Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет231/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Орынды үнемдеу: жолда жүру чектерін, жөнелту туралы түбіртекті, төлемшот 
көшірмелерін және т.б. сақтайтын кез келген адам олардың көп орын алатынын біледі. Ал 
осы қорапшалардың ішінен бірнәрсені тауып алу керек болса ше? Сәттілік тілеймін. Сіз 
құпиясөзді білетіндер үшін ғана қолжетімді қатты дискіде (немесе бұлтта) сақталатын барлық 
маңызды құжаттарыңыздың сканерленген көшірмелеріне ие болғыңыз келмейді ме?
» Шығынды үнемдеу: бұл ‒ маңызды сәт. Қағаз ақша тұрады. Бұл тек акрлармен 
өлшенетін кесілген ағаштың төленген құны ғана емес, сондай-ақ қалдықтарды жою мен 
парақтарды кесуге шығатын шығынды былай қойғанда, принтерлерге, тонері бар
картридждерге және осылардың барлығын басқаратын ІТ-мамандарға төленетін де ақша. 
Электронды сақтағыш тегін емес делік, алайда ол қағаз баламасына қарағанда анағұрлым 
арзан.
Егер сіз қазір қағазсыз өндірістің артықшылықтарына бас иген болсаңыз, бірақ, шын 
мәнінде, оған қалай қол жеткізуге болатынын білмесеңіз, онда бұл сіз ойлағанға қарағанда 
жеңілірек (алайда бастапқы бір шығындар болуы мүмкін). Көзге көрініп тұрған нәрсені 
растаудан бастайық, барлығына да компьютер, ноутбук және планшет қажет болады. Мүмкін 
өзіңіздің жекешеңіз емес шығар, алайда әркімнің оған қолжетімдігі болуы сөзсіз.
Компьютерден басқа сізге сымсыз ғаламтор да қажет болады. Жергілікті дүкеннен бір-
екі роутерді 50 доллардан сатып алып ‒ оған үнемдеудің қажеті жоқ, егер сіз нашар «Wi-Fi» 
дабылын пайдаланатын болсаңыз, сіздің жаңа қағазсыз өндіріс жобаңызды жоққа шығарудың 
бұдан асқан жылдам тәсілі болмайды ‒ сенімді сымсыз желіні орнату үшін өз ісінің маманына 
жүгініңіз.


236 
Сізге құжаттардың сканері қажет болады, әсіресе материалдарды жеткізу мен қабылдау 
аймағында. Сізге құжаттардың тасымалданатын форматын (PDF) немесе баламалы 
файлдарды жасау үшін қандай да бір жаңа бағдарламалық жасақтама қажет болуы мүмкін. 
Сізге, бәлкім, желі үшін, мүмкін кәсіпорынның қорларын жоспарлау жүйеңіз (КҚЖ ) үшін
немесе өнімдер туралы мәліметтерді басқару (PDM) үшін пайдаланушыларға арналған
олардың барлығын қай жерде сақтайтыныңызға байланысты жаңа есептік жазбалар қажет 
болар.
Сізге машықтанудың қажет болары да анық. Екінің бірі сіз бен мен секілді компьютер
мамандары емес, сіздің персоналыңызды «иә, мен түсіндім, енді жұмысыма оралуға рұқсат 
етіңіз» деген қолхатымен қарқынды түрде оқытпаған жағдайда, топтың ішіндегі кейбіреулер
техниканы қатардан шығарудың тәсілін табады.
Осының бәрін тындырған соң принтерлерден құтылыңыз, себебі қағазсыз өмір сүре 
алмайтын қандай да бір дөңмойындар табылуы мүмкін. Принтерлерді алып тастау кез келген 
азғыруды болдырмайды. Бұл сондай-ақ ІТ бюджеттің шығынын азайтады (ІТ-менеджердің 
келіспеуі мүмкін, бірақ бұл ‒ шындық). Қорқынышты болып естіледі ме? Мүмкін солай да 
болар, алайда барлығы СББ алғашқы білдегі де қорқынышты болған деседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет