Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет221/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Нөлдік қате қағидасы 
Бұл ‒ тамырын үнемді өндірісте жайған жапондық термин. Қағида қателер
қайталануының алдын алады. Өкінішке орай, ол әзірше сүтті қайтадан тоңазытқышқа қою
немесе жылдамдықты сағатына 10 мильге арттыру және сол үшін айыппұл төлеу секілді 
(кешірім өтінемін, бірақ бұл солай) күнделікті қателерді жоймайды. Алайда цехтың ішіндегі 
қателердің алдын алу тәсілдері көп. Бекіткіштер бөлшектерді бір тәсілмен ғана бекіту мүмкін 
болатындай етіп ойластырылуы тиіс. Егер атауыздар тартылмаған немесе тұғырық 
орнатылмаған болса, онда білдек іске қосылмауы үшін релені орнатуға болады. Түстік 
кодталуы бар сомын кілттері және олармен түйісетін бекіткіштер кездейсоқ түсіп кетуден 
сақтайды. Жадбықтың айналасындағы және өтудің төменгі жағындағы сары таспаның өзі 
апаттық жағдайдың алдын алуы мүмкін осы қағиданың пішіні болып табылады. Үнемді 
өндірістен қосымша нұсқаулық алу үшін 16-тарауды қараңыз.
Сауданы дұрыс жасаймыз 
Адамдар саудаласқанды ұнатады, әсіресе олардың келесі бонусы немесе пайдасы 
олардың компания үшін қанша ақша үнемдегіне келіп тірелетін болғанда, бұл әдетте 
механикалық цехтарда жұмыс істейтін сатып алушылармен болатын жағдай (сіз кім туралы 
айтып отырғанымды білесіз). Мәселенің мәні сапасына қарап емес, бағасына қарап сауда 
жасаудың (сәйкессіздік) өндірістік үдерістерге кері әсерін тигізуі мүмкіндігінде. Кәдімгі
ұзындығымен ½ дюймдық, 2 жырашықты, қатты қорытпалы ұштық фрезалардың ең арзанын 
іздемеңіз, өткен жолы сатып алғаныңызды алыңыз (олар жақсы жұмыс істеген жағдайда). Егер 
олай етпесеңіз, осы анағұрлым арзан кескіш компанияның бірнеше мыңын жоғалттыруы 
мүмкін.
Бұл «металдың құндылығы» халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, алайда 
былтыр сатып алынған премиум-кластық материалдармен салыстырғанда залал шектіруі 
әбден мүмкін металдарға да қатысты. Арзан металл ақаулы қосылуларға бейім келеді 
(«кірлеу»), ішкі қатты қысымға, нашар өңдеу қабілетіне және материал кесуге көп уақыт 
жұмсайтын басқа да жағымсыз қасиеттерге ие. Әрине, әркім мүмкіндігінше үнемдеуге 
тырысуы тиіс (әсіресе, жұмысы күні бойы ақша жарату болып табылатындар), бірақ осы 
орайда мәселені тұтасынан алып қарау маңызды.


226 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет