Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет179/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Координаттарды үйлестіру 
Бәлкім, сізді қазір X, Y және Z туралы сұрақ мазалап отырған шығар. Бұл білдектің 
белағаштары және барлық СББ білдегінің құралдары білдекке қай бағытта, қаншалықты 
алысқа және, әрине, қаншалықты жылдам қозғалу қажеттігін айтатын құралдар болып 
табылады. Бұл Декарттық координаттар жүйесі (11-1-суретті қараңыз) барлық дерлік 
білдектер үшін стандартты координаттар жүйесі болып табылады (дегенмен көбі полярлық 
позициялауды пайдалануы мүмкін, ол бұрандалық саңылаулар жүйесі мен бөлшектердің 
цилиндрлік қасиеттері секілді дүниелер үшін өте қолайлы). 
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 


180 
«Хаас Аутомэйшн, Инк. (Haas 
Automation Inc.)» рұқсатымен
400 
жылдық 
декарттық 
координаттар 
жүйесін 
бейнелейтін, барлық дерлік СББ 
білдектерінде пайдаланылатын
кәдімгі үш білікті көп мақсатты
білдек. 
Кем дегенде бірнеше машинист геометрия сабағында мызғып алғанымен, олардың көбі
декарттық координаттар жүйесімен таныс. Оны ойлап тапқан Рене Декарт төрт ғасыр бұрын 
дерлік баламалы кеңістік болмысына көшкен, алайда бізді тастап кетуден бұрын үшөлшемді 
кеңістіктің кез келген нүктесі өзі X, Y және Z біліктері деп атаған үш перпендикулярлы
жазықтық қиылысының қашықтығымен және бағытымен анықталуы мүмкін жүйені сипаттаған.
Француз ғалымы ұсынған «әріптер» сіңісіп кетті. Екі білікті жону білдегінің операторы 
бүгінгі таңда Х бағдарлама білігінің мәнін өзгерте отырып немесе Х білігінің құрал жылжытуына 
түзетулер жасай отырып, бөлшектің диаметріне өзгерістерді енгізеді (жылжытулар туралы 
мен осы тарауда кейінірек айтатын боламын). Бөлшекті қысқарту немесе созу мүмкін, не 
саңылаулардың тереңдігі Z білігінің жылжытуын өзгерту арқылы я болмаса оның 
бағдарламаланған мәндерін ретке келтіру арқылы мүмкін болады және үш білікті білдекпен 
жұмыс істейтін қайсыбір адам бөлшектің ұзындығы мен ені туралы оның Х білігінің және Y 
білігінің мәндері тұрғысынан ойлауы мүмкін; оның қалыңдығы мен саңылаулар Z білігімен 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет