Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


» Артқы жағындағы үстіңгі қабатының тозуы



Pdf көрінісі
бет217/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Артқы жағындағы үстіңгі қабатының тозуы: барлық ақау ішінде артқы жағындағы үстіңгі 
қабатының тозуы тәуірлеу деп есептелінеді, себебі ол болжамды және басқаларына 
қарағанда құралдың жарамдылық мерзімін барынша арттырады. Дегенмен де егер құралдар 
тым тез тозып жатса, анағұрлым берік түріне алмастырып көріңіз, кесудің жылдамдығын 
азайтыңыз және суытқыш сұйықтықтың көлемі жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз (ол кесу 
аймағына бағытталуы тиіс).
» Кертіктер: анағұрлым дәлірек атауы ‒ «кесу сызығының түбіндегі кертік», оларды
сәйкестендіру оңай, кесу тереңдігі 1/4 дюйм болғанда кесу жиегінен шамамен 1/4 дюйм 
жерде шамалы кертік болады. Автокөлікті жанармай бекетіне қарай итергенде оның 
артқы тірегінде болатын еңкіштікпен бірдей құрал еңкіштігінің бұрышын ұлғайту тиімді
шешім болып табылады. 
» Пластикалық пішінсіздену: кейбір материлдар кесуге тым қатты болып келеді. Егер 
себеп осы болса, құрал майысады және тым қатты қызып кетудің салдарынан пішінін 
өзгертеді. Беріктеу түрін таңдап көріңіз немесе кесу және/немесе беріліс жылдамдығын 
азайтыңыз.
» Термиялық шытынау: әдетте фрезерлік операция кезінде термиялық шытынау 
жамдар кесу аймағына енгенде немесе кесу аймағынан шыққанда олардың тым қатты 
қызуынан не салқындауынан болады, бұл жаздың ыстық күнінде себезгінің астында 
жүгіргенмен бірдей. Майлағыш-салқындатқыш сұйықтықтың көлемін ұлғайтып (құю 
саңылауын батырыңыз) немесе оны толығымен өшіріп көріңіз.


222 
Тоқтап қалудың түрлі режимдерін көрсететін суреттерді қоюға менде орын болмады, 
бірақ сз көптеген мысалдарды ғаламтордан немесе құралдар каталогынан көре аласыз. Сіздің 
құралдарыңыздың не туралы «айтып жатқанын» түсіну үшін оларды мұқият зерттеңіз, бұл 
сіздің цехыңыздың өнімділігі мен табыстылығына ықпал етеді.
Сондай-ақ, бөлшектің өзін де бақылаңыз, кірленген, тегіс емес немесе бұдырлы үстіңгі 
қабаттар бірдеменің дұрыс еместігін көрсетеді. Қатты қылаулар құралды алмастыру қажеттігін 
көрсететін белгі болып табылады. Былқылдақтық бекітудің берік еместігін немесе құралдың 
және/немесе бөлшектің тым қатты ауып кетуін көрсетеді.
Ақырында, алынған жоңқаларға қараңыз. Олар қысқа және дұрыс қалыптасқан болуы 
тиіс, дұрысы ‒ С және 9 пішінінде болғаны. Жыртылған жиектер құрал жүзінің өтпей қалғанын 
немесе жоңқа сындырғыштың берілістің берілген жылдамдығы үшін «тым өтпейтінін» 
білдіреді. Ұзын талшықты жоңқалар беріліс жылдамдығын арттыру арқылы жақсы алынады, 
бірақ бұл өз алдына кертікті немесе артқы жағының үстіңгі қабатының тозуын туындатуы 
мүмкін. Бұл тұста аса епті теңгерім қажет, алайда сіз табысты оператор боламын десеңіз оны 
меңгеруіңіз тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет