушаларын
көкбауыр жасушаларын
ұйқы безінің жасушаларын


Полиомиелиттің арнайы сақтандыруында қолданады:
+тірі вакцина
анатоксин
химиялық вакцина
бактериофаг
сарысу


Вирусологиялық зертханада полиомелитпен түскен науқастан алынған материалдар зерттелді. Ол үшін дәрігер-лаборант қандай қоректік ортаны қолданады?
+Игла ортасы
Хэнкс ортасы
Чистович ортасы
Эрла ортасы
Бұзау сарысуы
Ауру басталғаннан кейінгі 2-3 апта ішінде қандай вирусты науқастың нәжісінен анықтауға болады?
+Полиомиелит
Тұмау
Гепатит В
Қызылша
Қызамық

Зертханаға полиомиелитпен ауыратын науқастың материалы жеткізілді. Вирусолог вирусты қалай бөліп алады?
+Вирусты синтетикалық 199 ортаға себу арқылы
Вирусты жасушалар ортасына себу арқылы
Вирусты дифференциальды-диагностикалық ортаға себу арқылы
Вирусты элективті ортаға себу арқылы
Вирусты арнайы ортаға себу арқылы

Вирусолог полиомиелиттің серологиялық диагностикасы кезінде науқастың қос сарысуын зерттеді. Вирусолог бейтараптау реакциясын қою кезінде антигеннің сапасын анықтау үшін не қолдану қажет?
+Үш типті тірі вирусты
Вирустың комплемент байланыстырушы антигенін
Формалинмен инактивацияланған антигендерді
Гемагглютинин-антигендерді
Вирустағы капсид белоктарының антигендерін

Науқас бала 5 жаста, бес күннен кейін мұрын жұтқыншақтың сілемейлі қабығынан және бадамша безінен полиомиелит ауруының қоздырғышы бөлінді. Вирусолог қоздырғыштың серотипін анықтау үшін қандай реакцияны қолданды?
+Цитопатиялық әсер бойынша бейтараптау реакциясын
Гемагглютинацияны тежеу реакциясын
Гемадсорбцияны тежеу реакциясын
Тура емес гемагглютинация реакциясын
Комплементті байланыстыру реакциясын

Полиомиелиттің арнайы сақтандыруында қандай препарат қолданылады?
+Аттенуациялық вакцина
АКДС вакцинасы
Анатоксин
Бактериофаг
Химиялық вакцина

Науқас - 8 жастағы қыз, кенеттен температурасы көтерілді, тыныс алу жолдарында катаралды өзгерістер байқалды. Аурудың бесінш күні аяқтарының бұлшық еттері салданды және оған тыныс алуының бұзылысы қосылды. Дәрігер жұлында өлген нейрондардың айналасында нейроглиялардың пролиферациясын байқады. Бұл белілер қандай аурудың сипаттамасы болып табылады?
+Полиомиелиттің
Қызамықтың
Дифтерияның
Менингококкемияның
Скарлатинаның

Үндістанға барып келген науқасқа дәрігер «полиомиелит» деген болжамды диагноз қойды. Вирусолог диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізуі қажет?
+Нәжістен вирусты бөліп алу, идентификациялау, қанның қос сарысуын серологиялық зерттеу
Электронды микроскоп әдісімен нәжістен вирусты индикациялау және идентификациялау
Қанды «жаншылған» және «ілінген» тамшы әдісімен микроскопиялау, қоректік орталарға себу
Иммундыфлюоресценция реакциясының көмегімен асқазанның шайынды суын зерттеу
Қоздырғышты жинақтау үшін нәжісті қоректік ортаға себу, серологиялық зерттеу


Балалар бақшасында бірнеше күннің ішінде 5 бала ауырды. Балалар «полиомиелит» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Инфекциямен зақымданған балалардағы механизмді атаңыз.
+Фекальді-оральді
Аэрогенді
Қарым қатынас арқылы
Парентералды
Трансмиссивті

Полиомиелиттен арнайы сақтандыру үшін әртүрлі биологиялық препараттар қолданылуы мүмкін. Қандай препарат ішектің сілемейлі қабығында ұзақ жергілікті иммунитетті қалыптастырады?
+Аттенуацияланған вакцинаны тамшы түрінде қабылдау
Инактивацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Полиовирусты иммуноглобулинді ауызға тамшылату
Аттенуацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Донор иммуноглобулинін парентералды енгізу

«Энтеровирусты инфекция» деген болжамды диагнозбен науқас ауруханаға жатқызылды. Вирусолог қоздырғышты өсіру үшін жасуша дақылын пайдаланды. Жасушадағы вирустың репродукциясын қалай анықтауға болады?
+Вирустың жасушадағы цитопатиялық әсері бойынша
Вирустың цитоплазмадағы қосындылары бойынша
Гемадсорбция реакциясы бойынша индикациялау
Агглютинация рекциясының көмегімен
Флокуляция реакциясының көмегімен

Полиомиелитке қарсы қандай вакцина гуморалды және жергілікті иммунитетті қалыптастырады?
+Аттенуациялық вакцина
Суббірліктік вакцина
Химиялық вакцина
Инактивациялық вакцина
Векторлы вакцина

Полиомиелитке қарсы егу кезінде Сэбин вакцинасын қолданады. Вакцинадан кейінгі иммунитеттің қалыптасуына иммуноглобулиндердің қай класы қатыспайды?
+IgE
IgG
IgA секреторлық
IgM
IgA сарысулық


ЕСНО вирусы қай тұқымдастыққа кіреді:
+пикорнавирус
тогавирус
ортомиксовирус
реовирус
парамиксовирус


Коксаки А вирусында бар:
+24 серотип
6 серотип
10 серотип
20 серотип
30 серотип


Коксаки А вирусы қандай тінге тропизмі бар:
+бұлшықетке
нерв тініне
көк бауырға
бауырға
бүйрекке


Коксаки В вирусы қандай тінге тропизмі бар:
+нерв тініне
бұлшықетке
көкбауырға
бауырға
бүйрекке


Гепатит А вирусының тұқымдастығы:
+Pіcornavіrіdae
Нepadnavіrіdea
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Нerpesvіrіdae


Гепатит А вирусын жұқтыру механизмі:
+фекальді-оральды
ауа-тамшылы
трансмиссивті
парентералды
жыныстық


Қандай вирусты гепатиттің эпидемиологиясында маусымдық (мезгілдік) байқалады?
+Гепатит А
Гепатит В
Гепатит С
Гепатит D
Гепатит G
А гепатитін жұқтырудың негізгі жолы:
+Алиментарлы
Ауа-тамшылы
Тұрмыстық-қатынас
Парентералды
Трансмиссивті
Қандай вирусты гепатитке қарсы эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша вакцина егу жүргізіледі:
+гепатит А
гепатит С
гепатит D
гепатит Е
гепатит G


Фекалді-оралды механизммен жұғатын вирусты гепатиттер:
+гепатит A, Е
гепатит B
гепатит G
гепатит E және В
гепатит D


Сумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апаттан кейін тұрғындардың арасында жедел ішек инфекциясымен аурушылдық артқан. Аурудың клиникалық көрінісі мен эпидемиологиялық жағдайлардың нәтижесі бойынша науқастарды жұқпалы ауруханаға жатқызған дәрігер «гепатит А» диагнозын қойды. Дәрігер диагнозды нақтылау үшін науқастан алынған қандай материалды зерттеуге жіберді?
+нәжісті
қанды
зәрді
жара бөліндісін
ми-жұлын сұйықтығын


Елді мекенде эпидемиолог су арқылы берілетін гепатит инфекциясының бұрқ етуін тіркеді. Инфекцияның көзі гепатит вирусының қандай түрі?
+Е гепатитінің вирусы
D гепатитінің вирусы
C гепатитінің вирусы
B гепатитінің вирусы
G гепатитінің вирусы
Гепатит В вирусының тұқымдастығы:
+Hepadnavіrіdаe
Pіcornavіrіdae
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Herpesvіrіdae


Вирусты гепатит В диагностикасында анықталатын негізгі маркерге жатпайды:
+ДНҚ- полимераза ферменті
HBc жүрекшелі антиген
HBe жүрекшелік антиген
HBs беткейлік антиген
Беткейлік және жүрекшелік антигендерге түзілген антиденелер


Гепатит В вирусы туындатқан созылмалы инфекцияның негізгі көрсеткіші:
+НВs антигенді тасымалдаушы
НВс антигенді тасымалдаушы
қан сарысуында НВе антигенді табу
қанда АЛаТ, АсаТ деңгейлері жоғары
қанда барлық вирустық антигендерді табу


Қандай вирусты гепатитке қарсы жоспарлы вакцина егу жүргізіледі:
+гепатит В
гепатит А
гепатит С
гепатит D
гепатит Е


Хирургиялық операция кезінде науқасқа қан құйылды. Дәрігер науқастың қанын қандай қоздырғыштың антигеніне тексерді?
+Вирусты гепатит В
Аденовирус
Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит Е
Энтеровирус
Қандай аурудың қоздырғышы химиялық және физикалық факторларға ең төзімді?
+Гепатит В
Қызамық
Полиомиелит
Тұмау
Эпидемиялық паротит
Зертханаға үш қан сарысуы жеткізілді: созылмалы В гепатиті бар науқастың, В гепатитімен бұрын ауырған науқастың және ағымы көрініссіз В гепатиті бар науқастың сарысулары. Сарысуларда қандай антиген анықталады?
+HВsAg
HВeAg
HВcAg
HBcAg мен HВeAg
HBcAg мен HВsAg
Гепатит В вирусын нақтылау немесе жоққа шығару үшін зерттеуге қандай материал алынады?
+Қан
Нәжіс
Қақырық
Өт
Зәр
Гепатитпен ешқашан ауырмаған студентке донор болуға тыйым салынды. Себебі оның қанында организмнің вируспен зақымданғанын көрсететін серологиялық маркер анықталды. Ол қандай маркер?
+HBsAg
HBcAg
HBeAg
HBcIg
HBsIg
Донордың қанын зерттеу кезінде гепатит В вирусының маркері анықталды. Қандай маркер донор қанын гемотрансфузияға қолдануға рұқсат бермейді?
+HBs -антиген
HBc -антиген
HAV
HBe-антитела
HBe -антиген
Гендік инженерия жолымен алынған вакцинаны қандай вирусты инфекцияда қолданады?
+Гепатит В
Полиомиелит
Қызамық
Эпидемиялық паротит
Аденовирусты инфекция
Гепатит В профилактикасы ретінде хирургиялық бөлімшеде вакцинация жүргізілді. Иммунизациядан кейін қандай маркерлерді анықтайды?
+Анти-HBs
Анти-HВe
ДНК ВГВ
HВcAg
HВsAg
Гепатит В вирусының зертханалық диагностикасын өткізу кезінде науқастың қанынан вирустық ДНҚ анықталды. Төменде берілген реакциялардың қайсысының көмегімен мұны анықтауға болады?
+Тізбекті полимеразды реакциясы
Пассивті гемагглютинация реакциясы
Комплементті байланыстыру реакциясы
Иммундыферментті талдау
Гемагглютинацияны тежеу реакциясы
Операция кезінде науқасқа қан құйылды. Бұл қанды қандай қоздырғыштың антигеніне тексеру қажет?
+Гепатит В вирусы
Гепатит Е вирусы
Гепатит А вирусы
Энтеровирустар
Аденовирустар


Гепатит С вирусы қандай тұқымдастыққа жатады:
+Тогавирус
Герпесвирус
Гепаднавирус
Пикорнавирус
Ретровирус


Гепатит С вирусының туыстығы:
+Флавивирустар
Герпесвирустар
Пикорнавирустар
Гепаднавируста р
Ретровирустар


Қандай гепатитте ауру жиі созылмалы түріне ауысады:
+гепатит С
гепатит G
гепатит А
гепатит D
гепатит Е


Парентералды жолмен жұғатын вирустық гепатиттер:
+гепатит B, С
гепатит A, В
гепатит А, G
гепатит E
гепатит С, А


Гепатит Д вирусының сипаттамасы (дельта-вирус):
+ақаулы РНҚ вирус, патогендігіне гепатит В вирусының НВs қолданады
ДНҚ-лы күрделі вирус, гепатоциттерге троптылығы байқалады
өздігімен ауыр гепатит формасын туындатады
парентералды жұқтыру механизмі қолайлы емес
Гепатит Д вирусы геномына австралиялық антиген синтезі кодталған


Вирусты D (дельта) гепатиті ақаулы вирус болып табылады және тек төмендегі вируспен жұқтырылған жасушаларда көбейеді:
+Гепатит В
Гепатит А
Гепатит Е
Эпстайн-Барр
АИТВ
Гепатит вирустарының арасында симбиоз байқалады:
+В және D
В және С
Е және G
G және С
С және Е


Жұқпалы ауруханаға вирусты гепатитпен ауырған науқас жеткізілді. Қоздырғыштың әсеріне қарсы жауап ретінде қай антиденелер бірінші болып өндіріледі?
+IgM
IgG
IgA
IgD
IgE
Құтыру вирусы вирионының пішіні:
+оқ тәрізді
сфера тәрізді
куб пішінді
икосаэдр тәрізді
таяқша пішінді
Науқас организмінде құтыру вирусы орналасады:
+ОЖЖ-де
ішекте
паренхиматозды ағзаларда
бұлшықет тінінде
сөл бездерінде
Құтыру вирусының диагностикасы үшін қолданылады:
+Бабеш-Негри денешігін анықтау
Тауық ұрығына жұқтыру
Каудри денешігін анықтау
Агглютинация реакциясы
Биосынама өткізу
Антирабиялық вакцинаны тапқан кім:
+Пастер
Кох
Мечников
Эндрюс
Фрош


Емханаға ит тістеген науқас қаралды. Итті ұстап алды және ол ит құтырған болып шықты. Құтыру вирусының арнайы сақтандыруы үшін қандай вакцинаны пайдаланады?
+Аттенуациялық
Анатоксин
Химиялық
Рекомбинантты
Синтетикалық
ҒЗИ вирусологтары антирабиялық вакцина шығарды. Вакцинаны алу үшін құтыру вирусының қандай штаммы қолданылды?
+Бекітілген вирус
Инактивацияланған вирус
Ультракүлгін сәулелердің әсерінен зиянсызданған вирус
Гендік инженерия әдісінің көмегімен синтезделген вирус
Иттерден бөлінген вирус


Құтырудың экспресс-диагностикасында не табылады:
+Бабеш-Негри денешіктері
Гварниери денешіктері
Пашен денешіктері
Каудри денешіктері
Анатоксиндер
Бекітілген құтыру вирусының жабайы вирустан айырмашылығы:
+Вируленттік дәрежесінде
Антигендік құрылымында
Өлшемінде
Жасырын кезеңінің ұзақтығында
Жануар сілекейінде болуында
Құтырған иттің бас ми кесіндісінен дайындалған жағындыны ИФР-мен зерттегенде вирусолог жарқырауды байқады. Бұл зерттеу нені көрсетеді?
+Антигендер мен антиденелер кешенін
Вирустар белоктарын
Антиденелерді
Бабеш-Негри денешіктерін
Пашен денешіктерін
Қала маңында ұсталған түлкінің миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін тапты. Бұл қандай инфекция?
+Құтыру
Кенелік энцефалит
Қызылша
Эпидемиялық паротит
Жұқпалы мононуклеоз
Құтыру қоздырғышының таралуын қалай қадағалауға болады?
+Үй және ауыл шаруашылық жануарларын иммундау
Антиденелерді агглютинация реакциясында анықтау
Маймылдарға биосынама
Электронды-микроскопиялық зерттеу
Тері астылық аллергиялық сынама
Жабайы аңдар бар ауданда эпидемиолог құтырудың эпидорталығын тіркеді, емханаға қанғыған ит тістеген ер кісі қаралды. Профилактикалық мақсатта науқасқа антирабиялық вакцина енгізді. Бұл препарат қандай вакцина тобына жатады?
+Аттенуациялық
Инактивациялық
Молекулалық
Синтетикалық
Анатоксин
Қайтыс болған науқастың бас миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін анықтаған. Бұл вирус қай тұқымдастыққа жатады?
+Rhabdoviridaе
Adenoviridae
Herpesviridae
Retroviridae
Orthomyxoviridae


Кенелік энцефалит вирусын алғаш ашқан кім?
+Л.Зильбер
Ж.д Эрреаль
А.Левенгук
Л.Пастер
Дж.Ниро
Кенелік энцефалиттің жұғу жолы:
+трансмиссивті
контактты
аэрогенді
тұрмыстық
ауа-тамшылы
Арбовирустарға жатады:
+кенелік энцефалит вирусы
тұмау вирусы
қызамық вирусы
полиовирустар
құтыру вирусы
Кенелік энцефалит кезіндегі инфекция көзін атаңыз.
+Ауру ешкілер
Ауру адам
Вирустасымалдаушы
Ауру жарқанаттар
Ауру доңыздар
Кенелік энцефалит қоздырғышының негізгі таралу жолы:
+Трансмиссивті
Парентеральды
Контактылы
Ауа-тамшылы
Артифициалды
Кенелік энцефалит вирусының материалын вирусологиялық зерттеуде өсіреді:
+Жануар организмінде
Синтетикалық ортада
Тасымалдаушы организмде
Қан агарында
Сарысу агарында
Дәрігер 8-жастағы баладан кенелік энцефалиттің белгілерін анықтады. Кененің шағуынан басқа, науқасқа қандай жол арқылы инфекция берілуі мүмкін?
+Алиментарлы
Контактылы
Артифициалды
Ауа-тамшылы
Ауа-шаңды


Дәрігер 20 жастағы науқасты ЖИТС-қа тексерді. Қандай популяцияның жасушалары адамның имунды тапшылық вирусына ең сезімтал болып келеді?
+Т-хелперлер
Эозинофильдер
Гепатоциттер
Эпителиоциттер
В-лимфоциттер

Қандай ақуызды – фермент АИВ-тың кері транскриптазасын қамтамасыз етеді?
+РНК-полимераза
Ревертаза
Протеаза
Интеграза
Эндонуклеаза

Төмендегі факторлардың қайсысы арқылы АИВ-инфекциясы адамға жұқпайды?
+Несеп
Сілекей
Қан
Қынап бөліндісі
Сперма

Вирионның құрамында РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимеразасы бар вирус қандай тұқымдастыққа жатады?
+Retroviridae
Adenoviridae
Orthomyxoviridae
Rhabdoviridae
Reoviridae

Retroviridae тұқымдастығына жататын адамның иммунды тапшылық вирусын сипаттайтын басты белгіні анықтаңыз:
+Кері-транскриптаза ферментінің болуы
«Теріс РНҚ» болуы
Адамда ғана ауру тудыратын қарапайым вирус
Нуклеин қышқылы иесі геномымен интеграцияланбайды
Созылмалы инфекцияның себебі болатын ДНҚ-құрамды вирус


Адамның иммундытапшылық вирусы беткейлік gp41 және gр120 антигендерімен организмдегі нысан жасушалармен байланысады. Адамның қандай лимфоцит антигені gp120-мен комплементарлы байланысады?
+CD4
CD3
CD8
CD19
CD28

Иммуноблоттинг кезінде вирусолог науқастың қан сарысуынан gp120 гликопротеинін анықтаған. Бұл қандай ауру?
+АИВ-инфекция
Вирусты гепатит В
Туберкулез
Мерез
Полиомиелит

Иммундытапшылық белгісі бар науқас қанының сарысуын зерттеу кезінде gp41, gp 120 ақуыздарына антиденелер табылған. Бұл нәтижелер науқаста қандай ауруды айғақтайды?
+АИВ-инфекция
НLTV-1- инфекция
TORCH- инфекция
НВ - инфекция
ЕСНО-инфекция

Жас жігітті тексеруде АИВ-қа оң антидене анықталды. Науқас қосымша зерттеулер арқылы АИВ инфекциясының қоздырғышын анықтауды талап етті. Қандай зерттеу науқастан АИВ инфекциясына қарсы антиденені анықтайды?
+Иммуноблоттинг
ПГАР
ИФР
ПТP
ГАТР

АИВ/ЖИТС инфекциясы кезіндегі оппортунистік пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышы?
+Пневмоцисттер
Стафилококктар
Стрептококктар
Цитомегаловирустар
Клебсиеллалар

Жүре пайда болған иммундытапшылық кезінде қоздырғыш тікелей иммунды жүйе жасушаларында көбейеді және оларды бұзады. Осы сипаттама төменде берілген аурулардың қайсысына тән?
+ЖИТС
Дифтерия
Полиомиелит
Тырысқақ
Бөртпе сүзегі
Вирусолог науқастың материалынан онкогенді қасиетке ие РНҚ геномды вирусты анықтады. Бөлінген вирус қандай тұқымдастыққа жатады?
+Retroviridae
Picornaviridae
Rhabdoviridae
Coronaviridae
Orthomyxoviridae

Дәрігер науқасқа “ЖИТС” диагнозын қойды. Аталған қасиеттердің ішінде аурудың ауырлық дәрежесін анықтаудағы ең маңызды параметрді таңдаңыз:
+CD4/CD8 - жасушалар қатынасы
Комплемент титрі
IgG құрамы
Фагоцитарлық белсенділік
Табиғи киллерлер саны

Перзентхананың обсервациялық бөлімшесінде әйел адам босанды. Жаңа туылған нәрестеде АИВ-инфекциясына диагностика жүргізу үшін қандай әдіс қолданылады?
+ПТР
ИФТ
ИФР
КБР
РИТ
АИВ-инфекциясының қай сатысында адам инфекция көзі болып табылады?
+АИВ-инфекциясының барлық сатыларында
Жедел АИВ-инфекциясында
Созылмалы (латенттік) АИВ-инфекциясында
Персистенцияланған жайылымды АИВ-инфекциясында
ЖИТС – ассоциацияланған кезеңде
3 жастағы балаға құрамында ЖИТС вирусы бар қан құйылды. Келесі 6 ай аралығында ауру дамыған жоқ, бірақ қоздырғыштың провирус түріне өтуіне байланысты вирустасымалдаушылық жағдайы қалыптасты. Провирус дегеніміз не?
+Екі жіпшелі ДНҚ
Бір жіпшелі РНҚ
Вирустық ферменттер кешені
Сыртқы қабықшасы жоқ вирустың нуклеокапсиді
Суперкапсидтің гликопротеиндік компоненті
АИВ-жұқтырылған науқасқа иммунограмма жүргізілді, нәтижесінде Т-хелперлер мен Т-супрессорлардың қатынасында қалыпты жағдайдан ауытқулар бар екені анықталды. Т-лимфоциттер-хелперлердің беткейіндегі CD (cluster diferentiation) қандай негізгі беткейлік молекулалар бар?
+CD2, CD3, CD4
CD2, CD3, CD8
CD19, CD21, CD22
CD23, CD24, CD37
CD16, CD56
АИВ-инфекциясын емдеуге арналған заттарды өндірудің перспективті бағыттарының бірі – лимфоциттердегі рецепторларды тоқтатып, оларға вирус абсорбциясының алдын алатын препараттарды дайындау болып табылады. Қандай құрылымдар туралы айтылуда?
+CD4
GP120
GP41
CD28
CD29
Қандай вирус тұқымдастығы реакция кезінде өз геномын иесінің жасушасындағы геномға интеграциялайды?
+Herpesviridae
Retroviridae
Adenoviridae
Poliomaviridae
Hepadnaviridae

Герпесвирустардың репродукциясы қожайын жасушасында қайда жүреді:
+ядрода
цитоплазмада
митохондрияда
жасуша мембранасында
лизосомада


Қарапайым герпестің көрінісі:
+везикула
папула
пустула
гумма
фурункул
Қарапайым герпес вирусының 1-түрінде қожайын жасушасы ішінде кездесетін қосындылары:
+Каудри денешіктері
Бабеш-Негри денешіктері
Пашен денешіктері
Волютин дәндері
Гварниери денешіктері
Герпесвирусты инфекциясы бар науқастың терісінде, еріннің сілемейлі қабығында және мұрнында везикулалар пайда болды. Герпес вирусын бөліп алу үшін вирусолог қанда экспресс-диагностика реакциясын қолданады?
+иммундыфлуоресценция реакциясын
бейтараптау реакциясын
комплементті байланыстыру реакциясын
гемагглютинацияны тежеу реакциясын
преципитация реакциясын

Науқастағы жайылмалы герпесвирусты инфекцияның диагностикасы үшін вирусолог белгілі бір класқа жататын спецификалық антиденені анықтау үшін қан сарысуын зерттеді. Антидененің қандай класы вирусты инфекцияның жедел кезеңін көрсетеді?
+IgM
IgA
IgE
IgG
IgD

60-жастағы науқаста суықтанудан кейін бет терісінде оң жақ бет нервісі бойымен ауырсынатын, қышитын везикулалар пайда болды. Антибиотигі бар жақпаны қолдану тиімсіз болды. Бұл аурудың қоздырғышы:
+Herpesvirus
Adenovirus
Streptococcus
Staphylococcus
Bacillus

Неврология бөлімшесіне белдемшелі бөртпелер шығуына шағымданған әйел келіп түсті. Кеудесінің терісінде бөрпелер ауырсынады, көпіршіктердің ішінде серозды сұйықтық бар. Аурудың себепшісі қандай вирус?
+Альфа-герпесвирус
Бета-герпесвирус
Гамма-герпесвирус
АИТВ
Поксвирус

Дәрігер науқастың дене температурасының жоғарылағанын, ұрттың сілемейлі қабығының гиперемиясын және ісінуін, ауырсынатын ұсақ бөртпелерді байқады. Клиникалық сипаты бойынша қарапайым герпес вирусы анықталды. Науқасқа қандай препарат тағайындалады?
+Ацикловир
Ұшықтық иммуноглобулин
Иммуноглобулин
Рибавирин
Аттенуацияланған вакцина

Науқас организмінде қарапайым герпес вирусы бар екенін қандай зерттеу әдістері арқылы анықтауға болады?
+Вирусологиялық және серологиялық
Вирусологиялық және биологиялық
Серологиялық және биологиялық
Микроскопиялық және биологиялық
Микроскопиялық және аллергиялық
Науқас әйел 32 жаста, рецидивті вирусты инфекциямен ауырады. Науқастың шағымдары: ауыз қуысына және ерінге көпіршікті бөртпелер шыққан, жалпы интоксикация белгілері және дене температурасы жоғарылаған. Аурудың қайталануынан арнайы сақтандыру үшін қандай препарат қолдану керек?
+Герпестік өлі вакцина
Интерферон
Лизоцим
Ацикловир
Донорлық гамма-глобулин
Балалар бақшасында балалар ауруларының бірнеше түрлері анықталды. Клиникалық көрінісі: дене температурасы жоғарылаған, аранда, ауыз қуысында және терісінде көпіршікті бөртпелер бар. Болжамды диагнозы - желшешек. Төменде берілген материалдардың қайсысын экспрес-диагностика үшін вирусологиялық зертханаға жіберу керек?
+Көпіршік құрамын
Қолдың шайындысын
Қақырықты
Зәрді
Нәжісті
Жұқпалы мононуклеоздың сипаттамасы:
+Вирустың нысанасы В-лимфоциттер
Ауру дамыған елдерде кездеседі
Тиімді вакциналар нәтижесінде дамыған елдерде сирек кездеседі
Қарт адамдарда жиі кездеседі
Жасуша дақылдарынан Эпстайн-Барр вирусы табылғанда диагноз қояды


Дәрігер Африка студентінен Беркит лимфомасын тапты. Осы ауруды туындататын герпес вирусының түрі?
+Эпстайн-Барр вирусы
Белдемшелі герпес вирусы
Қарапайым герпес вирусы, тип I
Қарапайым герпес вирусы, тип II
Адамның цитомегаловирусы

Аурудың екінші күнінде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған студентте дәрігер жұқпалы мононуклеоздың болуына күдіктенді. Қандай зертханалық зерттеу тәсілі науқастың диагнозын нақтылай алады?
+Эпстайн-Барр вирусына қарсы IgM антиденесін анықтау
Цитомегаловирусқа қарсы антиденені анықтау
Жел шешек вирусын анықтау
Эпстайна-Барр вирусына қарсы антидене титрінің 4 есе артуын анықтау
Қарапайым ұшық вирусына IgM – антиденені анықтау

Ауруханаға дене температурасының жоғарылауына, лимфа түйіндерінің ұлғаюына, бөртпелерге шағымданған бала түсті. Дәрігер алынған қан талдауында моноциттердің, атипті лимфоциттердің жоғарылағанын анықтап «жұқпалы мононуклеозға» күдіктенді. Ауруды қандай вирус туындатқан?
+Эпстайн-Барр вирусы
Цитомегаловирус
Желшешек вирусы
Поксвирус
АИВ

Науқас 3-жастағы бала, ұзақ уақыттан бері дене қызуын жоғары болған, лимфа түйіндері ұлғайған, қанда лимфоциттер деңгейі айқын жоғарылаған. ИФТ көмегімен вирусолог Эпстайн-Барр вирусын тапты. Науқасқа сіз қандай диагноз қоясыз?
+Жұқпалы мононуклеоз
Бёркит лимфомасы
Ұшықтық аденопатия
Herpes-zoster туындатқан жайылмалы инфекция
Цитомегаловирусты инфекция

Жұқпалы мононуклеозбен ауыратын науқастан Эпштейн-Барр вирусының антигеніне қарсы антидене табылды. Осы қоздырғыштың кең таралған жұғу жолы қандай?
+Ауа-тамшылы
Алиментарлы
Контактылы
Жыныстық
Парентералды
Саңыруқұлақтар қандай патшалыққа жатады:
+эукариот
прокариот
бактерия
қарапайымдылар
вирустар


Саңырауқұлақтардың негізгі құрылымдық компоненттін атаңыз:
+мицелия
капсула
спора
конидия
стеригма


Микроскопиялық саңырауқұлақтар көбейеді:
+спора түзумен
дизьюнктивті жолмен
бинарлы бөліну
конъюгация
репликация


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет