139
Сенімдісіз бе? Телефонның тұтқасын көтермей тұрып, осы мәселелер туралы ойланып
алыңыз:
»
Түйіспесіздерге қарсы түйісу ме? Құралдың
кесу жиегін табуға арналған
циферблатты индикаторы бар құралды алдын ала баптау қондырғылардың шығыны азырақ,
бірақ техникалық байқаудың дербес жүйелерімен жабдықталғандарға қарағанда олардың
дәлдігі де төмендеу және шағын әрі осал құралдар үшін жарамсыз.
»
Құралды баптау үшін қандай дәлдік талап етіледі? Құралды алдын ала баптау
қондырғысы сіздің бөлшектеріңізге қарағанда он есе дәлірек болуы тиіс. Егер сізге +/- 0,002
дюйм шақтамасы бар дәлсіздікті күні бойы ұстап тұру қажет болса, онда сіз, бәлкім, визуалды
бақылау мәліметтерін өңдеудің анағұрлым ілгерінді жүйесін қарап отырған шығарсыз.
»
Оны қайда орналастырмақшысыз? Кейбір цехтар алдын ала баптау қондырғыларын
аспаптық қоймада ұстайды және қызмет көрсетуші персоналға құралды баптауды тапсырады.
Басқалар алдын ала баптау қондырғыларын бүкіл цех бойына орта кездеріне орналастырады
және өз құралдарын өздері орнатуына рұқсат береді. Сіз үшін қай тәсіл тиімді болады?
»
Сіз білдекке құрал алу үшін ақпаратты қайдан аласыз? Анағұрлым күштірек
жүйелер СББ білдектеріне жылжу деңгейлерін автоматты түрде беруді қаматамасыз етеді, ал
басқалары жылжу деңгейлерін жазып алуды және оларды қолмен енгізуді талап етеді, бірақ
есіңізде болсын, бұрыс мәліметтерді енгізген бір күніңіз бір
жыл бойы жасалған алдын ала
баптаудың барлық артықшылықтарын оп-оңай жойып жіберуі мүмкін.
»
Сіз күніне қанша құралды орнатасыз? Егер ол жүздеген болса, онда сіз, шынымен
де, шарықтарды айналдырып, батырмаларды басып отырғыңыз келеді ме? Абзалы алдын ала
баптаудың автоматтандырылған қондырғысын қарау болады.
»
Сіз нені баптап жатырсыз? Фрезерлік-жону білдектері, 50 конусы бар көп мақсатты
білдек орталықтары, 20 конустық бұрғылау білдектері ше?
Сіз алдымыздағы бесжылдықта
осы машиналардың бірін иеленгіңіз келеді ме? Әрбір адамға алдын ала баптаудың өзіндік
бейімдегіші қажет болады.
Көбіне офф-лайн режимінде алдын ала баптау жону білдегіне қарағанда көп
мақсатты білдек орталығы үшін аса қымбатқа түспейді. Оның себебі неде?
Фрезер құралын ұстағыштар өз алдына тез алмастырылатын болғандықтан,
сіз оларды әткеншек тәрізді білдектің сүмбісіне немесе конвейерлік жүйесіне
шамамен екі секундта сала аласыз, ал стандартты жону білдегін алмастыру
үшін цанганың бірнеше бұрандасы мен бұрамаларын босату немесе қатайту
қажет болады (ол туралы мен 7-тарауда айтамын).
Достарыңызбен бөлісу: